Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет23/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935) 


28 
Шығармашылық өмір жолы.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
даласындағы 
күрделі 
қоғамдық-әлеуметгік 
жағдайды 
өз 
шығармаларында айқын танытқан сөз шеберінің бірегейі — 
Міржақып Дулатов. Ол тек әдеби шығармашылықпен ғана 
айналысып қоймай, қоғамдық өмірдің қай саласында болсын, өшпес 
із қалдырған ірі қоғамдық-саяси қайраткер ретінде де танылды. 
Сан қырлы дарын иесінің мол мұрасының ішінде, әрине, әдеби 
шығармашылығының орны бөлек. Ол әдебиетке тұңғыш туындысы 
арқылы "Оян, қазақ!" деп ұрандата келіп, қазақ әдебиетіне өршіл 
сарын, өткір сөз, ойлы пікір әкелді. 
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің 
Сарықопа болысының бірінші ауылында (қазіргі Қостанай 
облысының Жангелдин ауданы) туған. Әкесі Дулат елге беделді кісі 
болған. Міржақып алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, онан соң 
ауыл мұғалімінен оқиды. Міржақып 1897 жылы Торғай қаласындағы 
екі кластық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп 
шығады. Бұдан соң оның ұстаздық ғүмыры басталады. 
1910 жылы Қазаннан "Бақытсыз Жамал" романын, ал 1913 
жылы Орынбордан "Азамат" өлеңдер жинағын, 1915 жылы "Терме" 
деген әдеби-публицистикалық кітабын шығарады. М. Дулатовтың 
азаматтык тұлға ретінде, әрі шығармашы-өнерпаз, көсемсөзші
 
ретінде 
қалыптасуына "Қазақ" газетінде Ахмет Байтұрсыновпен тізе қоса 
енбек еткен жылдар игі әсерін тигізді.
1935 жылдың 5 қазанында Соловецкідегі лагерьде қайтыс 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет