Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет179/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

446

ретінде  анамыз  мұндай  кесір  мінезден  ада  болған. 



Оның  нақты  мысалдары  да  бар.  мәселен,  аяттар 

түсіп,  күнәдан  таза  екені  белгілі  болғанда  анамыз 

мұнафықтардың сөзіне еріп, жалаға қосылғаны үшін 

жазаға  тартылған  Хассан  ибн  сабитпен  кейіннен 

жауласпаған.  Тіпті,  жауласу  былай  тұрсын,  Хассан 

ибн сабитті қорғаған. Хазірет Хассанды жамандаған 

біреудің сөзін естігенде, өткір өлеңдерімен алла ра-

сулын қорғаған бұл сахабаны жамандамауды ескерт-

кен

808


анамыздың  осындай  қасиетін  көрсететін  мы-

салдар  әрине  мұнымен  шектелмейді.  Өз  бауырын

809


 

шейіт еткендерге көрсеткен мінезі де айрықша назар 

аударады. Өзіне келген абдуррахман ибн шумасаға 

сұрақтар  қойды.  Халифа  ретінде  хазірет  мұғауияға 

риза  екендігін  көргенде,  «Бауырым  мұхаммед  ибн 

Әбу  Бәкірге  жасаған  жамандығына  бола  естіген 

хадисімді  саған  айтпай  қоймаймын»  деп,  өзіне 

қарасты жұрт ризалық танытқан басшылар үшін ра-

сулалладан естіген қуанышты хабарды жеткізді

810


Бауырын  шейіт  етіп,  ауыр  азап  шектірген 

адамдарға  кек  сақтамаған  анамыздың  алла  елшісі 

жақсы көрген хазірет Әлиге кектенуі мүмкін емес. 

Жәмәл  оқиғасынан  кейінгі  жиындарда  хазірет 

Әлиге  жақындығына  бола  жеті  жолдасымен  бірге 

808

 Бұхари,  мағази  32  (3914),  Әдәб  91  (5798),  мәнәқиб  14  (3338), 



мүслим, фадаилус сахаба 156 (2487, 2488), Хаким, мүстадрак 3\555 

(6063)


809

  анамыздың бауыры мұхаммед ибн Әби Бәкір Жәмәл және сыф-

фында хазірет Әлиді жақтаған. 

810


  мүслим, Имара 19 (1828), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\93 (24666), 

нәсәи, әс-сунәнул Кубра 5\275 (8873), Ибн Хиббан, сахих 2\313 (533)




Хазірет Әли және Айша анамыз

447


шейіт  етілген  Хужр  ибн  адый  туралы  хазірет 

мұғауияға хат жазып, бұндай қылмыстарды тоқтату 

үшін  бар  мүмкіндігін  қолданған  да  анамыз  болып 

табылады. Тіпті, ол мұнымен де шектелмей, ашуын 

білдіріп:  «Хужр  мен  жолдастарын  шімірікпей 

өлтіргенде  алладан  қорықпадың  ба?  Хужрға  неге 

жаның ашымады? Одан мейіріміңді неге аяп қалдың?» 

деп, қателігін хазірет мұғауияның бетіне басып айту-

дан да тартынбаған

811


Ең  қиын  сәттерде  анамыздың  хазірет  Әлиді 

қолдағанына куә боламыз

812


. Хазірет Османнан кейін 

халифалық  міндетті  мойнына  сол  ала  алатынын 

айтып, жұртты осыған бағыттаған

813


. Өзіне сұрақ қоя 

келгендерге Әлидің көп білетінін айтып, соның үйіне 

жіберетін

814


Жәмәл  шайқасы  күні  жаны  сыздап  тұрып 

айналасындағыларға былай деген:

–  Балаларым!  Өкінішке  орай,  біріміз  бірімізді 

қинадық, қайғылы оқиғаларды бастан өткердік және 

біраз  шаршадық.  Осы  болған  жағдайларға  байланы-

сты және бұдан кейін де жалған сөздері үшін ешкім 

811


  Әртүрлі риуаяттар біріктіріліп берілген. Бұған қоса, бұл оқиғаның 

айша  анамыз  бен  хазірет  Әли  арасында  болған  айтылатын 

салқындықты  жоққа  шығаратын  мәнге  ие  екенін  тағы  бір  рет 

ескерткен жөн. Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснад 4\92 (16878). 

Қараңыз: Табари, Тарих 3\220, 232, Ибн абдулбәрр, Истиғаб 1\332

812


 Тирмизи,  мәнәқиб  61  (3874),  нәсәи,  Хасаис  35  (8496),  Хаким, 

мүстадрак 3\167 (4731)

813

  Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\545 (37831), Ибн Хажар, фәтхул Бари 



13\57, Тахмаз, әс-сәйидәту айша 121

814


  мүслим, Тахара 85 (276), нәсәи, Тахара 99 (129), Ибн мажә, Та-

хара 6 (552), ахмад ибн Ханбал, мүснад 1\96 (748), абдурраззақ 

мұсаннаф 3\128 (5029), Тахмаз, әс-сәйидәту айша 120





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет