50
ортақтастықты білдіру. "Ләззат қайда", "Жазғы таң", "Зарлы сұлу",
"Туған жерім Сасық көл", "Балалық шақ", "Қазағым", т.б. жырларынан
кемел ойлар ұғылып, бір сәтке де елін естен шығармайтын ұлтжанды
жас ақын жүрегінің тебіренісі сезіледі.
Мағжанның терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқынысынан
туған торығу сипатты мұңлы сарындағы өлеңдеріне: "Мен сорлы",
"Жар", "Жаралы жан ", "Алыстағы бауырыма", "Батқан күн", "Атқан
таңның жыры", "Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі", "Сарғайдым",
"Өмір", "Қысқы жолда", "Жазғы жолда", "Жиегінде қара орман",
"Алдамшы өмір", "Күзді күні", "Мені де, өлім, әлдиле", және т.б.
жатады.
Жалпы, Ж. Аймауытов айтқандай, "сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі
түрі күйректік, жылауықтық, (сентименталдық) әдісте жазылған"
Мағжанның өлеңдерін шартты түрде солай
дегеннің өзінде екі топқа
бөліп қарастыру қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның "Қысқы
дала", "Жазғы дала", "Қараңғылық қоюланып келеді", т.б. өлеңдері
жатады. Бұған басты себеп – бұл өлеңдер де тақырыптық, сарындық
ұқсастықтың болуы, халқының мұңын
жоқтау көрініс тапқандығы,
оны бейнелеп те бедерлеп бергендігі. Бұларда жинақтық, жалпылық
мұң басым. Екінші топқа Мағжанның өз басындағы қайғы-қасіретпен
ұштасып жатқан өлеңдер жатады. Бұлар: "Мені де, өлім, әлдиле", "Ой",
"Күзді күні", "Алдамшы өмір", "Алъбомға", "Жел", "Сағындым",
"Сарғайдым", "Түс", "З-ға", "Бүгінгі күн өмір, өлім - менікі", т.б.
ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан
ақындардан Мағжан Жұмабаевтың басты
ерекшелігі өлең өрімінің
өзгеше сұлулығы мен саздылығында, ырғақ пен әуезділік үрдісінің
жаңа үйлесім табуында.
Мағжан туған табиғатты жырлап, кіршіксіз тазалықты содан
іздейді. Ақынның шерлі жүрегі содан ғана тағат тапқан.
Ақынның табиғатты жырлаған өлеңдері:"Қайық", "Жел", "Толқын",
"Көкшетау", "Алатау", "Жазғытұры", "Күз", т.б.
Осы Толқыннан
толқын туады, тақырыптағы озық үлгідегі өлеңнің бірі "Толқын".
51
Мағжан өлеңдеріндегі сұлу сезім оның махаббат тақырыбындағы
өлеңдерінен айырықша сезіледі. Ақынның мөлдір сезімі жан сыры
арқылы өріліп, өлең жолдарына өзгеше өрнек салады.
Мағжан – қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығымен дәстүр
қалыптастырған, соны ізденістер арқылы өзінің ақындық
өнерпаздығына ғана тән әдеби әдістер әкелген ақын.
Ахмет
Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы поэзияға азаттық сарынды арқау
етсе, Мағжан қазақ лирикасына сыңғырлаған нәзік әуез нәрін құйып,
ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады.
Достарыңызбен бөлісу: