Карл Ясперс –неміс ойшылы, психиатр. Негізгі еңбектері:
“Жалпы психология”, “Тарих тағлымы” тб. Негізі ұғымдары: “коммуникация”, “діңгектік ауқыт” ұғымын енгізді.
Жан-Поль Сартр – француз ойшылы, жазушысы, атеистік экзистенциализмнің негізін салушы. Басты еңбектері: “Болмыс және ештеме”, “Экзистенциализм – ол гуманизм”” Елестету” және тб.
Альбер Камю – француз ойшылы, жазушы, публицист., Нобель сыйлығының иегері.
Еңбектері – “Бөгде”, “Сизиф туралы аңыз”, “Індет”, “Бүлікшіл адам” тб. Басты мәселесі – өмір мәні мәселесі, шын мәнінде адам өмірі мағынасыз, мәнсіз. Адам өмірі-абсурд. Өмір алдында – ештеме, ажал, өлім тұр. Тек өлім табалдырығындағы адам бұл дүниеде өзін еркін, тыныш және бақытты сезінеді.