Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет301/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
мұраларын жинап-жариялау, зерттеу 
жұмыстары қолға алынды.
Осы 1954-1955 жылдардағы қазақ 
әдебиеттануының айтарлықтай ізде-
ністері болып табылатын табысы 
деп әдеби-теориялық сипаттағы 
зерт теулердің көбейе түсуін атар 
едік. Жеке ақын-жазушыға арналған 
ғылыми және сын мақалалардағы ой-
пікірді айтпағанда, таза теориялық 
ұғым-түсініктерді ғылыми сөз ете 
бастаған еңбектердің жариялануы 
құптарлық құбылыс еді. Нақты айт-
қанда, реализм және сыншыл реализм, 
жанр түрлері, идея және тақырып, 
конфликт және характер, ұнамды об-
раз, тип және типтік тұлға, түр мен 
стиль, дәстүр мен жаңашылдық, 
өлең сөздің құрылысы секілді келелі 
мәселелердің қазақ әдебиетіндегі 
та биғаты мен игерілуіне арналған 
бірнеше мақала жарық көрді.
1954-1955 жылдарда ғана көрінген 
осы ізденістерден қазақ әдебиет-
тану ғылымының 1947-1953 жылдар 
аралығындағы дағдарыстан кейін 
қай та дами бастағанын көреміз. 
Бірақ оның бәрі өздігінен және оп-
оңай жүзеге аса қойған жоқ. «Тұр-
пайы социологизм» теориясы мен 
нигилистік көзқарас өз позициясы-
нан айырылғысы келмегенмен, енді 
әрі-сәріде тұрған кеңестік идеология 
оған сүйеу бола алмады. Саясатқа 
құрылған ғылыми негізсіз бұл те-
ория мен көзқарастың үні біржола 
өшпегенімен, бұрынғыдай белсеніп 
шыға алмады. Оның С. Нұрышев, 
Ә. Нілдібаев, Ә. Жәмішев, М. Ақын-
жанов, Т. Шойынбаев, Х. Айдарова 
сияқты «қайраткерлері» үн-түнсіз 
қалуға мәжбүр болды. Осындай 
жағдайда ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің соны бағыттардағы ізденістер 
жасауына тәжірибелі зерттеушілер 
М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов, 
Б. Кенжебаев және тағы басқалары 
білімдарлықпен басшылық жасады. 
Ал сын мен әдебиеттануға келген 
алғашқы қадамдар «тұрпайы со-
циологизм» мен нигилизм дәуірлеп 
тұрған кезеңге тап келгендіктен, 
олардың 
бұрмалаушылықтарынан 
сау қала алмаған. Қ. Нұрмаханов, 
А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Х. Сү-
йіншәлиев, М. Сәрсекеев, М. Ғаб-
дуллин, Ә. Дербісалин, Қ. Құтты-
баевтар және т.б. өз қателіктерін тез 
түсініп, жаңашыл бағыттағы зерт-
теу жұмыстарына белсене кірісті. 
Әсіресе, қазақ әдебиеттануының 
әдеби-теориялық бағыттағы тың 
қадамдары осылардың еншісінде 
екенін атап айту керек. Сын мен 
әдебиеттанудың қатары С. Қирабаев, 
Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, 
З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Н. Ғаб-
дуллин, Ә. Нарымбетов, М. Дүй-
сенов секілді жас кадрлармен то-
лықты. Олар ғылыми-зерттеушілік 
жұмыстарды дамытудағы дәуір алға 
тартқан күрделі істерге жасқанбай 
араласты. Бұлар маркстік-лениндік 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


320


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет