Хазірет айша


ХазІРЕТ ӘЛИ ЖӘнЕ аЙШа анаМыз



Pdf көрінісі
бет177/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
ХазІРЕТ ӘЛИ ЖӘнЕ аЙШа анаМыз

айша  анамызға  қатысты  тағы  бір  деректерде 

оның Әлимен ренжіскені сөз етіледі. Бұл дерек бой-

ынша жала жабу оқиғасында Әлиге ренжіп, өмірінің 

соңына  дейін  сөйлеспеген.  Кейін  Жәмәл  соғысында 

айшаның  Әлиге  қарсы  шығуы  да  сол  бір  кездегі 

реніштің нәтижесі болуы мүмкін. 

Бұған  дәлел  –  пайғамбарымыз  ауырған  кезінде 

жамағатқа  беттеген  кезінде  оны  қолтығынан  деме-

ген екінші адамды айша «тағы бір кісі» деп атаған. 

Бұл дәлелді келтірушілердің пікірінше, ол Әли болуы 

керек.  айша  тарқамаған  ренішімен  оның  есімін  де 

атағысы келмей «тағы бір кісі» дей салған

798


Оқиғаның  анығы  қандай?  шынында  анамыз 

хазірет  Әлиге  ашулы  ма  еді?  анамыздың  жасына 

қатысты  мәселе  секілді  бұл  жерде  де  әртүрлі 

мәліметтер  мен  дәлелдер  бар  ма?  реніш,  ашу,  кек, 

жек көру, өшпенділік секілді жағдайларға кезіккенде 

798

  Бұхари, Уду 44 (195), Жәмаға 11 (634), Хибә 13, мәғази 78 (4178), 



мүслим, салат 91, 92 (418), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\34 (24107), 

абдурраззақ мұсаннаф 5\428 (9754), Ибн сағд, Табақат 2\232




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

442

анамыз  не  істеуші  еді?  Енді  осы  сұрақтарға  жауап 



іздеп көрейік:

Ең  әуелі  осы  оқиғадан  басқа  хазірет  Әли 

мен  анамыздың  арасында  реніш  орын  алғанын 

көрсететіндей өзге дәнеңе жоқ.

Жала  жабу  оқиғасы  кезінде  хазірет  Әли  айтты 

деп берілген сөздердің растығы да күмәнді. Өйткені, 

ол  сөздер  дұрыстығы  жағынан  әлсіз

799


  және  мұндай 

маңызды  мәселе,  әсіресе  басқа  дәлелдер  бола  тұра 

бұндай әлсіз риуаятқа негізделуі мүмкін емес.

аталмыш  оқиғада  «басқа  бір  кісі»  хазірет  Әли 

болуы  мүмкін.  Дегенмен  хадис  ғалымдары  «басқа 

бір кісінің» хазірет Усамә немесе фадл ибн аббас та 

болуы  мүмкін  екенін  айтады

800


.  Тіпті,  кейбіреулер 

бұған Бүрәйрә және нуба деген екі адамды да қосса, 

тағы бір деректерде ол есімі белгісіз бір құл екені де 

айтылады


801

.

Ендеше, бұл жерде екі жағдай бар, біріншісі атал-



мыш оқиға бірнеше рет қайталанған, ал екіншісі бой-

ынша  алла  расулын  ауырған  кезінде  сүйегендердің 

өзгеріп  отырғаны.  Бұл  жерде  өзгермеген  адам 

пайғамбарымыздың  көкесі  хазірет  аббас.  Ол  туыс 

болғандықтан, әрдайым пайғамбарымыздың жанында 

болған. сондықтан алла расулының бір қолтығынан 

әрдайым  сол  сүйеген.  ал  екінші  қолтығынан 

сүйегендер хазірет Үсама, Әли, фадл, Бурәйрә, нуба 

және аты аталмаған әлдебір құл болған

802


799


  Ибн Хиббан, сахих 10\13, 16\13, Әбу яғлә, мүснад 8\322, 339

800


  айни, Умдәтул Қари3\92, 5\188, Ибн Хажар, фәтхул бари 1\263, 8\141

801


  Ибн Хажар, фәтхул бари 8\141, айни, Умдатул қари92, 5\188

802


  айни, Умдатул қари 3\92, 5\188, нәуәуи, шарху мүслим 4\137, 138, 

Ибн Хажар, фәтхул бари 8\141




Хазірет Әли және Айша анамыз

443


сол  себепті  бір  оқиғаның  ішінде  әрдайым 

ауысып  отырған  бес  кісінің  атын  айтудың  орнына 

анамыз бәрін бірден меңзеп, алла расулының екінші 

қолтығынан сүйегендердің барлығын «тағы бір кісі» 

деп  сипаттаған.  мұнда  аты  айтылмаған  тек  хазірет 

Әли  емес,  сонымен  қатар,  хазірет  Усама,  фадл, 

Бурәйра, нуба және аты белгісіз бір құл. анамыздың 

бұл  бес  кісі  және  хазірет  Әли  жайында  ешқандай 

жаман ойы болмаған. 

Жала  жабу  оқиғасы  кезінде  хазірет  Әли  «Уа, 

расулалла!  Бұлай  қатты  ренжіп,  теріс  айналма! 

алла  сені  бұдан  да  ауыр  азаптан  сақтасын!  Одан 

басқа да қаншама әйел бар. мына қызметші қыздан 

сұрап көр, міндетті түрде ол да сені растайды» деген 

сөзін  пайғамбарымызды  жұбатқан  «уа,  расулал-

ла  сенің  басыңа  түскен  қиындық  маған  да  түскені» 

деген  мағынаға  саяды.  Бұған  қоса,  сол  күні  хазірет 

Әлидің мәселені хазірет Бәрираға бұруы да анамызды 

жақыннан танитын адам арқылы ақтағысы келгенін 

білдіреді. 

сонымен  қатар,  хазірет  Әли  исламды  ең  жақсы 

білетін  жан  болатын  және  шамамен  бір  айдан  кейін 

түскен  аятта  «Әй,  мүминдер!  Өсекті  естігенде-

ақ  мүмин  ер  кісілер  мен  әйелдер  ретінде  бір-бірің 

туралы  жақсы  ойлап,  «Құдай  сақтасын,  бұл  нағыз 

жала»  деулерің  керек  емес  пе  еді?»  делінеді.  Бұл 

сөздер  мүминнің  негізсіз  жала  жабылғанда  қалай 

әрекет  жасауы  керектігін  айқын  көрсетеді  және 

сол  күні  мыңдаған  сахабалар  осылай  жасағанын 

уақыт көрсетті. Хазірет Әли басқа ойда болды деуге 

ешқандай дәлел жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет