Позитивизмнің төртінші кезеңі постпозитивизм (К.Поппер,И.Лакатос,Т.Кун,, П.Фейерабенд және т.б.). Карл Поппер- постпозитивизмнің (критикалық рационализм) негізін салушы- философия мен ғылымдар арасына демаркациялық сызық жүргізеді.Ол философия методологияның мәселелерімен кең шұғылдануы тиіс және метафизиканың өзінше бір реабилитациясын жүзеге асыруы керек деп есептейді.Ғылым методологиясын өндіруде ХХғ.Т.Кун,И.Лакатос,П,Фейерабенд маңызды орын алады.Олар ғылымның қоғам дамуында алатын орны мен ғылыми көтерілістердің мазмұны мен құрылымында алатын орнына назар аударды.