Хіх ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы


Философиялық антропология -



бет16/26
Дата06.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#38435
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Философиялық антропология - осы аталған бағыттық өкілдері М.Шелер, Х.Плесснер, Э.Ротхаккер, А.Гелен, М.Ландман адам болмысының біршама мәселелерін ауқымдырақ қарастыруға талпынған. М.Шелер «Адамның космостағы жағдайы» және Х.Плесснер «Органикалықтардың сатылары және адам» атаулы еңбектерінде ХХ ғасырда адам мәселесінің шешілуі күрделеніп кетгендігін атап атайды. Сондықтан, олар адам туралы ғылымдардың нәтижелерін қорытып, адамды «эксцентрикалық» яғни басқаға ұқсамайтын тіршілік иесі ретінде қарастырған. Шындығында, олар адамның табиғатқа, қоғамға, өзіне, қатынастарын, адамның шығу тегін, әлеуметтік, метафизикалық негіздерін, оның болмысының заңдылықтарын арнайы зерттеген.
Философиялық антропологияның ең беделді өкілі М.Шелер философияның негізгі проблемаларын бір сұрақтың аясына яғни адам мәселесіне сиғызуға болады десек артық айтпаған болар едік дейді. Осыған байланысты ол адам болмысын толық қамтитын философиялық бағдарлама құрастырды. М.Шелердің адам мәселесін адам мен жануарларды салыстыру арқылы яғни ғылыми биологиялық және психологиялық мәліметтерді пайдаланы түсіндіруін оның ізбасарларыда қолдады. Егер жануарлар табиғи ортаға тәуелді болса, адамдардың мінез – құлқы табиғи жағдайларға қатаң бағынбайды. Адам ерікті «іскер» тіршілік иесі, өйткені оның рухы бар. Биологиялық тұрғыдан адам жетілмеген, бірақ оның рухы биологиялық шектеулігінен шығып дүниеге бейімделуге мүмкіндік туғызады. Адам өмір сүру үшін мәдениетті жасайды, сондықтан да ол биологиялық жан емес.
Философиялық антропологияның өкілі Арнольд Гелен адамды «әлі анықталмаған жануар», оның жануарлығы «аяқталмаған» және «бекімеген» деп сипаттайды. Барлық сүткоректіліктерден адамның айырмашылығы оның биологиялық тұрғыдан жетілмегендігінде, инстинктерінің нашарлығында. Осыдан адам «дүниеге ашық». Сондықтанда, ол икемді, үйренуге қабілеті бар. Адам өзінің болмысын толассыз жасауға икемді рухани жан.
Осы бағыттың негізін салушылардың бірі Г.Плеснер адамның жануарлардан айырмашылығын оның «эксцентрикалық позициясынан» іздейді «Эксцентрикалық позиция» деп Плеснер адамның күлкіге немесе жылауға бейімделігін айтады. Түсінксіз бір жағдайларға тап болғанда, адам оны қалай қабылдайтындығын білдіруі керек. Ондай (эксцентрикалық) кабілеттен жұрдай жан (жануарлар сияқты) жағдайға баға бере алмайды, тіпті аңғармайды, байқамайды, ал рухани жан – адамның ғана қуануға немесе қайғыруға, күлуге немесе жылауға қабілеті бар дейді Плеснер. Өзінің ілімін «мәдени антропология» деп атаған Э.Ротхаккердін пікірінше адамды құпия, жұмбақ дүние қоршаған. Осы дүниеден адам өзінің дүниесін құрастырады. Ол дүние тіл арқылы іске асады. Ротхаккер тілді адамның іс - әрекеінің жасампаз құралы деп бағалайды.
Философиялық антропология адам туралы ғылымдардың дамуына игі әсерін тигізгеніменен, философияда айтарлықтай жалғастырушылары болмады. Дегенменде, олардың негізгі идеялары қазіргі замандағы қоғамның санасында із қалдырғандығына күмән келтірмейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет