Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет33/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109
Байланысты:
treatise124489

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ 
(1889-1931) 
 
 
Шығармашылық өмір жолы.
ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті 
жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына керемет көркем әдеби 


43 
шығармалар қосқан, сан қырлы дарынның бірі – Жүсіпбек Аймауытов. 
Ж.Аймауытов әдебиеттің барлық жанрында дерліктей еңбек етті және 
өзі қалам тартқан жанрдың қай-қайсысында да болсын, көрнекті 
туындылар жазып, кемел де көркем дүниелер жасады. 
 
Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы Семей губерниясының Кереку 
уезіндегі Қызылтау болысының бірінші аулында (қазіргі Павлодар 
облысының Баянауыл ауданы) дүниеге келген.
1929 жылғы зобалаң тұсында Қазақстандағы ұлтшыл саяси 
ұйыммен байланысы бар деген жаламен ұсталып, 1931 жылдың 21 
сәуірінде жазықсыздан жазықсыз атылу жазасына үкім шығарылады. 
Жазушының алғашқы романы «Қартқожа» 1926 жылы Қызылорда 
қаласында басылып шықты. Романда революция қарсаңы мен одан 
кейінгі жылдардағы қазақ халқының тыныс-тіршілігіндегі жаңа 
өзгерістер кеңінен көрсетілген. 
Жүсіпбектің қалам қарымының айқындауышы іспетті ең іргелі 
туындысы – «Ақбілек» романы. Ол алғаш «Әйел теңдігі» журналының 
1927, 1928 жылғы бірнеше сандарында жарияланды. Жазушының көзі 
тірісінде жеке кітап болып басылып шыққан жоқ.
Ж.Аймауытовтың тағы бір көлемді туындысы «Күнікейдің 
жазығы» повесі – әйел теңсіздігі тақырыбына жазылған. Бұл шығарма 
алғаш «Жаңа әдебиет» журналының 1928-1929 жылдардағы бірнеше 
санында жарияланды.
Ж.Аймауытов драматургия саласында да елеулі еңбек етті. 1917 
жылы жазылып, 1926 жылы Мәскеуде басылып шыққан «Қанапия-
Шәрбану», 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан «Ел қорғаны», т.б. 
пьесалары бар. Жазушы-драматургтың бұл саладағы үлкен туындысы 
1926 жылы Семейде басылып шыққан «Шернияз» драмасы. Өлеңмен 
жазылған бұл драма қазақтың ақиық ақыны С.Торайғыровқа арналған. 
Кеңес тұсындағы қазақ зиялыларының екі айырық жолға түсуі, жаңа 
интеллигенцияның қалыптаса бастауы бұл шығармаға арқау болған 
тақырыптың негізгі өзегі.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің аз ғана ғұмырында артына мол мұра 
қалдырған айтулы жазушы, қоғамдық өмірдегі өз орнын айқындай 
білген қайраткер, ірі азаматтық тұлға. 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет