Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет29/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Көлемді көркем туындылары
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ 
әдебиетіндегі өзіндік орнын тек лирик ақын ғана емес, қазақ 


34 
әдебиетінің күрделі жанрдағы көлемді туындыларымен байыту 
арқылы да алған дарын иесі. Оның үлкен жанрдағы алғашқы 
туындысы – 1914 жылы жазылған «Қамар сұлу» романы. 
 
«Қамар сұлу» – реалистік шығарма. Романда ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі, тыныс-тіршілігі нақты 
көрініс тапқан. Шығарманың негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі 
болғанымен, 
ол 
қоғамдағы 
жалпы 
әлеуметтік 
теңсіздік 
қайшылықтарын ашуға апарар жол ғана. Қайғылы халге ұшыраған екі 
жастың гүл ашпай жатып солған жауқазын махаббаты – қараңғылық 
пен надандыққа қарсы күрестің жаңа өскіні, жаңа күші. Бір-біріне 
қарама-қарсы екі топ өмірге, қоғамға, адамға деген екі түрлі көзқарас 
арқылы айқындалады. Романда бірінші топ өкілдері Оспан, Қалтан, 
Нұрым, Әбділдә ишан арқылы бейнеленсе, екінші топ жас ұрпақ 
Ахмет, Қамар, Қасендер арқылы көрсетіледі. Алғашқы ұрпақ 
өкілдерінің негізгі ерекшелігін автор ескілікті салттың етегіне 
жармасқан тоғышарлық, қанаушылық мінез-құлқында деп таниды. Ал, 
жаңа жас ұрпақ өкілдерінің бойынан ақын өз заманының жаңаға жаны 
құмар жастарын көреді. Олардың жаңа көзқарасымен таным-түйсігін 
сезінеді. Сұлтанмахмұт бұл ұнамды кейіпкерлерінің әділдік 
жолындағы, махаббат бостандығы жолындағы күрестерін сүйсіне 
суреттейді.
Қамар – романдағы бүкіл оқиғаның желісін ұстап тұрған негізгі 
тұлға. Ақын өз тұсында қазақ қоғамында орын алып отырған түрлі 
қайшылықтар мен алға дамуды тежеп отырған кертартпалықты осы 
кейіпкердің көзімен көріп, соның түсінік ұғымы арқылы білдіреді. 
Қамар – әрекетшіл бейне, өз бақыты жолында әлсіздеу болса да, 
өмірінің соңына дейін күресіп, қарсылық жасауға әрекеттенеді. Автор 
Қамар болмысын өзгелерден оқ бойы оздырып тұрған басты белгі 
оқығандығында деп біледі. Сондықтан да ол – өз заманының озық 
ойлы қызы.
Жастардың еркіндігін аяққа таптаған, қоғамдық өмір заңына лағнет 
айтып, өзінен кейінгі қазақ қыздарының бас бостандығына қол 
жеткізуін тілейді.


35 
Романдағы Қамардан кейінгі тұлға – Ахмет. Ақын оны «Аузы асқа, 
ауы атқа тимеген» кедейдің баласы дей отыра, өз заманының озық 
ойлы азаматы ретінде суреттейді.
Өйткені Ахмет – өз дәуірінің шындығы мен автордың өзі тәріздес 
ағартушылар тілегінен жаралған типтік образ. Сұлтанмахмұт осы 
ұнамды кейіпкерінің іс-әрекеттерін суреттеу барысында, өз кезінің 
шындығынан алыстатып алмауды айрықша қадағалайды. Оны 
мүмкіндігінше, уақыт, заман шындығы негізінде бейнелеуді назарда 
ұсатайды.
Романға ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ 
қоғамында өмір сүрген бір отбасының үш ұрпақ буынының өмір 
жолын көрсету, сол арқылы замана, дәуір жайлы ой толғау арқау 
болған. Сахараның билеушісі Тасболаттың биіктен басталып, 
құрдымға кеткен тағдыры – шығарманың өзекті желісі. 
Тасболат өзін даланың жалғыз иесіндей сезінеді. Оның түсінігінше, 
дүниенің тұтқасы – байлық, одан өзге күш те, құдірет те жоқ. Ол – 
байлығымен қоса замана ыңғайын білетін айлакер де қу. Заман 
сауаттыға, оқығанға ауыса бастағанын ұққан әккі Тасболат қолдағы 
билікті балалары жетілгенше өз уысынан шығармауды көздеп, жақын 
ағайыны Байболды болыс қояды. Ол – алыстан ойлайтын жан. 
Сұлтанмахмұт романда надан, топас, малды ғана ойлаған сараң бай 
емес, дала билеушісінің бейнесін сомдаған. Тасболат – замана 
ыңғайына қарай мың құбыла алатын, өмір сүрудің қағидаларын жете 
меңгерген сұңғыла адам. 
Тарих сахнасына шығар келесі буын өкілі, әрине, Әжібай. Автор 
шығарманың басты тұлғасын сомдауға көп күш салған. Әжібайды 
көркем әдебиетке тән көркемдік шындыққа сай шыншыл бейне етіп 
шығарған. Оның қоғамдық ортамен қатынасын көрсету арқылы өзіндік 
өсу, жетілу, өмір тану болмысын бағдарлайды. О баста бойында 
жалыны, басында ақылы бар жасты әкесі ұсынған өмір жолының 
соқпағы өзге сүрлеуге салып жібереді. Күнделікті күйкі тірліктің әлегі, 
болыстыққа таласу, көп әйелдің дау-дамайы ақын суреттеуіндегі 
Әжібайды өмір ырқына бағынған бойкүйез жанға айналдырады. 


36 
Ендеше Әжібай арқылы Сұлтанмахмұт замана өзгерісінде өз орнын 
таппаған қазақ жастарының типтік бейнесін жасаған және ол өмір 
шындығынан туып, көркемдік шындыққа айналған. 
Романдағы ұнамды кейіпкер – Байбол. Оқыған, көзі ашық, көңілі 
ояу кейіпкерін автор жаңа заманның жаңа адамы ретінде суреттейді. 
Әжібайға қарағанда ол – оқығанын көңілге тоқыған, уақыт сырын 
ұққан, өмірге бейім ел басшысы. Байбол – ақынның ағартушылық 
идеялары мен оқығандарды ел ісіне араластыру мақсатынан туған 
образ. 
Әулетті де дәулетті отбасының келесі буыны - Әжібай баласы 
Қабыш. Әжібай өзін адам, азамат ретінде сезініп, қалай болғанда да 
әрекет жасап, арпалысса, Қабыш – ондай қасиеттен жұрдай адам, 
қоғамның азғыны. Ол – арақ, темекі, құмар ойынның құлы болып, өзін-
өзі өмірден аластатқан жан. Сөйтіп, бір кезде өздерін даланың тұтқасы 
сезінген құдіретті Тасболат ұрпағының үшінші буыны замана ағысына 
ілесе алмай, жағаға шығып қалады. Оған жазықты кім? Жан дүниесін 
жайлаған надандық кесірінен өмір өзгерісін, уақыттың алмасуын 
сезінбеу, жаңаның жақсылығын қабылдамау тәрізді кесірлі қасиеттер. 
Ақын түсінігіндегі басты жазықтылар осылар, яғни адамның сырты 
емес, ішкі жан дүниесінің өзгермеуі осындай құлдырауға алып келеді. 
Романда жаңа өмірдің озық құбылыстарын жете болмаса да 
біршама түсініп, өркениетті өмірге қадам басуға ұмтылған бейнелер аз 
да болса көрініс тапқан. Олар – Аппақай, Күлтай, Фелъдшер, Әнуар. 
Бұлардың тағдыры әрқилы болғанымен, бәріне тән ортақ белгі – қазақ 
қоғамына келе бастаған озық дәстүр, жаңа салтты жіті қабылдап, өмір 
көшіне ілесуге ұмтылуы. Ақын олардағы ертеңнің көшіне ілесер
болашаққа үйлесер қасиеттердің өміршеңдігіне сенеді. 
Қорыта айтқанда, Сұлтанмахмұттың " Кім жазықты?" атты өлеңмен 
жазылған романы ұлтымыздың көркемдік танымының белгілі бір даму 
сатысын, өркендеу кезеңін көрсетеді. 
Зерттеушілер Сұлтанмахмұттың алғашқы поэмасы ретінде 
"Таныстыру" атты шығармасын атайды. Поэма 1917 жылдың аяғы мен 
1918 жылдың басында жазылып біткен. Сұлтанмахмұттың бұл 
туындыны жазудағы басты мақсаты – қазақ ұлтының күрескер ұлдары 


37 
мен аяулы қыздарын еліне таныстыру. Ақын поэманы қара қазақ пен 
оқыған зиялы адамның диалогіне құрған. Екеуінің арасындағы пікір 
алмасу арқылы сол тұстағы қазақ қайраткерлеріне сипаттама ретінде 
мінездеме берілген. Ақын Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет 
Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Әлімхан 
Ермеков, Халел Ғаббасов, Нәзипа Құлжанова, Нұрғали Құлжанов, т.б. 
қазақ халқының бір туар ұл-қыздарының тарихтағы орнын айқындап, 
олардың атына жылы лебіздер білдіреді. Ақын мақсаты – құрғақ 
мақтау емес, бұған керісінше, арыстардың еңбегін бағалап, елге 
таныту, солар жайлы өз білетінін ортаға салу, олардың ісін кейінгі 
ұрпаққа өнеге ету. 
Ақынның іргелі жанрдағы кең құлашты қуатын танытатын көрнекті 
поэмасы - " Адасқан өмір" (1918). Поэма "Мен – бала", "Мен – 
жігіт", "Мен тоқтадым", "Мен – кәрі", "Мен – өлік" атты бес бөлімнен 
тұрады. Мұнда жалғыз ғана кейіпкер бар, ол – лирикалық қаһарман – 
"Мен". Оқиға осы "Мен" арқылы баяндалып, соның өмірге, қоғамға 
деген көзқарасы арқылы сараланады. Бір ғұмырдың өмірге келгеннен 
бастап, өмірден өткенге дейінгі пәнидегі тірлігі, түйсігі, ой-танымы 
терең толғаммен жырланып, реалистік шындықпен суреттеледі. 
Поэма жанрындағы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың келесі бір 
күрделі шығармасы - "Кедей"(1919). Бұл – лирикалық поэма. "Адасқан 
өмір" мен "Кедей " – бір-бірімен үндес, мазмұны мен идеясы 
тұрғысынан бірін-бірі толықтырып тұрған шығармалар. Құрылымы 
жағынан да олар бір-бірімен өте ұқсас. Бұл поэмада тарауларға 
бөлінген және бар жайт лирикалық кейіпкер арқылы баяндалып, соның 
өмірге, қоғамға деген көзқарасы арқылы өрбіп, дамып отырады.
Жалпы, Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары арқылы өзі өмір 
сүрген дәуірдің көкейкесті мәселелерін көтеріп, замана, қоғам, адам 
жайлы толғанысты түйіндер жасап, өркениетті идеяны қозғайтын 
терең ойлы, жаңа мазмұнды шығармаларды дүниеге әкелді. Оның 
поэмалары ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті көркемдік деңгейінің 
биік белесі болып қала бермек. 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет