Шығарманың негізгі идеясы
«Қазағым».
Қазағым, таянды ғой қылта мойын,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп,
Жараспас бұдан былай күлкі-ойын.
Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер,
Ойламау келешекті түпке жетер.
Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан,
Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер.
Тасталық болыстыққа таласуды,
Таласып, жаман кезбен қарасуды.
Мың-мыңның төгілуі жетер енді,
Ізделік аққан бұлақ - қара суды.
Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,
Хохолдар алып қала салып жатыр
/Мағжан Жұмабаев/
|
|
«Адасқан өмір».
Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.
Қастық деген не нәрсе: көрінген дос;
Қайғы деген не нәрсе: көңілім қош.
Алдау, күндеу, айла не — мен білмеймін,
Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.
Мен білмеймін жалыну, жағынуды,
«Ресім», «ұлтық», «құдай» деп табынуды.
/Сұлтанмахмұт Торайғыров/
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |