Хб-21к тобының студенті – Толегенова Мадинаның философия пәнінен бақылау жұмысы 1



бет2/7
Дата31.01.2023
өлшемі39,73 Kb.
#166953
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
философия сроп 15 неделя

Мифологиялық дүниетаным

Діни дүниетаным

дүние туралы реалды түсінікпен қатар, фантастика, әрі қиялдын қосындысынан тұратын дүниетаным түрі.

Жарататын күштерді мойындайтын, сенімге негізделген өмір мен қоршаған ортаны басқаруға мүмкіндік береді. дін жердегі және қасиетті нәрселерді «араластырмайды», бірақ оларды терең және қайтымсыз түрде екі қарама-қарсы полюске бөледі.



6. Қайта өрлеу философиясы бағыттары – пантеизм, натурафилософия,гуманизм
Пантеизм – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім.Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.
Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.
7. Макиавеллидін қағидасына келетін болсақ, Макиавелли адамның бастапқыда зұлым табиғаты бар деп санайды, ал оның іс-әрекеттерінің қозғаушы себептері-эгоизм және жеке пайдаға ұмтылу.
Мен Макиавелли қағидасымен бір жағынан келісемін. Адамдар шынымен де қанша өздерін жақсы деп есептемесе, алдымен өз қамын ойлайды, жеке пайдасына ұмтылады.
Бірақ екінші жағынан, бұл өмір салты әл-Фарабидің надан қала тұрғындарына ұқсайды. Адамдар жеке пайданы ойлағанда, ешқашан бақытты болмайды.
8. Антропоцентризм – негізгі мәселесі адам болып табылатын көзқарас. Принципі – барлық нәрсенің өлшемі ретінде адам қарастырылады.
Гуманизм – адамды бірінші орынға қоятын, тұлғаны жоғары құндылық ретінде қарастыратын , адами қасиеттерді, даралықты дәріптейтін дүниетаным принципі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет