Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет25/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Тұңғыш қазақ романы
Міржақып Дулатов шығармашылығының 
ең бір биік белесі – прозадағы шоқтығы биік жанр – роман жазуы. Ол 
1910 жылы Қазанда басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы еді. 
 
Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы – ХХ 
ғасырдың 
басындағы 
қазақ 
ақын-жазушыларының 
көбінің 
шығармашылығына арқау болған - әйел теңсіздігі. Романның бас 
кейіпкері - Жамал. Романдағы өзге кейіпкерлер Жамал тағдырына
байланысты көрініп отыратын әкесі – жуас Сәрсенбай, шешесі – нәзік 
жанды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі – "таз Жұман", дала 
шонжары – қатыгез Байжан, сүйген жігіті - Ғали. 
Шағын көлемді романда сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы 
дерліктей мазмұн бар. Романды оқи отырып қазақ даласындағы 
қоғамдық-әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының сол замандағы тыныс-
тіршілігімен көркемдік шындық арқылы танысамыз. ХХ ғасырдың бас 
кезінде қазақ әдебиетін алғаш зерттеуші Сәбит Мұқановтың 1932 
жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деп аталатын еңбегінде: 
«Бұл роман бірінші жақтан әйел бостандығын жырласа, екінші жақтан 
ескі дін, ескі салт, ескі әдетке қарсы шыққан роман. Бұл қазақтың
жаңа байларының жаңашылдық сойылын соғып шыққан роман. 
Сондықтан роман қазақ арасында көп тарап, елдің жаңашылдарының 
аузында аяттай жатталып жүрді. Жамал болғысы келген, Жамалға 
ұқсағысы келген талай ауыл қыздарын көзіміз көрді. Ғали ауыл 
жігітіне үлгі бола алған жоқ. Жамал ауыл қызына үлкен үлгі болды. 
«Бақытсыз Жамалға» еліктеп «Мұңлы Мариям» (Сәлім Кәшімұлынікі) 


31 
сияқты романдар шықты. «Бақытсыз Жамал» соңғы кезге дейін көп 
жазушының темасына үлгі болды», – деп жазды.
Міржақып Дулатов шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетін жаңа белестерге жетелеген, түрі жанарларға түрен салаған 
жемісті еңбек. Ол – азатшыл әдебиеттің аса көрнекті өкілі ретінде 
қазақ әдебиеті тарихынан өз орын ойып алатын тұғырлы тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет