Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
125
–
Көрдің бе, әкеңнің ашуынан сені қалай құтқарып
қалдым?
193
– деді.
сол күні хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ол жерден ренжіп
шыққанмен біраздан соң қызының үйіне қайта соқты.
Бірақ, бұл жолы көңілді көрінсе тап келді. расулалла
мен айша анамыз оны күлімдеп қарсы алды.
Хазірет Әбу Бәкір де сөз түсінетін. Өзінен кейін
жағдайдың қалай жылы шешілгенін шамалады,
бірақ мұны өздерінен естігісі келді. сол себептен
күлімсіреп:
–
Әуелгі реніштеріңе мені ортақ еткендерің
секілді қуаныштарыңды да менімен бөліссеңдерші!
194
– деді.
Кейде аналарымыздың арасында да реніштер
кездесетін. мұндай жағдайда да алла елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араға кіріп, оларды
әзілмен жарастыратын. Кейде әйелдер мәселесі сөзден
асып, өзара шабуылға да ұласатын.
Бір күні айша анамыз сүт қосып, ұннан тамақ
пісіріп, сүйікті жарының алдына қойды. сол жерде
болғандықтан, сәуда анамызды да тамаққа шақырды.
алайда, ол тартынды. сонда айша анамыз:
– не келіп мына тамақтан жейсің немесе тамақты
бетіңе аударамын, – деді. Жауап тағы да оң болма-
ды. Бәлкім, бақталастар арасында кездесетін жағдай
шығар. Демек, көңілсіздігін кетіріп сәуданың көңілін
193
Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\139 (8495);
5\365 (9155)
194
Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\139 (8495),
5\365 (9155)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
126
аулау керек. сол-ақ екен айша қолына алған тамақты
сәуда анамыздың бетіне шашып жіберді.
Әйелдерінің арасында кейде болып тұратын
реніштерді кетіруі үшін расулалла мұны келісімге
себеп етті. Тамақты қолына алып, сәуда анамызға
беріп тұрып:
– сен де оған солай жаса, – деді.
Бұны естіп сәуда да айшаның (р.а.) бетіне тамақ
шашты. Құдды бір кішкентай балалар секілді күлкілі
жағдай орын алып, пайғамбарымыздың жүзінен
күлімсірегені байқалды.
Осы кезде сырттан хазірет Омардың гүрілдеген
дауысы естілді:
– абдулла! Әй, абдулла! – деп баласын шақырып
жүр екен.
мешітке жақындаған Омар (р.а.) расулға соқпай
кетпейтін. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның ішке кіретінін ойлап, дереу аналарымызға:
– Қане, тұрып, беті-қолдарыңды жуыңдар, – деді.
Әзіл де болса әр оқиға бір ақиқатты көрсететін.
Демек, отбасы ішінде болған жағдайларды сырттан
үшінші адамның білгені дұрыс емес. Оның үстіне,
хазірет Омардың орны айрықша. анамыз бұдан бір
қорытынды шығарып, былай деді:
– Омар келердегі расулалланың әрекетін
көрген сол күннен бастап мен Омардың айбатынан
сескенетінмін
195
.
Бұл үйде алла елшісінің ашуланатын кездері де
болып тұратын. Тіпті оған айша анамыз себеп болушы
195
Әбу яғла, мүснәд 7\449; сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сәидату
айша 42, 43
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
127
еді. Бір күні пайғамбарымыз үйге бір тұтқынды алып
келіп, оны айша анамыздың бөлмесіне қалдырып
кетуге мәжбүр болды. Бұл кезде бөлмеде айша анамыз
бірнеше әйелмен сөйлесіп отырған еді. сөзден сөз
туып, біраз уақыт отырған олар тұтқынды ұмытып
кетті. Осы мүмкіндікті пайдаланған тұтқын қашып
кетті.
Біраздан кейін алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) келсе, тұтқын жоқ! Қатты ашуланды. Басқа
жағдайларда адамдарға азаттықтың жолын көрсету
пайғамбарымыздың негізгі қасиеті болуы мүмкін.
алайда, мынадай жау жағадан алып тұрған кезде
тұтқынға адам алудың маңызы зор еді. аманат етіп
қалдырған адамы қашып кеткен соң:
– айша, тұтқын қайда? – деп сұрады. анамыздың
айтатын ештеңесі жоқ абыржыған түрмен:
– Әйелдермен отырып әңгімеге беріліп кетіппін,
– деді күмілжіп. Тамаша мүмкіндіктен айрылған
пайғамбарымыз:
– Қап, сені ме? Әй, қолың сынғыр!
196
– деді.
Бұл реніш айша анамыздың өкінуіне жеткілікті
еді. Қандай шартта болса да аманатқа қарай білуі тиіс
еді. алайда, бір жолға болары болды.
расулалла дереу сыртқа шығып, тұтқынның қашып
кеткенін хабарлады. арада біршама уақыт өткенде
тұтқын табылды. Біраздан кейін пайғамбарымыз
үйіне қайта келді. Бұл кезде айша анамыз екі қолын
кері айналдырып, «қолың сыңғыр» дегенге қолына
196
Бұл жерде айтылған сөз «Қолдарыңның бірі немесе екеуін де алла
жұлып алсын» деген мағынаға да келеді.
|