Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет31/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
 
СӨЖ тақырыптары
1. 
С.Торайғыров – дәуір суреткері.
 
2.
 
Ақынның
«Таныстыру» поэмасындағы көркемдік ізденістер. 
3. С. Торайғыровтың «Айтыс» поэмасындағы ұлттық көрініс. 
4. 
Сұлтанмахмұт романдарындағы сыншыл реализм.
 
5. Сұлтанмахмұт поэмаларындағы философиялык көркем ой-
толғам. 
ІІ БӨЛІМ
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ 
 
Қазан төңкерісінің жеңісі орнығып, жаңа өмір орнату жолындағы 
идеялық күрестер басталған тұста шығармашылықпен айналысатын 


39 
ақын-жазушылар жаңа өзгерісті өз туындыларына арқау етуге деген 
ұмтылысын байқатты. Қазақ әдебиетіндегі бұл кезең, яғни 20-30-
жылдар әдебиеті әрі қайшылықты, әрі идеялық тартысты түрде 
дамыды. Тап тартысын негізге алған әлеуметтік тартыс жағдайы қазақ 
зиялыларын екіге бөліп, бірі жаңа өзгерістерге сынай қарады, ал 
екіншілері біржақты құптаушылық білдіріп, жаңа құрылысқа белсене 
атсалысуға құлшынысын танытты.
Сәкен Сейфуллиннің асқақ рухқа толы отты жырлары, Ілияс 
Жансүгіровтың жаңа өмір жеңістері мен жетістіктерін сөзбен өрген 
сұлу жырлары, Бейімбет Майлиннің қарапайым тірліктің өзіндегі 
өзгеріс нышандарын жете байқататын жырлары, Сәбит Мұқановтың 
таптың мұңын жырлаған асқақ мұратты өлеңдері өз дәуірімен үндесіп, 
заманымен сырласып жатты. Олар өз тұстастарын жаңа заманның ту 
ұстаушысы, жаңа қоғамның орнатушысы екеніне шексіз сенді.
Жаңа әдебиеттің көш бастаушылары әдебиетті тек идеялық 
тұрғыдан берік етіп қоймай, оның көркемдік тұрғыдан да жетілуіне 
баса назар аударды. Соның нәтижесінде тың тақырыптар ашылып, 
көркемдік-эстетикалық, жанрлық ізденістер бой көтеріп, замана 
талабына сай тың туындылар дүниеге келді.
ХХ ғасырдың басында пайда болған романдар, драмалық 
шығармалар т.б. жанрлар жаңа ізденістерге соқпақ салды. Соның 
нәтижесінде С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың 
«Адасқандар», Ж. Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары 
дүниеге келді. Қазақ әдебиетінде роман жанрының кеңге қанат 
жаюына бұл шығармалардың әсері зор болғаны талассыз шындық.
Қазақ прозасының жаңа үрдісте дамып, биік көркемдік-
эстетикалық жетістерге жетуіне бұл жылдары Б. Майлин мен М. 
Әуезовтің де еңбегі аз болған жоқ. Б. Майлин өзінің «Раушан 
комунист», «Күлтай болыс», «Сексен сом», т.б. әңгіме-повестер 
арқылы сол тұстағы ауыл өмірінің сан алуан суретін кестелеп, 
шындығын ашты, шежіресін жасады.
М. Әуезов «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қыр суреттері», 
«Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгіме-повестері арқылы өмір 


40 
шындығынан көркемдік шындық тудыру шеберлігімен, суреткерлік 
болмысының құдіретімен тәнті ете білді.
Бұл кезеңде қазақ әдебиетіндегі тың жанр болып табылатын 
драматургия ерекше қарқынмен дамыды. Шағын-шағын пьесаларды 
айтпағанда, С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж.Аймауытовтың 
«Шернияз», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» пьесалары жанр 
табиғатына толығынан жауап беретін, әлемдік драматургиядан үйрене 
отырып жазылған озық үлгідегі туындылар еді.
20-
жылдардағы әдебиеттегі түрлі топтар мен ағымдар арасындағы 
айтыс-тартыс 30-жылдарда да өз жалғасын тапты. Жиырмасыншы 
жылдардың ортасында құрылған ҚазАПП (Қазақстан пролетариат 
жазушыларының ассоциациясы) бұл айтыс-тартысты одан әрі өршіте 
түсті. Соның нәтижесінде бұл ұйымға енбей қалған «шаруа» емес 
жазушылар 1929 жылдан бастап қатты қуғын-сүргін көрді. Дарынды 
ақын-жазушылар 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, т.б. атылып, айдалып кетсе, М.Әуезов түрмеге қамалып 
шықты.
1934 
жылдың 
12-18 
маусым 
аралығында 
Қазақстан 
жазушыларының бірінші құрылтайы өтті. Қазақстан жазушыларының 
алғашқы басшысы боп ақын І. Жансүгіров сайланды. Бұл тұста қазақ 
әдебиеті жанрлық жағынан молайып, көркемдік тұрғыдан жетіле түсті.
Әдебиетке талантты да дарынды жаңа лектің қосылуы игі әсерін 
тигізді. Олар Иса Байзақов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, 
Асқар Тоқмағамбетов, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Ғали 
Ормановтар болатын.
Бұл тұста туған С.Сейфуллиннің «Советстан», «Көкшетау», 
І.Жансүгіровтың «Дала», «Күйші», «Құлагер», И.Байзақовтың 
«Құралай сұлу», С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмалары қашанда қазақ 
әдебиетінің алтын қазынасына айналған шығармалар болып қала 
береді.
Отызыншы жылдарда әңгіме повесть жанрлары одан әрі өркендей 
түсті. С.Сейфуллиннің «Жемістер», Б.Майлиннің «Он бес үй», 
С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повестері – авторлардың жанр 


41 
мүмкіндігін жете танып, адам образын сомдаудың қыр-сырын игере 
бастағанының дәлеліндей.
І.Жансүгіровтің «Жолдастар», М.Дәулетбаевтың «Қызылжар», 
Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары көлемді жанрдағы тың 
ізденістер, іргелі жанрды жетілдірудің айғағы болса, Б.Майлиннің 
«Азамат Азаматович», С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау»(«Ботагөз») 
романдары қалыптасқан тәжірибенің шыңдала бастаған шеберлік 
жемісі болып табылады. «Ботагөз» – ХХ ғасыр басында басталған 
роман жанрындағы ізденістің қорытындысы, кейінгі кең көлемдегі 
эпопеялардың кіріспесі іспетті тұғырлы туынды.
Отызыншы жылдар дарматургия үшін де жемісті жылдар болды.
М.Әуезовтің 
«Түнгі 
сарын», 
«Абай», 
«Айман-Шолпан», 
Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Амангелді», «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» сынды шығармалары – қазақ драматургтерінің жоғары 
деңгейдегі шеберлікке қол жеткізгендігінің, таңдаған тақырыбын еркін 
меңгеріп, көркемдік талапқа сай туынды жасай алатынның нақты 
көрінісі.
20-
30 жылдар – қазақ жазба әдебиетінің жаңа биікке көтерілген 
белесі. Бұл кезеңдегі әдебиеттің жоғары көркемдік эстетикалық 
деңгейге көтерілуіне С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, 
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, т.б. әдебиетіміздің биік 
тұлғалары өлшеусіз үлес қосты. Олардың түрлі жанрдағы туындылары 
жаңа дәуірге сай тақырыптық маңыздылығымен, идеялық бағытының 
сонылығымен, 
көркемдік 
шешімдерінің 
жаңашылдығымен 
ерекшеленеді.
1937-
1938 жылдардағы қанды репрессия қазақ әдебиетін қаусатып 
кетті десе болғандай. Алдыңғы буын А. Байтұрсынов, М. Дулатов,
М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов социалистік революциямен ымыраға 
келмес пікір қайшылықтарына орай айдалып атылса, социалистік 
қоғам орнатуға елеулі үлес қосқан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, 
Б.Майлин, Ғ.Тоғжанов сынды кеңестік әдебиеттің көрнекті өкілдері 
өздері асқақтатқан социалистік қоғамдағы өрескел тоталитарлық 
жүйенің өктемдігімен сталиндік жеке басқа табынушылықтың 
құрбанына шалынды. Осынау жылдарда қазақ әдебиетінің ең 


42 
талантты, ең дарынды өкілдері әдеби шығармашылық еңбектен 
алыстатылып, әдеби ортадан шеттелді. Бұл әдеби процесстің тежелуіне 
орасан зор әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет