Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет239/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
еңбегінің социологиялық арқауы 
басым алғашқы бөлімінде Абайдың 
өмір сүрген ортасы мен заманы-
на көбірек көңіл бөліп, оның «тап 
ақыны бола отырса да, ұлт ақыны 
бола алғанын» дәлелдеу үшін тап 
мүддесі тұрғысынан бағалауға жол 
беріп алған. Абайтануда 20-жылдары 
біршама еңбек еткен «ұлтшылдар» 
атанған бұқарашыл әдебиетшілер 
атылып, сотталып кеткен соң төң-
керісшілерге «бұларың дұрыс емес» 
дейтін ешкім шыға қоймады. Өз-
дерінің біржақтылыққа ұрынғанын 
мойындай бастаған олардың кеше 
ғана ат-тонын ала қашқан «үстем тап 
ақынын» енді ұлт ақыны деуі, әдеби 
мұраны таптық көзқараста бағалауда 
шығарған жаңа бір қисындары бола-
тын. 
Ғ. Тоғжановтың қандай да бол-
са ақын таптан бөлектеніп кете 
алмайтындығы туралы маркстік қа-
ғиданы негізге ала отырып: «Біз Абай 
тап ақыны дегеннен оны өзге қазаққа 
керегі жоқ ақын, не ұлт ақыны деген 
сөз шықпайды. Мұндай сөзді қыңыр-
қияңқы, содырлы солшылдар ғана ай-
тады. Абай тап ақыны бола отырса да, 
оның өлеңдерінде қазақтың жал пы 
бұқарасын ілгері бастайтын сөз дері, 
өсиеттері болды дейміз. Абайдың 
ұлт ақыны болуы оның тап ақыны 
екендігіне бөгет бола алмайды, қайта 
толықтырып, анықтай түседі. Біздің 
Сәкен, Бейімбет, Ілиястарымыз да 
ұлт ақындары, бірақ сонымен бірге 
бұлар тап ақындары – қазақтың 
қалың бұқарасының пролетари-
ат жыршылары» деген тұжырымы 
әдеби мұраны маркстік-лениндік 
әдіс наманың әдебиеттің таптығы 
прин ципін жаңаша сәйкестендіру 
еді [70, 82]. Осы көзқарас Абай тура-
лы алғаш айтылды да, әдеби-тарихи 
ой-пікірде орын теуіп, 1930 жыл-
дардың соңы, 1940 жылдардың ба-
сындағы оқулықтар мен хрестома-
тияларда бұрын елеусіз қалып келе 
жатқан басқа да ақын-жазушылар 
шығармашылығын бағалауда кеңі-
нен қолданыла бастады. Бай-фео-
дал табының өкілі деп біржола бас 
тартып, тарих күресініне лақтырып 
тастағаннан немесе тыйым салып 
зерттеу нысанасынан алынып қал-
ғаннан гөрі, бұл да болса бір алға 
басқандық екені айтпаса да түсінікті. 
Бұл 1950-1953 жылдар аралығында 
қазақ әдебиеттану ғылымында тұр-
пайы социологизм теориясының 
қа ра құйыны қайта көтерілгенше, 
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікірге бір-
талай дарындарымыздың мұрасын 
тексеру жұмыстарын жүргізуге мүм-
кіндік берді. 
Социологиялық арқауы басым 
еңбек дей отырғанымызбен, моно-
графияның «Абай реализмі», «Абайға 
орыс культурасының қандай әсері бол-
ды», «Абайдың ақындығы» аталатын 
тарауларындағы әдеби-теориялық ой-
пікірдің танымдық және зерттеу ші лік 
сипаты өзіне дейінгі айтылған ой-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет