Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет34/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Көркем проза шебері.
Ж.Аймауытов өзін әдебиетте шағын әңгіме 
жанрындағы шеберлігімен таныта білді. Оның оқырман жүрегіне жол 
тапқан «Елес», «Жол үстінде», «Әнші», «Жапырақтар», «Қара бақсы» 
т.б. әңгімелері бар. 
 
Жазушының алғашқы күрделі шығармасы – «Қартқожа» романы. 
Роман 1926 жылы басылып шықты. Бұл – кеңестік дәуірдегі алғашқы 
қазақ романы болуымен бірге, ХХ ғасыр басындағы осы тұрғыдағы 
талпыныстардың жалғасы ретінде, роман жазуға деген жаңа бір 
серпіліс әкелген шығарма. 
«Қартқожа» романы – автор қиялынан емес, болған оқиғаның 
негізінде жазылған дүние. Ж.Аймауытов өмір шындығынан алынған 
оқиғалар жүйесін көркемдік қиялмен ұштастыра отырып, дәуір 
келбетін ашатын көлемді туынды жасай білген. Романның бас 
кейіпкерінің прототипі – өмірде болған, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет 
етіп, кейін репрессияға ұшыраған Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев 
деген ардақты азамат. 
Оқиғаның өрісі өмір шындығынан нәр алып жатады. Бір кезде 
молда алдында отырған бұйығы қара бала өсе келе, сол кездегі қазақ 
қоғамында болған тарихи оқиғаларға араласып, ерекше көзге түспесе 
де, көрген-білгенінен өзінше ой түйеді. Бұл оның азамат ретінде 
қалыптасуына әсер етеді. Ал солдатқа алыну, әскер өмірі балаң 
бозбаланы ширата түседі. Бұл – Қартқожаның ой-санасының өсуінің 
бір белесі. Қартқожа секілді қарапайым адамның бірте-бірте үлкен 
азаматтық істерге араласуының сенімді шығуы автордың өз кейіпкерін 
жан-жақты аша білуінде. 
Жалпы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы – 
революцияның алды-арты тұсындағы қазақ қоғамындағы өзгерістер 
келбетін келісті суреттеп, дәуір шындығын бас кейіпкердің өмір жолы 
арқылы жан-жақты бейнелеген роман. 
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ прозасын үлкен бір белеске 
көтерген күрделі шығармасы – «Ақбілек» романы.
Романда өз заманының ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен 
қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз 


45 
ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем 
бейнеленген.
Ақбілек қарапайым қазақ қызы болғанымен, оның ең басты ерекше 
қасиеті – сезімталдығы. Екіншіден, Ақбілек батыл да шешімшіл қыз. 
Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы 
батылдық.Өмір мен өлім арпалысқан осы бір сәтте жазушы кейіпкер 
психологиясына терең бойлап, ол тұрғыдағы оқырман танымын бекіте 
түседі.
Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек – енді мүлде бөлек жан! 
Көкірек көзі ашылып, санасы жетілген, білікті де білімді адамды 
көреміз. Балташтай өзіне тең серігін тапқан Ақбілек – тағдырмен 
күрестің жеңісін көріп, жемісін татқан бақытты әйел. Оның жан 
жарасын жазған Балташты кездестіруі немесе ұлы Ескендірмен 
табысуы ғана емес, сонымен қатар санасына нұр шашқан оқу-білім 
қуаты. 
Роман Ақбілекке арналып, соның тағдырына құрылғанымен, кейде 
шығарма соңына дейін бірге жүретін, кейде белгілі бір сюжеттік 
желінің тірегі іспетті Қарамұрт, Бекболат, Мамырбай, Өрік, Ақбала, 
Балташ, Мұқаш тәрізді сұрыпталған, орнын тауып, орнықты сомдалған 
тұлғалар бар. Бұлардың әрқайсысына тән айнытпай ажыратылатын 
кескіні, сөз саптасы, қимыл-қозғалысы, өзіне ғана тән мінез-құлқы бар.
«Ақбілек» романы – қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсындағы 
қасірет-тауқыметін, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ 
қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы кең көлемде 
көрсеткен толымды туынды.
Ж.Аймауытовтың көркем прозадағы соңғы көлемді әрі табысты 
туындысының бірі – «Күнікейдің жазығы» повесі. Бұл революциядан 
бұрынғы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін көркем суреттеген
этнографиялық реңкі бар шығарма. Повестің тақырыбы – ХХ 
ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың көбіне ортақ 
әйел теңсіздігі. 
Повестің басты кейіпкері Күнікей – еркіндікті ерте сезінген қыз. Ол 
кедейдің қызы болса да, бойындағы барын ардақтай білген, адуынды 
шешенің тәрбиесі негізінде еркін өскен мінезді қыз. Шешесі Шекер 


46 
мінезіндегі өжеттік бұған да сіңгендей. Анасының аялауынан өзіне 
ерекше нәр алатын Күнікей, ерте бастан ақыл тоқтатып, әрі құдай 
берген көркі, әрі алымды ақыл-парасатының арқасында өзін ешкімнен 
төмен санамай өседі. Бай қызы, құрбысы Шәмшінің ұзату тойындағы 
өзін-өзі ұстауы осының куәсі.
Күнікейдің өз сүйгеніне қосылу жолы оңай емес. Оған дейін 
қаншама зорлықты көреді. Жеңіл жүріске салмақ болған жеңге мазағы, 
зорлықшыл Қасым әрекеті, шешесінің етікті болуы, сол үшін Тұяққа 
қоспақ болуы, міне, осының бәрі – Күнікей тағдырына кесе-көлденең 
тұрған қиындықтар. Бірақ Күнікей соның бәрін өз қайсарлығы мен 
өжеттілігі, табиғатындағы еркіндікке деген құштарлығы арқасында 
жеңіп шығады. Осы жайлардан іштей ширығу нәтижесінде барып 
Күнікей характері қалыптасады.
Күнікейдің айттырған күйеуі жаман Тұяққа жар болар түні өз 
адалдығын сақтап, Байманға келуі, онымен тағдыр қосуы қыз 
табиғатындағы күрескерліктің белгісі. 
Повестегі өзге кейіпкерлер, негізінен Күнікейге қатысты көрініп 
отырады. Мұндағы өзгелерден оқшау бір кейіпкер – Байман. Байман 
образы Күнікеймен өрістес дамиды. Алғашқы танысудан бастап, 
барлық оқиға ортақтаса өтеді. Байман – Күнікейге сай тұлға. 
Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесі- қазақ тұрмысынан 
алынып, ұлттық болмыстың бар қасиетін аша отырып, уақыт 
шындығын танытқан шығарма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет