Ииирационализм- - табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық, қисынды байланысты жоққа шығарды. Иррационализм бағыттары: - Өмір философиясы;
- Феноменология;
- Психоанализ.
Феноменология Э.Гуссерль(1859-1938жж.) номенологияны мағынаның бейнеленуіне негізделген ғылым деп есептейді. Ол сананы (сознание) жалғыз ақиқат деп санайды.
Освальд Шпенглер- (29.05.1880-8.05.1936)- Нобель сыйлығының иегері, атақты екі шығарманың авторы:
- Untergang des Abendlandes- «Еуропаның құлдырауы»;
- Jahre der Entscheidungen- «Шешуші жылдар».
Шпенглер «Өмір философияның» негізгі идеялары:
- Органикалық өмір- бастапқы, ал бейорганикалық өмір- туынды;
- «Рух» - өмірдің ерекше қасиеті, акциденциясы;
- барлық тіршілік иелері екі формада өмір сүреді: өсімдіктер- уақытта, ал жануарлар- кеңістікте;
- кеңістік- алғы феномен, уақыт- бастапқы феномен(прафеномен);
- Синонимдер: уақыт- жан- тағдыр- өмір- ырғақ- такт- қарқын;
- өркениет дегеніміз- мәдениеттің қатаюы, ескіруі;
- морфология- мәдениет формалары туралы ілім.
О.Шпенглер әрбір мәдениет 1000-1200 жылда ауысып, түр өзгертіп тұрады дейді. Ол мынадай мәдениет циклдерін қарастырды:
мысыр- үнді- бабыл- қытай- апполондық (грек-римдік)- магия (византия-араб) – фаустық ( батыс еуропалық) – майя және орыс- сібір мәдениеті туындауы мүмкін.
Анри Бергсон (18.10.1959-4.01.1941)- француз философы. Нобель сыйлығының иегері, танымал шығармалары: «Материя және зерде», «Шығармашылық эволюция», «Ұзақтылық пен біруақыттылық», «Моральдің екі қайнар көзі» және т.б.
А.Бергсон «Өмір философисының» негізгі идеялары:
- интуиция дегеніміз өмірдің өзін өзі тануы, өмірді өмір ретінде ұғыну;
- өмір- философия пәні, өмірдің мәні- интуиция;
- өмір, яғни ұзақтылық кеңістік емес, уақыттылық сипатта;
- уақыт дегеніміз ұзақтылық, адамның қайта оралмас өміріне ұласқан біртұтастық ағым.
Адам «Менінің» екі формасы және моральдің екі түрі:
- «Жабық жан» - өзінің тегін сақтау үшін адами тұлға ұжымға өмірін сарп етеді. Ақиқат дегеніміз пайда үшін құрбан болу;
- «Ашық жан» - тұлға мен құндылық, текті сақтау мүддесінен жоғары тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |