Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет11/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109
Байланысты:
treatise124489

 
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ 
(1858-1931) 
 
Шығармашылық өмір жолы. Х
Х ғасырдың басындағы қазақ 
әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі – Шәкәрім. Ол – тікелей 
Абайдан тәлім алып ісін алға апарушы, ұлы ақынның сөз өнеріндегі 
жалғасы. Өлеңдері, поэмалары, романы, әңгімелері, аудармалары, 
мақалалары, қара сөздері – Шәкәрім қалдырған өлмес туындылар.
Ш. Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде 
дүниеге келген. Ол – Абайдың немере інісі.
Ақын 1931 жылы қазан айында дүниеден өтті.
Шәкәрім өзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында 
мол әдеби мұра қалдырды. Ақын шығармаларының басым көпшілігі 
қазан төңкерісіне дейін жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде 
өз бағасын алған.
Ақын лирикасы. 
Шәкәрім – ең алдымен ойшыл ақын. Азаматтық 
поэзияға тән биік асқақтық, өмір құбылысына терең үңілген таным–


15 
толғам Шәкәрім өлеңдерінің басты идеялық тұғырына айналды. 
Ақынның шынайы азаматтық болмысын, ақындық сенім көзін 
айқындайтын басты тақырыптар – қоршаған орта, табиғат әлемі, 
тартысты қоғам, қоғамдағы адам, оның болмысындағы қадір-қасиет, 
адамгершілік қағидалары және мінез-құлық, тәрбие негізі. Сондықтан 
да, жалпы адамзатқа тән асыл қасиеттер адалдық пен әділдік, 
білімділік пен еңбекқорлық, парасаттылық пен зиялылық мәселелерін 
жырлауға келгенде Шәкәрімге келер ақын жоқ. Шәкәрім Абайдағы 
өнер-ғылымға үндеудің арнасын ұлтының бостандығы жолындағы 
күреске бұруға ұмтылып, шығармасының негізгі өзегіне айналдырады. 
Шәкәрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті – өмір шындығын 
нақты көрсете отырып, өмір құбылыстарын шынайы бейнелеу арқылы 
оқырман ойын ояту. Шәкәрімнің лирикасы сыршыл сезімге толы. 
Өлеңдерінің көркемдік бояуы қанық, нәзіктікке бай болып келеді. 
Абай өлеңінен табылатын суреткерлікке тән белгілер Шәкірімнің 
лирикасынан да бой көрсетіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет