Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет83/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

218

анамыз  жүрумен  қатар  жаладан  оны  ақтағандардың 



басында да сол тұрды

356


Пайғамбарымыздың әйелдерінің арасында болған 

келіспеушіліктердің  түбінде  көбінесе  жақсылықта 

жарысу  бар  еді.  Өйткені,  бірі  жасаған  жақсылық 

не  құлшылықты  басқасы  да  жасағысы  келетін. 

Құлшылық  жасағысы  келгенде  мешітке  бір  шатыр 

құрылып, алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

рамазанның  соңғы  он  күнін  осы  шатырда  өткізетін. 

Бір  жолы  мешіттің  ауласында  айша  анамызға  да 

шатыр тігілді. Демек, рұқсат деген сөз. Іле басқа ана-

ларымыз да осындай талап қойды. Әуелі, Хафса келіп, 

айша анамыздан рұқсат сұрап, өзіне шатыр тіккізді. 

Оның  артынша  Зейнеп  те  өзіне  шатыр  тігілгенін 

сұрады. Таң атып, ауланың шатырға толып кеткенін 

көрген алла елшісі:

–  Бұларың не? – деп сұрады.

аналарымыз 

пайғамбарымызға 

біртіндеп 

жағдайды түсіндіреді. алайда, алла елшісі мазасыз-

данып:

–  сонда  дұрыс  істедік  деп  ойлайсыңдар  ма?  – 



деді.

Бәсекелестік  шыққан  жерде  ғибадатта  қайдан 

ләззат  болсын.  Пайғамбарымыз  дереу  шатырларды 

жыққызды, өзі жарты құлшылығын шәууәл айында 

аяқтады

357


356


 Қараңыз:  Бұхари,  Тәфсир  18  (4473,  4479);  шаһадат  15  (2518); 

мүслим, Тәубе, 56 (2770)

357

  Бұхари, Иғтикаф 6 (1928); мүслим, Иғтикаф 2 (1173); ахмад ибн 



Ханбал, мүснәд 6\84 (24588)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

219


Бірде  жорықтардың  бірінде  жеребе  Зейнеп  пен 

сафия анамызға түсіп, екеуі бірге шығады. Жол ұзақ. 

ауыр  жүрістен  сафияның  мінген  түйесі  болдырып, 

жүре алмай қалады. ал, Зейнеп анамыздың жетегінде 

артық түйе бар еді. Жағдайды білген пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Зейнепке қарап:

–  сафияның түйесі болдырып қалды, жетегіңдегі 

түйеңді  бер,  –  деді.  сол  күнге  дейін  мұсылмандар 

Бәни  Қайнуқа,  Бәни  надыр,  Бәни  Құрайза,  Хайбар, 

Уадил  Қура  сынды  иудей  тайпалардан  көп  теперіш 

көрген  болатын.  Әсіресе,  сафияның  әкесі  Хуай  ибн 

ахтаб мұсылмандарға қарсы одақты басқарған адам 

еді. мәдинада олардың қиянатына куә болмаған жан 

жоқ.  Қысқаша  айтқанда,  иудейлерді  ұнатпайтынын 

жасырып қала алмай:

–  Түйемді мына иудейге бер дейсіз бе? – деді.

Бұл  алла  елшісін  ренжітетін  сөз  еді.  Қандай 

себеппен  болса  да,  мұндай  сөзге  бұдан  кейін  ерік 

берілмеуі  керек.  сондықтан  Зейнепке  қатаң  ескер-

ту  жасап,  екі-үш  ай  бойы енді оған жоламайтынын 

білдірді.

Бұны  естігенде  Зейнеп  анамыздың  да  жан-

дүниесінің астаң-кестеңі шықты. алланың елшісінен 

жырақтап қалғанына өкінді. Кешірім тілеп, бұрынғы 

күнімді келтір деп дұға етті. мерзім осынша ұзаған 

соң  ажырасқаны  шығар  деп  ойлады,  тіпті  төсек- 

орнын  да  жинай  бастады.  соңғы  үмітпен  айша 

анамызға барып, алланың елшісіне жолығуын өтінді.

Дұрысы  да  осы  еді.  Өйткені,  айша  анамыз 

араласқан  ісінен  нәтиже  шығаратын.  расында  да 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

220

барып  сөйлескеннен  кейін  пайғамбарымыз  райынан 



қайтты. 

сөйтіп,  Зейнеп  анамыз  кешірімге  қол  жеткізді. 

Осылайша, ең ауыр азапты күндер де аяқталды. алла 

елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтадан үйіне 

ерекше жарық ала келгендей болды

358


. Зейнеп анамыз 

жіберген қателігін түсініп, енді ондай қылығын сап 

тыйды. 

алланың  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

үшін алатын орны айрықша болса да Зейнепті (р.а.) 

мақтап айша (р.а.) былай деді:

–  мен  дәл  Зейнептей  дінге  берілген  адам 

көрмедім.  Ол  тақуалыққа  мұқият  қарайтын,  ал-

ладан  қатты  қорқатын.  Жақындарына  қарасып, 

садақа беруде алдына жан салмайтын. Көмек беруге 

дайын  тұратын.  аллаға  ең  жақынымыз  еді.  Бір 

айырмашылығы,  табиғатындағы  қызбалығынан  тез 

ашуланатын, алайда қайтуы да тез болатын

359


Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

бір күні оларға:

358


  Қараңыз: Әбу Дәуіт, сүнән 4 (4602); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 

6\131 (25046), 6\261 (26293); Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 4\323; Та-

барани, әл-мұғжамул әбсәт 3\99 (2609), әл-мұғжамул кәбир 24\71 

(188). айша анамыздың араласқан адамы сафия анамыз болғаны ту-

ралы да айтылады. Тіпті, бұл мәліметте осылай делдалдық жасағаны 

үшін расулаллаға тән өзінің күнін айша анамызға берген. Бір-біріне 

ұқсайтын осы оқиға екі анамызда да болған болуы мүмкін, екеуінде 

де делдал болып араға айша анамыз араласса керек. Қараңыз: ах-

мад ибн Ханбал, мүснәд ; нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\300 (8923)

359


  мүслим, фадаилус сахаба 83 (2452); нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944); 

нәсәи,  әс-сунанул  кубра  5\281  (8892);  Табарани,  әл-мұғжамул 

әбсәт 9\88 (9211); Байһақи, сүнән 7\299 (14526) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет