12
Түркістан, Ташкентке бірнеше рет барып, білім жетілдірген. 1907
жылы ақынның 3 кітабы жарық көреді («Хал-ахуал», «Сарыарқаның
кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»
атты кітабында замана шындыңын суреттеп көкейкесті мәселелерді
көтере білді. Суреткер ақын ретінде ілгерішіл ой айтып, қоғамдық
өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсете алды.
Сол тұстағы
саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, өлеңдеріндегі ой-орамдары
қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып
жатады. «Хал-ахуал» жинағында ақын отаршылдықпен ере келген
кесірлі құбылыстарды ашып көрсетіпел-жұртын қанап отырған
билер
мен әкімдердің, озбыр байлардың жағымсыз бейнесін суреттейді.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы өлеңдерінде ұлт-
мүддесін көбірек көтеріп, халықты оянуға, өнерге,
оөып жетілуге,
мәдениетті ел болуға шақырды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – негізінен діни-ағартушы ақын.
Шығармашылығындағы басты желі діни-таным төңірегінен өрбіп
жатады. Яғни, діни-таным оның әрбір айтар ойына, толғамына тірек
қызметін атқарады. Мәшһүр Жүсіптің ел жайына,
ұлт мәселесіне
арналған өлеңдері азатшылдық, бостандық, тәуелсіздік ұғымдарын
алға шығарады. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап
қана қоймай, сол еркіндік пен тәуелсіздікке
жеткізер әділетті
жолбасышы да іздейді. Өлеңдерінде солардың өз көкейіндегі өз
ойындағы бейнесін сомдайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлең толғауларымен бірге мысалдар да
жазған. Ақынның «Жарты нан хикаясы» атты мысал өлеңі өзінің терең
мәнділігімен де, айтар өсиетінің өрелігімен де құнды. Ақын адамның
жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін өзінде барды місе тұтпай
өзгедегіге қызыққаннан опық жейтін мінезін міней көрсетеді. Ақын
ойының өзегі – діннің ғибадаттары мен өмірдегі адамдық істің
бүтіндігі, бірлігі. Мәшһүр Жүсіптің тәлім-тәрбиеге бағытталған мысал
өлеңінің бірі – «Шайтанның саудасы».
Шайтан бейнесі арқылы ол
адамдар бойына үйір еткен қастық, жауыздық, жамандықтарды
таратушы тылсым күш иесін көрсетеді. Сол арқылы адамдар
арасындағы
алауыздық, зұлымдық, қызғаншақтық, өтірік айту,
13
ғайбаттық өркен жайғандығын меңзеп және ел ішінде соны
таратушыларды, әзәзілдің тіліне ергіштерді өткір сынға алады. Онысы
мысал жанрының табиғатына сай орынды шыққан.
Ақынның мысал
өлеңдерін қарастыра келе түйгеніміз, бұл жанрда да ақынның діни-
ағартушылық бағытынан алшақтамай, қайта сол бағыттағы ойын
өрістете түскендігін аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: