Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары
шығармаларының басым кӛпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ.
Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейісовтың «Курляндиясы»сияқты соғыс
тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы
адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте кӛрсеткен ерлігі баяндалды.
Еңбек
тақырыбына жазылған С. Мүқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер»,
Р. Слановтың «Кең ӛріс» сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың ӛмірі
кӛрсетілді.
Осы жылдарда М. Әуезовтің «Абай жолы», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов»
сияқты кӛптеген тарихи шығармалар жарық кӛрді. «Абай» қойылымы үшін Қазақ
Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
Музыка мәдениеті ӛрлеу жолына шықты. М. Тӛлебаевтің «Біржан
-
Сара», А.
Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Дудар
-
ай», Қ.
Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі «Назугум»опералары сол жылдарда дүниеге келді.
«Біржан
-
Сара» операсына КСРО мемелекеттік сыйлығы берілді.
1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып,
оның президенттігіне
кӛрнекті ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтӛбе, Гурьев,
Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екi жылдық мұғалімдер институттары
жоғары бiлiм беретiн педагогикалық институттар болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды.
1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125
техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн.
адам оқыды.
Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ.
Олардың
кӛпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің
ескірген, тозған үйлерін жӛндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің
тарапынан үлкен кӛмек кӛрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да
жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б.
мәдени құралдарды жинап берді.
Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті,
ғылымның одан әрі дамуына
ХХ ғ. 50
-
ші жылдардың басында ӛзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм
идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің «Звезда»
және «Ленинград» журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша
ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия
комитеттері де ӛз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика
Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда ӛткен пленумы тӛменгi
партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен ӛнердегі саяси
қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен ӛрістетіп,
БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жӛніндегі қаулыларын
сӛзсіз орындауды талап етті.
Бұл кезде Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып
жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша
Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20
-
40 жж. Қазақстан» деген
монографиясында буржуазияшыл
-
ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның
саяси
-
идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан
тарихының мәселелерін маркстік
-
лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген
мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының
докторы Е. Бекмаханов Ғылым
академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4
желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин
ӛлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жӛніндегі іс қайта қаралып, қылмыс
құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.
1940 жылдардың аяғы
-
1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз
болмады. Республиканың кӛрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х.
Жұмалиев,
Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен
жазаланды. Ә. Әбішев, Қ.
Аманжолов, Қ. Бекқожин, С.
Бегалин және басқа белгілі
ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялықұлтшылдық қателіктер
жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сӛйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда
пісіп
-
жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа ӛзгерістер әміршіл
-
әкімшіл жұйенің қуд