Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет38/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Эпикалық туындылары
.Мағжан поэзиясы лирикалық өлеңдермен 
ғана шектеліп қалмайды. Ол – эпикалық жанрда да қарымды еңбек 
еткен ақын. Оның "Қорқыт" (1922), "Ертегі" (1922), "Оқжетпестің 
қиясында" (1923), "Қойлыбайдың қобызы" (1923), "Батыр Баян" (1923), 
"Жүсіп хан" (1924) тәрізді бірнеше поэмалары бар.
"Қорқыт" поэмасы – қазақ ауыз әдебиетіндегі белгілі аңыздық 
кейіпкер – Қорқыт турасындағы туынды. Бұл поэмада әлемдік 
әдебиеттегі қаһармандық ұлы тұлғалардың бірі, ұлы мақсат арқалап, 
адамзатты өлімнен арашалауға ұмтылып, өлімнен қашып, ажалмен 
күрескен Қорқыт бейнесін сомдай отырып, ақын Қорқыт образын өз 
рухымен ұштастыра береді.
"Қорқыт" поэмасындағы автор ұсынған идея – мәңгілік күрес 
идеясы. Бұл – Мағжан поэзиясындағы азатшыл сарынның незігі желі 
екендігінің тағы бір дәлелі. 
Мағжанның бір-біріне жалғас туған, алған тақырыбы да, айтар ойы 
да ортақ екі поэмасы бар. Алғашқысы - "Оқжетпестің қиясында", 
соңғысы - "Ертегі". Алдыңғысы Кенесары жайлы болса, кейінгісі оның 
батыр ұлы Сыздық туралы. Екеуі де азаттық атты ұлы идеяны арқау 
еткен, соған бағытталған. Мағжан, мейлі, аңыз араластырсын, не қиял 
қоссын соның бәрі бір ғана нәрсені жырлаудың ұтымды тәсілі болып 
шығады. 
Ел арысы Кенесарының Оқжетпес қиясында ойға беріліп, аруақпен 
сырласып, нық шешімге келгені жайлы шындығынан аңызы басым бір 
сәттік оқиғадан ақын биікті шарлаған іргелі ой туғызады. Ұрпақ 
жүрегіне от жағып, санаға сәуле құяды. 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет