Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет24/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Ақынның азаматтық жырлары.
Міржақып Дулатов 
шығармашылығының тырнақалдысы – "Оян, казақ!" атты өлендер 
жинағы. Осы алғашқы туындысының өзінен-ақ ақынның мақсаты мен 
беталысы айқын аңғарылады.
Міржақып Дулатовтың "Оян, казағы" мен өзге жинақтарындағы 
өлеңдерінің құйылысы бір арнадан бастау алып, бір арнаға тоғысып 
жатады. Өйткені оның бүкіл шығармашылық болмысының өрісі 
азатшыл оймен, ұлт-азаттық қозғалыспен біте қайнасып кеткен. Оның 
өлендерінде саяси үн өзге мәселеден басымдау түсіп жатады. Бұған 


29 
қарап ақын ағартушылық ой-жүйеден алшақтап, тек саяси үгіт 
жетегінде кетіп қалды деуге мүлде болмайды. Оның 
шығармашылығындағы өнер-білімге үндеу, әлеуметтік теңсіздікті 
жырлау саяси көзқараспен желілесе отырып шешімін тапқан. 
Ақын шығармашлығының ерекшелігі де осында.
Жалпы алғанда ұлтының азаматтығын аңсаған азамат ақының 
«Оян, қазақ» атты жинағындағы өлеңдері, негізінен, саяси-
әлеуметтік тақырыпқа жазылған. Өлеңдерінің басым көпшілігі – 
патша өкіметінің отаршылдық, озбырлық саясатын әшкерелеуге 
арналған саяси лирика. «Оян, қазақ!» жинағындағы өлеңдердің 
соңғысы «Сөз ақыры» деп аталады. Бұл өлеңі жинақтағы азды-
көпті дүниесін жазудағы мақсатын қорытындылауға және өлең 
өлкесіне келуіне шығармашылығымен ой салып, үлгі болған ұстаз 
тұтар ақындар тобын таныстыруға бағытталған. 
Ендеше, Міржақып – ұлтына еңбек етудің үлгісін танытқан, ұлт 
азаттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы бағытта талай 
тағдыр талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін мойымай 
көтерген азамат ақын.
Міржақыптың екінші өлеңдер жинағы «Азамат» деген атпен 
1913 жылы Орынборда басылып шығады.
Ақынның «Азамат» жинағындағы өлеңдері езілген елінің, еркіндік 
көксеген халқының мұңлы күйін суреттеп, ар намысын оятуға, көңіл 
көзін ашуға арналған. Бұл жинақта ел мұңын жоқтаған ақынның өр 
үнін жеткізер өлеңдер молынан орын алған.
Ақынның үшінші жинағы «Терме» 1915 жылы Орынборда жарық 
көреді. 
Жұртына «Оян, қазақ!» деп ұран салған ақынның нәзік жаны, ішкі 
сезімін жеткізе білетін шеберлік қыры жарқ етіп бір көрінгендей. 
Жарқылдаған отты сөздерінің жалт-жұлт ойнаған ішкі сырларды 
шертіп кететін кездері Міржақып поэзиясында аз кездеспейді.
Жинақтарына енген, «Қазақ» газетіне жарияланған Міржақып 
өлеңдерінің тақырып ауқымы кең. «Қиял», «Сағыну» тәрізді өлеңдері
ақынның ішкі сезіміне құрылса, «Жұт» өлеңі қазақ жұртының ауыр 
тағдырын арқау етіп, тұрмыс шындығын бейнелейді.


30 
М. Дулатовтың "Елім-ай", "Алашқа" сынды зар заманның мұңына 
толы өлеңдері – ұлтының тағдырын ойлап тебіренген ақынның 
азаматтық ащы зары. "Елім-ай" бұрынғы "Елім-ай" сарыны емес, 
сыртқы жаумен ішкі озбырлардың әрекеттерінен азып-тозған, тоз-тоз 
болып боздаған елдің зары. Ащы да удай өткір сөздердің астарында 
мол үміт, зор сенім бар.
Жалпы, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ әдебиетінде алғаш рет 
азатшыл сарынды алып келуімен, өршіл үнді азаматтық пафосымен 
ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет