Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет37/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

97

адамның жанында кетіп барады, ал мен ештеңе істей 



алар емеспін

132


.

айша  үшін  жан  жары  хазірет  Жүсіптен  де 

көркем еді. Хазірет Жүсіпті көрген әйелдер қолдарын 

байқамай  пышақпен  кесіп  алғаны  бар.  айша 

анамыздың айтуынша, ол әйелдер пайғамбарымызды 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсе, қолдарын кесу 

былай  тұрсын,  сол  пышақтарын  кеуделеріне  қадап 

алар еді


133

.

Осы  бір  айрандай  ұйып  отырған  жанұяда  бұл 



сүйіспеншілікке  ақау  түсіретін  титтей  нәрсе  болған 

жоқ.  Керісінше,  уақыт  өткен  сайын  бұл  бір-біріне 

соншалықты  бауыр  басып,  болып  жатқан  әрбір 

оқиға  олардың  сүйіспеншіліктерін  одан  сайын  арт-

тыра  түсті.  айша  анамыз  да  алла  елшісінің  бұл 

махаббатын  жамандыққа  жорыған  емес.  Ері  де 

жаңа  шара  қолдануды  ойға  алмады.  негізінде 

пайғамбарымыздың  басқа  аналарымызбен  болған 

байланысы  да  осындай  еді.  Қалауларын  айтпастан 

біліп,  талап  етілген  барлық  нәрсе  сол  қалпында 

атқарылатын. сол үшін де бір күні анамыз:

–  расулалла  қолымен  бір  әйелді,  не  бір 

қызметшіні, не басқа біреуді ұрған емес

134


, – деп еске 

алған. 


айша  анамыздың  бұл  сүйіспеншілігі  ері  қайтыс 

болғаннан кейін де жалғасты. Жұпыны өмір кешуден 

танбаған  анамыз  жиі-жиі  үйіне  әлдене  әкелгісі  кел-

132


  Бұхари, никах 96 (4913); мүслим, фадаилус сахаба 88 (2445)

133


  Оның бұл сезімдері туралы бір ақын өлең жазады. Қараңыз: алуси, 

рухул мағани 13\77; сәләфи, мужамус сәфәр 398; гүлен, Калбин 

Зүмрүт тепелери 1\221

134


  мүслим, фазаил 79. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдәб 4; Ибн мажә, никах 51


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

98

гендерге  қарсылық  танытып,  дүние  нығметтерінен 



барынша  алыс  тұрғысы  келетінін  ісімен  көрсететін. 

алайда,  мүминдердің  анасы  болғандықтан,  жұрт 

оған жақсылық жасауға тырысты. ал, ол болса өзіне 

сыйлыққа берілген және қабылдауға мәжбүр болған 

заттардың барлығын басқа мұқтаж жандарға таратып, 

өзіне ештеңе қалдырмайтын. Өзіне сыйлықтар алғаш 

келген кездері оларды иесіне кері қайтарғысы келетін, 

алайда алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

естіген бір сөзі оны бұл әрекеттен тоқтатты. сол сөзге 

қарсы  келмеу  үшін  өзіне  берілген  сыйлықты  алуға 

мәжбүр болатын. 

Бір  күні  жанына  абдулла  ибн  Әмірдің  елшісі 

келіп,  сыйлық  ретінде  анамызға  тағамдар  мен  киім 

әкелді. айша анамыз қарсылық білдіріп: 

–  Балам, мен ешкімнен ештеңе алмаймын, – деп, 

сыйлығын алмай кері қайтарды. 

аңқылдап жеткен елшінің көңілі су сепкендей ба-

сылды. Қандай да бір сыйлық әкелген болса, оларды 

анамызға  ұсынып  жатқан  кезде  бейне  бір  алланың 

елшісіне беріп жатқандай күй кешіп, өздеріне бұлайша 

сыйлық беруді міндет деп білетін. Және де олардың да 

анасы болғандықтан, қандай да бір қажетіне жаратар 

деп ойлаған еді. Бірақ, айша анамыздың да шешіміне 

құрметпен қарауы керек. Қожайынына не айтатынын 

ойлап, шарасыз түрде кері қайтты. 

Осы  кезде  анамыз  ойланып,  жасаған  бұл  ісінің 

алла елшісіне қарсылыққа жатпай ма деп уайымдап, 

қасындағыларға:

–  Әлгі кісіні шақырыңдар! – деді. 



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

99

Ол  кісі  таңырқаған  кейіпте  айша  анамыздың 



алдына қайта келді. 

айша анамыздың бағанағы ашуы басылыпты. 

–  алла елшісінің маған айтқаны есіме түсті. Бір 

күні  маған



  «Айша,  саған  біреу  бір  нәрсе  берсе,  оны 

кері қайтарма, ал! Өйткені, ол Алланың саған берген 

ризығы»

135


 деген еді.

мұны  естігенде  елшінің  жүзі  жадырап,  әкелген 

сый-сияпатын қабыл алғанына қуанып, еліне қайтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет