Хикаяттар Алматы



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі4,31 Mb.
#37023
  1   2

Әлдихан

ҚАЛДЫБАЕВ


ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР

I том Хикаяттар

Алматы

«Раритет»

2008


ББК 84Қаз7-44 Қ25
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитеті

017 «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы

Қалдыбаев Ә.

Қ25 Таңдамалы шығармалар: Хикаяттар. 1-т. — Алматы: Раритет, 2008. — 272-6. — «Балалар

әдебиеті» сериясы.
І8ВМ 978-601-250-005-9
Белгілі балалар жазушысы, драматург Әлдихан Қалдыбаевтың таңдамалы шығармалар жинағының бұл алғашқы томына қазақ балаларының әлдеқашаннан сүйіп оқитын соғыс кезіндегі ауыл өмірі мен әскери тақырыптағы хикаяттары еніп отыр.Жазушы шығармалары өңкей шындықтың өзінен өрілген, оларда сөз болған оқиғалар оқырмаңды еш селкеусіз иландырады. Образды тіл, жеңіл юмор тәнті етеді.
ББК 84Қаз7-44

4702250201-46 Қ 413(05)-08

© Қалдыбаев Ә., 2008



І8В^ 978-601-250-005-9 © «Раритет» БК, 2008

ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ КӨШІРМЕЛЕРІ
Осыдан бірер жыл бұрын тараздық үш жазушы Құдай айдап Өзбекстан астанасы Ташкентке бір жиынға бара қалдық. Сол жиынға келген жүздеген адам ішінен бір кісінің жүзі жылы ұшырап, өзіне тарта берді. Абайлап қарасам, Өзбекстанда туып-өскен, сонда тұратын белгілі қазақ ақыны, әдебиетші әрі журналист Мекембай Омаров екен. Онымен Қазақстан мен Өзбекстан тәуелсіздік алып, өз алдына мемлекеттік шаңырағын қайта көтерудің алғашқы жылдарында-ақ танысқан едік. Онда Мекембай Омаров Ташкентте қазақ тілінде шығатын республикалық «Нұрлы жол» газетінде еңбек ететін. Бұдан соң да бірнеше рет кездескен болатынбыз. Бұл жолы да жай сұрасқанымда әңгіме арнасы өзінің шығармашылығына бұрылғанда қандасымыз Өзбекстандағы қазақ мектептері үшін «Ана тілі» және әдебиет оқулықтарын құрастырып шығарғанын, сол кітаптарға тараздық жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың да шығармаларын енгізіп, оны қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде атап көрсеткенін айтып қалды. Басқа қазақ жазушылары, ақындары емес, тек Әлдихан Қалдыбаевты ғана атағаны Мекембай Омаровтың менің тараздық екенімді ескергені болуы керек. Ташкентке бірге барған Әлдихан Қалдыбаев таяу жерде басқа кісілермен әңгімелесіп тұр еді, сөздерін амалсыз бөліп, Мекембай екеуін таныстырдым. «Иә, кітаптарындағы суретіне ұқсас екен», — деп күлді күтпеген таныстыруға риза болған ташкенттік бауырымыз...

Осы кездесу мен үшін белгілі жазушымыз Әлдихан Қалдыбаевтың өзін танымаса да жарияланған шығармалары арқылы жақсы білетін қалың оқырман қауым ғана емес, кәнігі кәсіпқой әдебиетшілердің өздері қаншалықты жоғары да әділ бағалайтынын айқын көрсеткен еді. Біздің қазақта «Алтын ердің батқанын

-5-


иесі емес, ат білер, ер жігіттің қасиетін ағайын емес, жат білер» деген ұлагатты мақал бар. Сол айтқандай, Өзбекстанда тұратын Мекембай Омаровтың да қазақ әдебиетінің төл перзенті болғанмен, ол бұл заманда жақын шетелге айналған Өзбекстан қазақтары атынан жазушымыз Әлдихан Қалдыбаевтың шығармаларын басқа елде үлгі-өнеге етіп көрсетуі үлкен ғибрат. Құдайға шүкір, қазақ әдебиетінде балалар үшін жазған, жазып жүрген айтулы жазушылар, ақындар шағын болса да бір шоғыр. «Алуан-алуан жүйрік бар — әліне қарай шабады» демекші, олардың қазақ көркем әдебиеті деген ғажайып ғимаратқа кірпіштей қаланып, әр түрлі реңк, әр беріп тұрғандықтан ешкім де толтыра, алмастыра алмас, тек өздеріне тән орындары бар. Сөйтсе де сол шоғырдың ішінде көркем сөздің шебері Әлдихан Қалдыбаевтың жөні бөлек. Мұны балалар әдебиетінің «Сен тұр, мен атайын» дейтін хас суреткерлерінің талайы жар салып, бағасын берген. Әлдихан әдебиет деген таңғажайып әлемге алғаш келгенде, оның дара дарын екенін бірден танып, ақ батасын бергендіктен ұстаздары іспетті әйгілі Бердібек Соқпақбаев пен Машқар Ғұмардың бағамдары жарамсақтану, жағыну емес, шын жүректен шыққан адал сөздері екеніне ешкім де күмәнданбайды.

«Алпысыншы жылдардың бас кезі болатын. Бір күні «Жазушы» баспасының балалар әдебиеті редакциясына орта бойлы, қара торы жүзді бір жігіт келді. Аты-жөні — Әлдихан Қалдыбаев, өзі университеттің студенті екен. Бұйымтайы: кішкене балаларға арналған «Көк дөңгелек» атты үш-төрт беттік әңгіме әкеліпті. Ондай шағын шығарманы табан астында оқып тастайтын әдетіміз барды. Әлгі әңгіме баспа қызметкерлеріне ұнады да, келесі жылы жеке суретті кітапша болып шықты...

...Меніңше, кішкентайлар мен төменгі сынып оқушыларына, жалпы балаларға арнап прозалық шығарма жазатындардың ішінде... аса шебер қаламгерлердің бірі де, бірегейі де Әлдихан Қалдыбаев», — деп жазыпты белгілі балалар жазушысы Машқар Ғұмар. Ал балалар әдебиетінің классигі саналатын Бердібек Соқпақбаев: «Балалар дүниесін әдемі меңгерген және балауса ұрпаққа ғажап әңгіме, ертегі, хикаяттар берген Әлдихан біздің әдебиетімізге қайталанбас жарқын беттер қосты», — дейді. «Балықшыны балықшы алыстан көреді» дегендей, зер қадірін білетін зергерлердей осы екі жазушының бірі Әлдихан Қалдыбаевтың шығармаларын «ғажап» деп тамсанса, екіншісі «аса шебер қаламгерлердің бірі де, бірегейі де» деп оган ешкімді де теңгермейді, қарасөзде мыңнан жеке дара оза шыққан балалар жазушысын өрен жүйрік тұлпардай қастерлейді.

-6-


Әлдихан Қалдыбаевтың шеберлігін жоғары балағандардың арасында қазақ әдебиетін бүгін дүние жүзінің көптеген елдеріне шығармаларымен танытқан Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, сондай-ақ Сайын Мұратбеков, Рамазан Тоқтаров, Сансызбай Сарғасқаев, Сатыбалды Нарымбетов сияқты атақты жазушыларымыз, Рымғали Нұрғалиев сияқты әдебиетші-ғалымдарымыз да жазғандарын, айтқандарын еске салудың өзі-ақ талай жағдайды аңғартады.

«Өнер алды — қызыл тіл» деп білетін халқымыздың осындай өрде озған өрен жүйрік қаламгерлері өзара келісіп қойғандай Әлдихан Қалдыбаевтың шығармашылығын неліктен осыншама бірауыздан
әспептейді, тіпті асқақтата бағалайды? Қазақ оқырман қауымы, әсіресе, сөздің де тәттісін ғана талғап, тек өздері ғана ұнататынын таңдайтын балауса балалар Әлдиханның әңгімелерін, ертегілерін, хикаяттарын, тіпті қалыңдығы кірпіштей дерлік романын неге құныға оқиды, көрермендер сахналанған драмаларын
неге соншама күліп те, жылап та қызыға көреді? Әлдихан Қалдыбаевтың қандай суреткерлік сиқыры бар? Мұндай тылсым тартымдылық тек шынайы өнер құдіретін мықтап меңгерген табиғи шеберде ғана болады;

Көңіл ауаны тез құбылып, тек өзін қызықтырған нәрсеге ғана кенедей қадалып, сүліктей жабысып, ұнамаған нәрселерін сынаптай сырғыта итере салатын бүлдіршіндер, өмірдің шексіз құпияларын енді-енді біртіндеп аңғара бастаған жас балалар үшін көркем шығарма жазу өте қиын болғандықтан ғана ақын-жазушылардың көбісінің бұл тақырыпқа қалам тербеуге батылы бара бермейді. Балалар назарын аудара білу үшін жазушыға қызықты оқиғаны баяндау аз. Сол оқиғаларды қызықты етуге тікелей араласатын кейіпкер балалардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері жас оқырмандарды баурап алатындай сүйіндіруі, не күйіндіруі, жирендіруі қажет. Оқиғаны, кейіпкерлерінің әрекет істерін болбыр тілмен немесе алыстан сермеп, ұзақтан тербеп, қызыл сөзбен мылжыңдай созып суреттеу де бүлдіршіндерді жалықтырып жібереді. Ең дұрысы — шығарма тілі түсінікті де айшықты, кейде тапқырлықпен білімге білім қоса, сезім қылын шерте тартып, жетектеп отырғанына не жетсін?! Балалар құрғақ ақылды, ділмарсуды ұнатпайды. Балауса оқырмандарға әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы ой салу, сөйтіп, солардың өнегесі арқылы санаға сыздықтатып, тіпті білдірмей отырып, тәрбиелеу әрі әдеби, әрі педагогтік, психологиялық шеберлікті қажет етеді. Міне, бұл шарттардың барлығы да жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың Құдайдың өзі үйіп-төгіп бере салған табиғи дарынынан мен мұндалап тұр.

-7 -


«Бала тілі — бал» дейді халқымыз. Әлдихан — сол балалардың балдай тәтті тілін де, қылығын да көңілмен танып, жүрек көзімен көре білетін бақытты жазушы, кейіпкерлерінің жүріс-тұрысын, іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін өмірдің өзінен ойып алып, көркемдей өрнектейтін шынайы суреткер. Мәселен, «Рахима» атты хикаятында екі жасқа толар-толмас, тілі әлі жөндеп те шыға қоймаған сәби бейнесін соншалықты қызықты, жан тебірентер жылумен жеткізіп, адамгершілік, туыстық сезімді оқырман жүрегіне көрінбейтін нәзік инемен білдіртпей сала білгеніне еріксіз тәнті боласың. Кітап бетіндегі Рахимамен оқырмандар да қимай қоштасады.

Әлдихан Қалдыбаев жазған жетпістен аса әңгіме, ертегінің бәріндегі екі жас пен он жас арасындағы кейіпкерлердің, тіпті сайып келгенде өмірдегі адамдардың өздерін еріксіз еске түсіретін ертегілік бозторғай мен жыланның, қарақұрттың, Қызғалдақ пен Бәйтеректің образдары да кәнігі суреткердің өліге де жан бітірерліктей шебер қолының таңбасын танытады. Кез келген шығармасы жас оқырман түгілі егделерді де өзіне қызу лебімен тартып, еліктіріп әкетеді.

Әлбетте, Әлдихан шығармаларындағы балалар ересектермен тұрмыс-тіршілік деген дүниеде біте қайнаса өмір сүреді. Әке-шеше немесе аға мен бала, ағайын, туыс, көрші-қолаң, сыныптас, мектептес, ауылдас жандардың тағдырлас тыныс-тіршілігі, қызығы мен тауқыметі жазушы шығармаларының тін, өзегі болып келеді. Осы орайда прозаиктің «Шаншар атай» хикаяты — оның шығармашылық өміріндегі кезеңдік, әрі шекаралық шығарма. Бұлай дейтініміз — балалар мен ересектер өмірінің ғибраттық, тәрбиелік мәндері барынша табиғи ұштасқан, жалғасқан, сондықтан да сан ғасырлық тарихы бар қазақы философияның, халықтық педагогиканың шебер қиюласқан әдеби көріністері дәл осы хикаятта өте нәзік беріледі. Бұлай дейтініміз — дәл осы хикаят балалар әдебиетінің ғана емес, үлкен әдебиеттің де қақ төрінен алшая орын алады. Оның үстіне жазушы дәл осы хикаят негізінде жазған комедия қойылымының кешегі ортақ үй — Кеңес Одағы кезінде жарияланған бүкілодақтық бәйгеде басты жүлдеге ие болуы бұл хикаят пен комедия тақырыбы барша адамзатқа қымбатты ең асыл қасиеттер үшін күреске құрылғандығында, шығарма кейіпкерлерінің барынша қызықты, шебер де шынайы сомдалуында. Міне, осы комедияны жазу арқылы прозаик Әлдихан Қалдыбаев драматургия саласында да ылдиа салса, төске озар талант екенін тағы танытты. Осы жеңіске қанаттанған драматург «Балалар-

-8-


дың махаббатында неміз бар?» комедиясын, «Сәлім—Сәлима» драмасын жазып, сахналатып, хас суреткерде мін болмайтынын республикамыздың көрермендер қауымына және мойындатты. Бұл драмалық шығармалардағы замандас кейіпкерлер характерлерінің қақтығысынан туындаған тағдырлар ешкімді де бейжай қалдырмайды. Драматург қай шығармасында болса да жұрт кейде айта бермейтін, тіпті айта алмайтын қоғам, адам дерттерін көрермендерін ойландыра, толғандыра, кейде күлдіре, кейде еңірете жылата отырып, мінез-құлықтары сан түрлі кейіпкерлерін іс-әрекеті үстінде өте шебер танытады.

Әлдихан Қалдыбаевтың қазақ әдебиетінде бейбіт әскери өмір тақырыбына жазған шығармалары да өте сапалы әрі әлі күнге дейін теңдессіз. Кешегі Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің ерлік өмірі жөнінде қалам тартқан аға буын ақын-жазушылар дәстүрі қазір саябырсып қалғаны белгілі. Соғыстан көп кейін әскер қатарына шақырылған жігіттердің, әсіресе тәуелсіз Казақстан сардарлары мен сарбаздарының Отан қорғауға даярлық тіршілігі туралы көркем шығармалар жоқ десе де болады. Осы олқылықтың орнын толтыруға да алдымен және сәтті қалам сілтеген Әлдихан Қалдыбаевтың «Сағындым сені, інім», «Солдат болу оңай ма?» хикаяттары, «Ата» әңгімесі басқа қаламгерлер тарапынан жалғасын таппағандықтан ба, әзірше бір қолдың саусақтарынан да аз санаулы шығармалар, бірақ сүбелі, көркем де шебер жазылған шығармалар. Сондықтан да Әлдихан Қалдыбаев сарбаздар өмірін көркем суреттейтін қаламгерлердің де көшбасшысы болып отыр.

Жазушының тағы бір шығармашылық ерлігі — оның «Мен — апамның баласымын» атты романы. «Жұлдыз» журналында қысқартыла жарияланған және жеке кітап болып шыққан бұл роман оқырмандар тарапынан жоғары бағалануы. Оны оқыған жас та, жасамыс та оқырмандар айызы қанып, жазушы шеберлігінің барған сайын шыңдала түскеніне ризалықтарын білдірді.

Бұл романды автобиографиялық десе де болады. Оның басты кейіпкері Алданыш бейнесінен автордың балалық шақтағы кезін жазбай тануға болады. Әйтсе де бұл шығарма өмір шындығының сол қалпындағы натуралистік көшірмесі емес. Шын жазушының әр кейіпкері типтік бейнеге көтерілуі тиіс болса, Әлдихан бұл романын бұрынғы хикаяттары мен әңгімелеріндегі, драмаларындағы көркемдік биігін одан әрі асқақтата түспесе, еш төмендетпепті. Сол сүйсіндіреді. Атақты француз жазушысы Гюстав Флобердің «Мадам Бовари менің өзім ғой» дегені сияқты Әлдихан Қалдыбаевта шынайы шебер суреткер болғандықтан кейіпкерлерін, олардың

-9-


басынан өткен тағдырлы оқиғаларды өзінің, әке-шешесінің, апасының (әжесінің), бауырларының, жора-жолдастарының, ауылдастарының, әріптестерінің өмірінен алып, оларды эстетикалық тәсілдермен шебер бере біледі.

Әлбетте, қай жазушының болса да басты құралы — көркем тіл. Абай айтқандай, «Өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмайтын өрнектерді» Әлдиханның сөздік қорамсағындағы әр түрлі жебелері нысанасына лайықты суырылып, көздеген жеріне дәл тиіп жатады. Шебер жазушы өз оқырманын ретіне қарай әдемі юмормен күлдіре де, қыл қобыздың ішегіне лайықты ысқышындай сызылтып, көңіл пернелерін дәл басатын сөздер арқылы жылата да, ең бастысы — толғанта, ойланта да біледі. Әйтеуір қандай оқырманын болса да бейжай қалдырмайды.

Мен бұл алғысөзде «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» деген қазақы қағиданы ескере отырып, жарияланған шығармалардың тақырыптарына, шебер сомдалған кейіпкерлер образдарына тоқталып, талдап жатуды артық көрдім. Көзі қарақты оқырмандар, білікті мамандар хас суреткердің ел мақтаған романын да, хикаяттарын да, әңгімелерін де, ертегі мысалдарын да ешкімнің делдалдығынсыз өздері-ақ оқып, қорытынды жасайтынына, риза болатынына сенімдімін.

XX ғасырдың 39-жылы қасиетті Шу бойында өмірге келген жазушы-драматургтің бүкіл өмір жолын шығармаларынан-ақ әбден білуге болады. «Ақынның сыры — жырында» демекші, әр оқырман осы бірегей жазушы-драматург өмірінің өнегелі жолдарына дес қоятыны сөзсіз. Әлдихан Қалдыбаевтың кейбір шетелдер тілдеріне аударылған шығармалары алдағы уақытта жанашыр қамқоршылардың, шебер аудармашылардың көмегімен талай халықтың талғамы жоғары қабырғалы қалың оқырмандарының қолдарына тисе, дүниежүзіне танылатындығына да еш күмән жоқ.

Бақытияр ӘБІЛДАҰЛЫ
-10-

ХИКАЯТТАР
ШАНШАР АТАЙ
Оянсам, Шәкір жоқ жанымда. Тұрып кетіпті. Апам даладан ауызғы бөлмеге сөйлеп кірді.

-Шәкір, ана қарасан Әлипаны сүзіп, өлтіріп қоя жаздады. Екі аяғын тарбаңдатып аспанға көтеріп алған екен, жаны қалды, әйтеуір, бейшараның. Бір тәуірі, мүйізі кірмепті еш жеріне. Қағынды ғой бұл арам қатқыр. Енді Айыр жәкем мүйізін кесем деп жатыр. Өзіне де сол керек пәленің.

- Апа, қашан кеседі мүйізін?

Шәкірдің жып ете түсуін!

- Қазір.

- Көк сиыр өріске кеткен жоқ па?

- Айыр жәкем жібертпеді. Қазір ара әкеледі.

Мынадай қызықты естіп алып, қалай шыдап жатпақсың. Орнымнан ұшып тұрып, терезеге жармастым: көк сиыр мама ағашта байлаулы тұр. Апыл-ғұпыл киіне салып, ауызғы үйге ытқып шықтым.

- Әлден, қызық! Қазір Шаншар атай көк сиырдың мүйізін кеседі.

- Сенсіз де білемін.

- Білсең не қыл дейсің! Саған адам деп айтып отырсам.

Менің орынсыз шап ете түскенімді Шәкір ұнатпай қалды. Ұнатпаса мейлі. Ол қаншама үлкендік танытқанымен, менің де кейбір нәрселерді одан бұрын естіп-білуіме болады ғой.

-11-

Босаға жақ бұрыштағы кебеженің ішінен бірдеңе іздеп, күйбеңдеп жатып, екеуіміздің кикілжіңімізді естімеген екен, апам бері қарай бере мені көрді де, дәл Шәкірге айтқанындай етіп, маған да мән-жәйді түсіндіре бастады.



- Әлден, ана қарасан Әлипаны сүзіп, өлтіріп қоя жаздады.

- Апа, бұл естіп жатыпты.

- Сол әйтпесе. Бұл пәле мүйізін оңайлықпен кестірсе десеңдерші әуелім. Барыңдар далаға, тез жуынып келіңдер. Айыр жәкем келгенше шай ішіп алайық. Онан кейін көк сиырмен алысып, жуық арада нәр тимес аузымызға.

Сәл қабақ шытысып қалғанымызбен, екеуіміз де апамның үкіміне оп-оңай көне кеттік. Шәкір де, мен де алдағы қызық оқиғаға асығатын сияқтымыз.

Мен құманды, Шәкір сүлгіні ұстап, далаға шықтық. Шәкір құманды алмақ болып еді, бермедім. Үлкеннің аты үлкен ғой, ол менен бұрын жуынсын да.

- Алдымен мен құяйын суды, - деп ем, Шәкір мәз болып қалды.

- Е, бәсе!..

Көк сиыр екеуімізді көре салысымен мөңіреп қоя берді. Арты ауылдың жоғарғы жағындағы жайпақтан өтіп, алды Ноғайбай сайының аузына еніп қалған сиырларды ала көзімен бір атып өтті де, тыпырши бастады.

- Әй, жануар-ай!..

Шәкір барды да, көк сиырдың салбыраған әукесін қаси бастады. Көк сиыр лезде мазасыздануын қойып, моп-момақан күйге енді. Басын төмен салып, мүлгіп тұр. Мен де қарап тұра алмадым, жүгіріп кеп, көк сиырдың мойнынан құшақтай кеттім де, қалың бұйра маңдай жүнін уқалай бердім.

Көк сиырды жұрт қаншама «сүзеген, мал емес» деп зар илеп жек көргенімен, ол біздің үйдің ішіне моп-момақан. Үлкендерді былай қойғанда, Шәкір екеуіміз оған не істесек те, былқ етпейді. Көк сиыр қазығында жусап жатқанда екеуіміздің үстіне мініп алып, қопаңдайтынымыз да бар. Сонда да бір қыбыр етпей жата беретінін қайтерсің. Қойшы, әйтеуір, көк сиыр біз қанша жүндесек те көнген жануар.

Міне, енді екеуіміз де көк сиырдың бір-бір мүйізін ұстап алғанбыз, екеуіміз де үнсіз сипай береміз. Екеуіміз де көк

-12-


сиырдың түбі жуан бунақ-бунақ, ұшы істіктей үшкір ақ сұр ай мүйіздерін қимайтын сияқтымыз. Алда өзін күтіп тұрған қатерді сезе ме, қайдам, көк сиырдың көзіне жас үйіріліп кеткеңдей болады. Сол сәт оның баданадай қап-қара көзінің шарасындағы Шәкір екеуіміздің ертеңгі ұйпақ-тұйпақ бейнелеріміз дірілдеп кетеді.

- Бекет ағам болғанда кестірмейтін еді.

Шәкір қатты мұңайып тұр.

- Жүр, екеуіміз жотаға барып, жездеме айтып келейік.

- Біз барып айтып, одан папам келгенше қай заман?!

Шәкірдің даусы дірілдеп шықты. Жалт қарап едім, теріс айналып кетті де, асыға басып үйге беттеді. Мен де көк сиырдың мүйізін қоя бере салдым. Көк сиыр өкіріп-өкіріп, Ноғайбай сайының аузына бір, маған бір қарады. Мен көк сиырдың көзінен үрей көргендей болдым, денем өз-өзінен тітіркеніп кетті.

«Мұны босатып жіберсем қайтеді?»

Ұмытылып барып, бұйданы қолыма алдым. Сол сол ақ екен, басыма тағы бір ой оралды. «Қой, Шаншар атай құртар». Осы екі ой жарысып, делсал күйде біраз тұрдым. Көк сиыр тықыр қағады. Бір сәт жалма-жан күрмеп байланған бұйданың ілмегін тартып кеп жібердім. Көк сиыр басын бір шайқады. Бұйда сыпырылып түсті. Енді ол тұяқтарын сыртылдатып, ентелей басып жөней берді.


* * *
Сен, оқушы, әрине, бірден байқадың. Шәкір екеуіміз ағалы-ініліміз. Бірақ екеуіміз бір кісіні екі түрлі атап отырмыз, ол «папа» деді, мен «жезде» дедім. Екеуіміз бірге туғанбыз: әкеміз — Қалдан, шешеміз — Әміржан. Мен әкемді «жезде», шешемді «әпке» деймін. Мұның мәнісі емшектен шығысымен, мені нағашы апам бауырына басқан. Сөйтіп, менің тілім осылай шыққан. Апам, әрине, Шәкірді де, мені де жақсы көреді. Жездем мен әпкеме де бірдейміз. Алайда ол екеуі мені «біздің баламыз» дей алмайды. «Апасының баласы» дейді. Мен ол екеуінің әке-шешем екенін білемін, бірақ ашық айта алмаймын. Ол сезім жүрегімнің түкпіріндегі шоқ. Апам мені олардан қызғанып, бөлектеп отырады. Біз апам екеуіміз қоржын тамның бір басында, Шәкірлер екінші басында тұрады. Дастарқанымыз бір, бірақ екі түтінге тәнбіз.

-13-


Оны айтпаса да болар ма еді? Апама опасыздық жасағандай болып отырғанымды қарашы! Қайтейін, өз өміріңнен хикая жазған екенсің, бар сырыңды ақтарып алға тартуың керек. Өйтпейді екенсің, шығармаң шынайы болмайды. Оның үстіне маған еңді біздің үйдің адамдарын қалай атайтын болсам, солай жазуға тура келеді. Айталық, атайтын тұста әке-шешемді «жезде-әпке» деп жазамын. Туыстық жөніне орай әңгіме болатын жерде «әке-шешем» деп те жаза беремін. Екеуін әкем-шешем деуім заңды, жезде-әпке деуім орыңды. Соңдықтан, алда: «Мынау бізді неғып шатастырып отыр?» — деп ренжи көрмендер. Маған ренжуге тек апамның ғана құқы бар. Әйткенмен, апамның өзі де бұл жайды жасыра алмай айтып қалатыны бар. Оның бәрі сөз бола жатар. Ал қазір әңгіме желісін қайта жалғайын.
***
Бәріміз жайбарақат шай ішіп отырмыз. Менің көк сиырды босатып жібергенімді апам да, Шәкір де сезген жоқ. Апам терлеп-тепшіп сүт қатқан шайды сораптап тартады. Бүгін Шәкір де шайшыл болып кетіпті, апамнан қалысар емес. Мен береке тауып отыра алмадым, даладан тықыр күтіп елеңдеймін.

- Айша, көк сиыр қайда?

Жүрегім су ете түсті, ыстық қан бетіме шапты.

- Қайдасы несі? Тұрған жоқ па байлаулы?

Апам таңданған кейіппен бізге қарады. Біз жамырай тіл қаттық:

- Тұр еді ғой байлаулы.

- Тұрған...

Сол қолында щумақталған бір буда арқан, оң қолында кішкентай қол ара Шаншар атай кіріп келеді есіктен. Ашулы, бетіне қаны шауып, қара-сұр жүзі түтігіп, аппақ қудай селдірлеу сақал-мұрты едірейіп, кетіпті. Онсыз да өткір қызыл көзі қанталап, бәрімізді бір-бір сүзіп өтті. Зәрлі сұс өңменімізді тесіп, бір уыс болдық. Дастарқанның берекесі кетіп қалған еді.

- Жәке, төрлетіңіз.

- Төрлеткенде не, ана терің жайылғыр босанып кеткен соң!

- Апырай, күрмеп, тас қылып ақ байлап ем. Қолы бар ма, немене?

-14-


- Мойының астына келгірдің екі мүйізін тып-типыл ғып отап тастағанда көрер әлі!

Кешке болсын!

Шаншар атай тізе бүкпеген күйі кері бұрылды. Оның мұндай суық та суыт іс-әрекетіне үйренген апам да, біз де таңдана қойғанымыз жоқ.

Шаншар атай табалдырықты аттай бере бәрімізге тағы бір одырайып қарады. Біз жер шұқып, дастарқанға үңіле түстік: онда он шақты құрт, жарты кесе май бар еді. Бір түйір де нан жоқ болатын.

- Айша, мына балалардың біреуін қазір жібере қойшы үйге. Біздің үйде қаптың түбінде қалған бірер пұт ұн бар сияқты еді. Соның бір табағын бергізіп жіберейін, — деді атай одырайған күйі.

Біз еңкейген басымызды жоғары көтеріп алдық. Шаншар атай үйден шығып кете барды.


***

Атайдың аяғының тықыры басылған соң барып, апам:

- Көк сиырды екеуің шешіп жібергеннен саусыңдар ма осы? Босанатын жөні жоқ еді, — деді бізге.

«Әй, алтын апам! Шаншар атайдың көзінше өстіп сұрамағанын қарашы! Онда ғой нағыз сұмдық болатын еді» мен осылай ойлап үлгергенше, Шәкір:

- Жоқ, босатқан жоқпыз, — деді.

Мен де қарап тұра алмадым, жер болып отырған апамды аядым:

-Не қыламыз босатып...

Бірақ апам бәрін сезіп отырған сияқты.



  • Әй, қайдам? Сендер соны аяйтын сияқтысыңдар, — деді.

Апамның өзі де көк сиырды аяп отыр екен, мақтап ала жөнелді.

Көк сиыр — Шәкір екеуіміздің соғысқа кетіп, өткен жылы қара қағаз келген Бекет ағамыздың бәсіресі. Бекет соғысқа аттанған жылы қашар екен.

- Бекет әбден жақсы көретін мұны, — деп бастады сөзін апам. — Кешке жұмыстан келісімен айналдыратыны осы еді. Күн ұзаққа сазда арқандаулы тұрған бұл аш қалардай-ақ кешке қарай арбасының шанағына бір бау көк шөп салып ала келетін. «Балам-ау, мұның нең, аш дейсің бе?» десең: «Апа, жесін, жетім ғой» дейтін. Біз оны ұжымшар

-15-


жұмысына жарады, жігіт болды деп жүрсек, бала екен ғой сонда, күнім. Бекетті әскерге барады деген кім? Қалданды шығарып саламын деп кетіп еді ауданға. Кетерінде: «Апа, танам ашығып қалмасын» деген. «Ертең келесің ғой. Соған дейін неғыпты ашығып?» деп ем сонда. Сөйтсем келмеске кеткен екен ғой, қарағым. Ал сол көк тана аштан өліп, көштен қалмай-ақ жолым үйдей көк сиыр бодды.

Шынында, Бекет ағам соғысқа жасына жетпей кеткен. Ол аудан орталығы — Новотроицкіге әкемізді әскерге шығарып салуға барады. Бірақ әкеміздің асқынған өкпе ауруы бар екені анықталып, дәрігерлер әскерге жаратпайды да, ауруханаға жатқызады.

- Әке, сіздің орныңызға мен барайын, — дейді Бекет.

- Сен жас емессің бе?

- Есебін табамыз ғой оның...

Өзі ауырып әскерге жарамай, тең құрбыларынан кем болып қорланып жатқан әкеміз баласының маңдайынан сүйіп:

- Барсаң, бар. Біздің тұқымнан да бір адам Отан қорғауға қатысса, оған не жетсін! — деп рұқсатын береді.

Бекет денелі, күш-қайраты мол бала болып өскен. Ол осынысын пайдаланып, комиссия мүшелерін алдап, жасын өсіріп, әскерге жарайды да кетеді. Сөйтіп, майданға Бекет әкесін емес, әкесі Бекетті шығарып салады.

Біздің бұл әңгімені бірінші рет естуіміз емес. Апам талай рет айтқан. Бірақ соның бәрінде ол кісі бұрынғысынан бөлек жаңа үнмен толқи отырып айтатын.

Бұл — біздің үйдің үлкен-кішісіне ыстық сиыр. Тіптен ағам кеткенде көп нәрсенің байыбына жетіп үлгермеген мен де көк сиырды жақсы көремін. Көк сиырды көрген сайын менің жүрегімде ағама деген бір беймәлім нәзік сағыныш оянады.

Шәкір болса, Бекеттің екеуімізді талай арқалап жүргенін, есік алдындағы құйға апарып, құртақандай кезімізде-ақ малту үйреткенін айтып, мақтанып отырады. Мұңдай әңгімені ол да көбінесе осы көк сиыр туралы сөз болғанда айтады.

Міне, енді сол көк сиырға қатер төніп отыр. Бір жолға мен құтқарғаныммен, кешке мүйізі, сөз жоқ, кесіледі. Сүзеген болмаса ғой мұның біреуі де жоқ. Сиыр неге сүзеген болады екен, ә?

-16-

- Апа, көк сиыр неге сүзеген?



- Өзі — жетім бұзау. Айтса-айтпаса да, мұның сүзеген болатын түк жөні жоқ. Мұны құртқан Келеке кемпірдің баласы — Әуесбек. Бұл арқандаулы тұрса, Әуесбек барады екен де, жатып кеп сүзісіп ойнайды екен. Көк бұзау Әуесбекпен сүзісуді әбден дағдыға айналдырып алды да, адам көрсе, қодыраятынды шығарды. Әуесбекті ұрсып жүріп қойғыздық. Бұл да қойып кетті. Бұзауыңда жабысқан әдет қалмайды екен, анда-санда шығып қалады. Сонысы ғой, әйтпесе бұл ешкімді әдейілеп, қуып жүріп сүзген емес. Жаңа Әлипаны да сүзбейтін екен. Үйінің жанынан бұл өтіп бара жатса, Әлипа айыр ала жүгіріпті. Ол айырмен бір салып кетсе, бұл мүйізімен бір қағып тастапты. Мүйізін кессе, кессінші. Мүйізі не керек, өзі болса, болады да. Бүкіл Кербұлақ бойында бұған тең келетін сиыр жоқ.

Апам айтса айтқандай, көк сиыр — қандай мақтауға болмасын, шын тұрарлық жануар.

Өткен қыста Шаншар атайдың өзінің біздің үйде отырып айтқан мына бір сөзі менің әлі есімде:

- Нағыз зауыт сиыр-ау. Малым-ақ қой, шіркін! Кедейдің малы. Тұқымын алар ма еді өзінің!

Міне, енді сол атай бүгін көк сиырға қатты өшігіп отыр. Неліктен? Көк сиыр сүзеген. Бұл бұрын Келеке кемпірді де сүзген. «Өзіне де сол керек. Баласын бұзақы қылып өсіріп, сол сүзеген қылып еді. Соның сазайын тарттырды өзіне», — деп еді онда жұрт.
* * *
Көк сиыр былтыр Тұрсынды да сүзген. Ол - бір қор-қынышты әрі адам күлерлік әңгіме.

Күзгі жиын-терін аяқталған кез. Майданнан даусы бұзылып маңқа, бір көзі кем болып қайтқан Тұрсын жотадағы жекжаты берген азын-аулақ астықты жеткізіп алмақ болып, апамнан көк сиырды сұрап алған. Жұрт көлікке зәру сол бір жылдары көк сиыр өгіз орнына да жүретін. Көктемде қосқа, науқандық жұмыстардың қызған шағында арбаға жегілетін.



Тұрсын он шақты шақырымдай жердегі жекжатынікінен бір қап бидайды екі бөліп, көк сиырға тендеп алып, кері қайтады. Жолда бір өрге келгенде, көк сиыр аяғын санап

-17-


басып, кібіртіктей береді. Тұрсын қамшымен осып-осып жібереді. Көк сиыр ентелей басады.

«Е, бәсе, айдауың келіспей келе жатыр екен ғой».

Тұрсын осы оймен дөңге шығып қалғанда, көк сиырды тағы бір салып қалады. Қамшы сиырдың емшегіне тиеді.

Сол сол-ақ екен, көк сиыр мойнын ішіне алып мөңкіп-мөңкіп, үстіндегі бидайды да, Тұрсынды да жерге атып ұрады. Сөйтіп одырайып қарап сел тұрады да, Тұрсынға тап береді. Қапелімде мұны күтпеген Тұрсын қашып та үлгере алмайды. Көк сиыр бас салып сүзеді. Алғаш «өлдім ғой» деп есі шығып кеткен Тұрсын көк сиырдың мүйізінің денесіне дарымағанын аңғарады. Дәл екі мықынынан жанап өткен қос мүйіз қара жерге терең бойлап кіріп барады. Мүйіз тереңдеген сайын, Тұрсынның сегіз көзін зіл батпан ауырлық жаншып, опырып кетермен болады.

«Өлді деген осы екен ғой». Осындай бір үрейлі ой Тұрсынның тұла бойын қатты тітіркентеді. «О, қайран күндер-ай! Фашист иттің кезенген оғынан аман қалған қу жан көк сиырдың мүйізінің ұшында кеткенің бе?».

Тұрсын екі қолымен жер тіреп, қатты ышқынып әрекет етеді. Жарты тонна келетін зіл қара тас сиырдың көк сүңгісінің шеңгелінен шығу қайда? Қайта қу сиыр онан сайын сығымдай түседі.

Жан қысылғанда адам ойы сұмдық жүйрік. Мына тажалдан құтылудың жолы осы деген ойлар Тұрсынның басын жай оғындай айқыш-ұйқыш тілгілейді. Бір сәт өлген болып, қимылсыз сұлқ қалады. Көк сиыр өңмеңдегенін қояды, бірақ босатпайды, есті жануар Тұрсынның өтірік өлгенін біліп тұр, әрине. Тұрсын ой тоқтатады.

«Осы пәлені жұрт ақылды деуші еді. Жалынсам, мүмкін, бір септігі тиер. Қой, не де болса, жалынайын».

Тұрсын енді зердесіндегі барша әдемі сөздерін айтып, жалына бастайды.

- Айналайын, көк сиыр! Жәкетай, көк сиыр! Құлдық қылайын, көк сиыр!

Осы бір жалбарыну жан мұрын ұшына келіп тұрғанда қаншалықты кереметтей зарлы, аянышты үнмен шықты екен десеңізші! Ал мұның үстіне Тұрсынның маңқалығы қосылғанда, қаншама кайғылы, мұңды болғаны өз-өзінен түсінікті.

-18-


Көк сиыр осы бір мүгедек жанның жалбарынуын құп алды ма екен, жоқ, әлде, енді жетер деп ойлады ма екен, әйтеуір, бір кезде басын жерден оқыс жұлып алып, өңкиіп Тұрсынға қарап тұрады бір сәт. Екі көзі шатқаяқтап, аларып кетіпті.

Ес қалмаған Тұрсын көк сиырға беттей алмай, қимылдасам, қайта бас салар деп, орнынан тұрмай, тағы біраз жатады. Бірақ көк сиырда ондай арамдық болмай, басын отқа қояды.

Кешкі апақ-сапақта көк сиыр қазығына келді. Апам сиырды байлап жатып:

- Құдай сақтай көр-ай! — деді. Тым үрейлі айтты.

Анадай жерде тұрған мен естіп қалдым.

- Не болды, апа?

- Құртқан екен мынау?

- Нені?


- Тұрсын аман келді ме екен? Мүйізі топырақ-топырақ. Қара жерге түбіне дейін кіргенге ұқсайды. Мынау сүзген оны, сүзген ғой, күндерім! Арыстай азаматты мерт етпесе игі еді бұл пәле. Алла-а!..

Бәріміз үрпиісіп қалдық. Алақандай ауыл мына үрейлі жайды әп-сәтте естіді. Әркім әрнені айтып жатыр. Тұрсынның әйелі естісімен, аңырап дауыс салды. Құлындағы даусы қиянға кетіп жатыр.

Дауыс шыққан үйді қайғының қалың тұманы басып, әбден мезі болған ел не істерін білмей дүрдиіп тұр.

- Қой, келін, жаман ырым бастап, мұның нең? Бақандай жігіт сиырға бой беруші ме еді? Мен қазір барып Тұрсынды аман-сау кер биеге мінгестіріп әкелемін.

Ізінше-ақ Шаншар атай ауыл алдындағы қара жолда кер биесін көсілтіп, құйындай ұшып бара жатты. Желдей ескен аты шулы жүйрік бие әне-міне дегенше көзден ғайып болды.

Шаншар атай өзі айтқандай-ақ, Тұрсынның жүгін биесіне теңдеп, өзін мінгестіріп алып келді. Жұрт қуанып қалды. Апама қатты батқан екен, ана екеуі аттан түсіп болмай жатып-ақ:

- Не бопты, жәке? — деді.

- Не болсын, көк сиыр жығып кетіпті, — деп Шаншар атай көңілсіз жауап берді.

Тұрсынның неліктен көк сиырдан ажырап, жүк-

-19-

мүгімен айдалада қалып қойғанын ешкім де білген жоқ еді, әбден ізі суыған соң өзі айтыпты әйеліне, сөйтіп бұл әңгіме лезде ду етіп тарап кетті. Жұрт Тұрсынның маңқыддап көк сиырға жалынғанына ішек-сілесі қатып күлетін, әрі жарып тастамаған ақылды жануарға қайран қалатын.

* * *
Сонымен, мен жібін шешіп жіберіп, көк сиырды бір жолға қатерден арашалап алып қалдым. Бірақ Шаншар атайдың қайраулы арасы көк сиырға кешке дейін ғана мүйізімен жүруге мұрша беріп отыр. Кешке жақын жағдай басқа. Бұл уақытта бағанағыдай босатып қоя бергеніңмен, көк сиыр қазығын тастап кетпейді. Бұйдасы үзіліп, яки шешіліп кетсе, сымпыңдап жайылып кететін кейбір тойымсыз сиыр сияқты емес, заты мал.

Осы бір жайтты ойлап, үшеуіміз де тұнжырап отырмыз. Меніңше, көк сиырдың мүйізіне бір адам ара түссе, ол -әкем. Осы ойымды апама айттым:

-Апа, Шәкір екеуіміз қамбаға барып, жездеме айтып келсек кайтеді? Ол көк сиырдың мүйізін кестірмес, мүмкін. Шәкір екеуіміздің әкеміз — Жайсаң жотасындағы егіс бригадасында ұста. Шешеміз де сонда. Олар көктем келіп, қыс шықты болды, жотаға көшіп кетеді де, өзендегі ауылға әбден жиын-терін біткенде бір-ақ түседі. Жота өзеннен талай жер. Әйткенмен, көлік тапшы ауыл адамдары екі аралыққа жаяу қатынай береді. Біз де талай жүргенбіз. Сол алыс жол табанды қыздырып, балтырды сыздататынын біле тұра, көк сиыр үшін Шәкірдің де барғысы келді.

- Барайық, апа.

Апам ауыр күрсінді.

- Қалдан Айыр жәкемнің үкіміне қарсы бола қоймас. Үлкеннің дегеніне қарсы келмес болар, балаларым. Оның үстіне біле білсеңдер, сол Қалданның қалқайып тірі жүргені осы Айыр жәкемнің арқасы емес пе? Бұл ауылда ешкім де оны қолынан қаға алмайды.

Апам шындықты айтып отыр. Біздің әкеміз ана жылы әскери комиссия жатқызған ауруханадан үйге өң жоқ, түс жоқ жүдеу келген. Үй іші қатты қорқып қалған. Көкірек ауруы екенін білгенде жұрт аяушылық та білдірген. Өйтпе-

-20-


генде ше? Ол — осы ауылдағы жалғыз ұста. Ал ұстаның қолы — алтын. Өйткені оның қолынан шыққан зат — халықтікі. Апам осылай дейді.

Әкеміз ауруханадан келген күннің ертеңіне үйге Шаншар атай келді. Әкемнің көңілін сұрай келіпті.

- Көкірек ауруын да ауру деп, тәйірі. Шаншар атайдың мына сөзі көктен түскеңдей еді. Сөйте тұра бәріміздің дімкәс көңілімізді бір сәтке болса да серпіп тастағандай болды. Ауру әкем момақан тіл қатты.

- Кім біледі? Дәрігерлер жаман атайды ғой.

- Е, олар айта береді де. Мұның мың да бір емі — борсықтың майы. Төменгі жүгерінің ішінде бір борсық бар деседі. Соны алуға бір құлқым болмай-ақ жүруші еді. Бүгін кешке бір көрейін.

Әр істің сәті түссін деңіз. Шаншар атай борсықты оп-оңай соғып алып келді. Әбден дәндеген борсық жүгерінің ішіне күндізден-ақ кіріп алып, шықпайды екен. Шаншар атай бесін кезінде бақша шетіне келе берсе, екі тазысы қалың жүгерінің ішіне қойып кетіпті де, борсықты айдап шығыпты. Арғы жағы белгілі. Шаншар атай борсықты сойылмен қара тұмсықтан бір салған да, қанжығасына байлап, ауылға қайтқан. Борсық айтқандай-ақ керемет семіз болып, ішінен май ақтарылып түсті. Шаншар атай ешкімді маңына жолатпай, борсықты жалғыз өзі жайғаған. Борсықтың майы мен етін қазанға қуырып, әкем екеуі жеп алады. Бізді «шошынып қаласыңдар» деп маңайларына жолатпады.

Әкем бір керлен кесе майды бір-ақ жұтыпты. Күшті май әлсіз әкемді атып ұрыпты. Содан қатып ұйықтап қалған. Ертеңіне түске дейін оянбады. Біз қаншама үрейленіп, дәудірлесіп жүрсек те, тұяқ серіппеді. Сол қыбыр етпеген күйі жатып, кешқұрым бір-ақ оянды.

- Денем сергіп, көкірегім кеңіп қалыпты, — деді де, өзенге барып, суға шомылып келіп, қайта ұйықтады. Ал келесі күні жотадағы ұстаханасына кетті.

Жолда Аққайнарға жете бергенде, әкемнің жүрегі айнып, көзі қарауытып, басы айналыпты. Содан Аққайнарға жетіпті де, еңкейіп, суға бас қоя бергенде, аузынан іртік-іртік қара қан атқылапты. Аққайнар қызыл қанға боялыпты. Әкем сол жатқаннан шай қайнатым уақыт жатады. Бұл мерзім ішінде Аққайнар тұнады, әкемнің көкірегі

-21-


шайдай ашылып, тынысы кеңіп сала береді. Сосын тастай суды сіміріп-сіміріп алады да, жүріп кетеді. Міне, содан күні бүгінге дейін қайтып төсек тартқан жоқ, ұжымшар шаруасына араласып кетті.

Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, ұзын бойлы, жауырыны қақпақтай, өткір көзді, түксиген қабақты, үлкен қоңқақ мұрынды айбарлы шал дәл қазір маған бұрынғыдан да тұлғалана түскендей болды.

Ендеше ондай адамға ешқандай да қарсылық болуға тиіс емес. Кетті көк сиырдың мүйізі!

Жүрегім тыз етіп бір аунап түскендей болды. Алабұртқан көңілім көнбістік деген үлкен күшке мойын ұсынғандай еді сол сәт.

- Сонда да барайықшы, апа, — дедім мен.

- Мейілдерің. Әкелерің көмектесер-көмектеспес, оны бара көрерсіңдер. Жарайды, әке-шешелеріңді көріп, мауықтарың бір басылып қалсын. Сен қулар соларды сағынып жүргеннен саусыңдар ма өзі, түге? Менің бұл екеуі деп арса-арсам шығып жүргенім бекер екен ғой онда.

Апам бізге күлімсіреп қарады. Біз оның зілсіз өкпесін жақсы түсініп тұрмыз.

- Жоқ, олар — Шәкірдің әке-шешесі. Сағынса, сол сағынсын. Бара берсін өзі-ақ жотаға.

Мен өстіп бұртаңдап, теріс айналып кеттім.

- Өй, айналайын, айналайын сенен! Солай екен ғой. Қойдым-қойдым, енді айтпаймын олай деп. Әй, бірақ құдайдан жасырмағанды адамнан жасырамыз ба? Екеулерің де сағына беріңдер. Әке-шешесін жақсы көрмейтін бала бар ма, қарақтарым-ау. Бара қойыңдар, барып қайтыңдар.

Біз жарыса үн қаттық:

- Барамыз.

- Барамыз.

- Мақұл. Ал, қазір Айыр жәкемнің үйіне қайсың барасыңдар?

- Екеуіміз де барайық, апа, — деді Шәкір.

- Мейілдерің.

Біз Шаншар атайдың үйіне таяп қалғанда, алдан шаң-шұң дауыс шықты. Атай жарты қаптан аз ұнды сүйретіп, есік алдына шыға келді. Қатты түтігіп кеткен, кейіп сөйлеп жүр.

-22-


- Пейілі сонша тарылып, қарай көр мұны! Қу қара басыңа көрінгір, ә! Өз обалың өзіңе. Осы ауылдың бала-шағасы анда-санда болса да тісіне сындырып басатын бір айырақ нан таппай зарығады, ал бұл жарты қап ұнды бұтына басып отырады. Елден сенің нең артық? Сен де көр ел көргенді.

Біз состиып тұрып қалдық.

Үйден бұлқан-талқан болып Әлипа апай шықты. Шаншар атайға бату қайда? Бірақ сонда да тек тұрмай сөйлеп тұр:

- Алжыған, алжыған ғой бұл қақбас. Мейлің. Менің нем кетеді. Өзіңнің сорың. Ертең-ақ сүмеңдеп астық іздейтін өзің. Желге шашасың ба, елге таратасың ба, өзің біл.

Қапты көтеріп, енді болмағаңда, ұнды желге ұшырмақ болған Шаншар атай кілт тоқтады. Қапты жерге тастай салды, қаптың аузы бұрқ ете қалып, ақ тозаң Шаншар атайдың бет-аузын бір қапты да, жөңкіп жөней берді. Атай үшкіріп-түшкіріп жатып:

- Ешкімге ештеңе татырмаймын, бермеймін деп құрдан-құр бұлқан-талқан болғанша, бағанадан бері осылай демейсің бе? Мұны табатын да, қажет болса, елге тарататын да мен. Шаншар қартайғанда қатыннан жеңілді дегізбек екенсің ғой. Жоқ, ол болмайды! Қане, балалар, әкеліңдер бері ана табақтарыңды, — деді.

Шәкір екеуімізде ес те, түс те қалмаған. Өз-өзімізге келе алмай үрпиісіп тұрмыз.

- Өй, өңшең ынжық немелер! Әй, Әлден, әкел бері қолыңдағы табақты.

Шұңқыр қызыл табақ менің қолымда екенін сонда барып сездім. Бойымды тез жиып, төрт-бес аттап барып, атайға табақты ұсындым. Шаншар атай табақты қап түбіне сүңгітіп жіберіп, бетімен бет ұн алып шықты. Табақтағы ұн ұшқындай бастап еді, атай:

- Шеш, көйлегіңді, қане! Табақтың бетін жауып берейін, - деді.

Мен атайдың қаһарынан қорыққанымнан апыл-ғұпыл көйлегімді сыпырып бердім. Атай көйлекпен табақты қымтап орап, қолыма берді.

- Айшаға айтыңдар. Ең алдымен екеуіңе күлше пісіріп берсін. Ал барындар енді, — деді де, атай қабын сілкіп, салмақтап қойды.

-23-


- Жарайды, ата. Рақмет!

- Ал жөнеліңдер. Рақметті қарындарың тойғанда айтарсыңдар.

Біз келе, барлық жайды бұлжытпай әжемізге жеткіздік.

- Жарықтық-ай, ә! Сондай қасиетті адам ғой ол, — деді апам.

Біз оны сезіп тұрмыз.
* * *
Шәкір екеуіміз даңғыраған арба жолмен Ноғайбай сайын өрлеп, салып ұрып келеміз.

Беткейді былай қойғанда, сай етегіндегі шөптің өзі сарғыш тартқан шақ. Жиын-теріннің нағыз қызған кезі.

Жол ұзақ. Сайдың ортан беліне жеттім-ау дегенде қара сирақтарым білеуленіп, табаным қыза бастады. Қипақтап, кейіндеп келемін. Сай басына қайта-қайта көз жіберем, басат бітетін жердегі сирек көк тастар қарауытып әзер көрінеді. Әлі талай жер екенін біле тұра:

- Шәкір, мынау өзі ұзын сай екен ғой. Бұл пәленің басына қашан шығамыз? — деймін мен қайта-қайта.

- Сен көп қиқалаңдай берме. Бүйте берсең, қайтып кетемін мен.

- Ал мен қайтпаймын.

- Әрине, сөйту керек. Сен білесің бе, Бекет ағам мұңдайға өте шыдамды еді. Суға қалай жүзетін еді десеңші. Маған да, саған да малтуды үйреткен сол болатын.

- Оны мен сенен жақсы білемін. Мен де шыдамдымын. Жездеме барып айтамын: «Көк сиырдың мүйізін кескізбе» деймін. Білесің бе? Мен жездемді де, әпкемді де сағындым.

- Ой, қу-ай! «Сағынған жоқпын» дегенің қайда жаңа апама?!

- Апама... апама айтуға болмайды!



- Неге?

- Сол. Мен — апамның баласымын.

- Онда тұрған не бар?

- М-м... Кішкене отырайықшы. Жездем мен әпкемді көргенше шыдамай бара жатырсың ғой сен қу да.

- Жарайды ал. Отырсақ, отырайық.

- Шәкір, сен білесің бе, мен Бекет ағамды сағындым.

- Одан қара қағаз келіп қойды ғой.

-24-


- Мейлі. Қара қағаз келсе, келсін көресің, бір күні ақ қағаз да келеді. Онда Бекет ағам тірі деп жазылады.

- Сөйтсе, шіркін!..

Екеуіміз аяғымызды арба дөңгелектері қаза-қаза ойып жіберген жол табанындағы шаңдаққа батырып шоқиып-шоқиып отыра қалдық. Жол ернеуін қуалай жусан өскен. Соның көлеңкесіне бұғып жатқан жол табаны әлі ыси коймапты. Қоңыр салқын топырақ аяғымды шымырлатып, қытықтап, жұмсақ бір рақат сезімге бөлеп, жанды жай ете бастады. Маужырап, көзіме ұйқы тығыла берді. Қалғып бара жатқандай едім, Шәкір тоқтатты:

- Әлден, сен енді шаршамайтын боласың.

- Қалайша.

- Қазір көресің.

Шәкір қолына бетегенің бір талын сындырып алып, дәл аяғының астында үйіріліп жатқан кіп-кішкентай шұңқырға төне түсті. Мен көз алмай қарап отырмын. Шәкір қолындағы шөпті шұқырдың дәл ортасына тігінен қойып бұрай бастады да, «шөре-шөре» деп әндетіп ала жөнелді. Ендігі бір сәтте шұңқыр бетіне кішкентай бір қап-қара қоңыз шыға келді. Шәкір қуанып кетті:

- О, міне, шөре шықты! Әкел аяғыңды, Әлден, шөрені табу өте қиын. Ал мұны табанына жаққан адам жалғанда жүйрік, желаяқ болады. Сен де сөйтесің.

Жүйрік болғанды қай бала жек көрсін! Мен дереу аяғымды ұсындым. Шәкір әлгі қоңызды алақанына салып, менің табаныма басты да, уқалай бастады. Сөйткен сайын менің денем біртүрлі сергіп, көңілденіп бара жаттым.

- Шәкір, мына шөрең шынында жақсы екен. Аяғымның жүргісі келіп барады. Жүр, кеттік.

- Жүр. Жарысамыз ба?

- Жарысамыз.


* * *
Жаңағы шөреден болды ма, әлде, тынығып қалғандыкі ме, сай басындағы жотаға тез-ақ шықтық. Енді алдымызда бетеге, боз, ақселеу жамылған ойлы-қырлы сары дала жатты. Бізге бұл жота жақсы мәлім, қазір мына алдағы ойпаңның арғы жағындағы анау созылып жатқан белдеуді


-25-

асқан соң-ақ, біздің ұжымшардың егіні басталады. Біздің шешеміз де сонда. Екеуіміз жарыса жөнелдік.

Егіншілер келесі ойпаттағы алқапта болып шықты. Қыз-келіншек, әр жастағы әйелдер қалың бидайды қол орақпен бері қарай орып келеді екен. Бізді алғаш бойын жазып, керілмек болған біреуі көріп қалып еді, демнің арасында барлық орақшы басын көтеріп, кеудеден келетін қалың бидай арасынан едірейіп-едірейіп шыға келді. Бәрі үріккен елікше состиып-состиып тесіліп қалған. Сол сәт үрейлі топтың дәл ортасынан бір ақ жаулықты әйел сытылып шығып, бізге қарай ентелей басып келе жатты. Бұл — біздің шешеміз. Біз екі аяққа ерік бердік. Шәкір менен құрық бойы бұрын жетіп, құшағына кіріп кетті. Мен Шәкірдің басынан аса секіріп барып, шешемнің мойнына жабыса кеттім. Шешем бізді алма-кезек сүйіп жатыр. Мен де шешемнің ащы тер сорғалаған бетінен сүйіп-сүйіп алдым.

- Күндерім менің! Тел қозыларым! Ал неге келдіңдер?


Айтыңдаршы!

Менен бұрын Шәкір жауап қатты:

- Көк сиыр Әлипа апайды сүзіп алды. Соған Шаншар атай ашуланып, мүйізін кесейін деп жатыр. «Мүйізін кестірме» деп папама айтқалы келдік.

- Әпке, жүр, жездеме сен де айтшы!

- Әй, баламысың деген-ай. Сендердің қараларыңды көргеннен бірдеңе болып қалды ма деп зәрем зәр түбіне кеткені. Соған бола сонша жерден әуре болып келгеңдерін қарай көріңдер бұлардың. Әжелерің қалай жібере қойды сендерді? Жоқ, қашып кеттіңдер ме?

- Біз сендерді сағындық дедік. Жіберді, — дедім мен.

-Сағынғандарыңнан айналдым мен сендердің! Енді не істедік? Сендерді айналып-толғанып тұратын көп уақыт та жоқ.

- Біз қазір жездеме барамыз.

- Мейілдерің. Әкелерің дүкенде. Ал ауылға қашан кайтасыңдар еңді?

- Бүгін, — дедім мен.

- Бүгін қайтамыз, — деді Шәкір.

- Неге? Бүгін бізбен бірге болыңдар.

- Шаншар атай көк сиырдың мүйізін кешке кесем деген, — дедім мен.

-26-


- Папама соны айтамыз, — деді Шәкір.

- Айтыңдар, айтыңдар. Шаншар атайға «қой» дей алмас әжелерің. Оның үстіне көлік жоқ, ол жаяу бара алмайды. Ауруынан әлі жөнді айыққан жоқ қой. Әйтпесе ел қатарлы майданда жүрмес пе еді? Ал бара қойыңдар.


Біз ұста дүкенінің есігінің көзіне келіп тұра қалдық. Тұрап теріс қарап алып, көн көрікті ырсылдап басып жатыр. Бір күшейіп, бір бәсеңсіген қып-қызыл шоқ көзінде жаңадан қызара бастаған бір кесек темір жатыр. Келтек үстінде қолында бізге жақсы таныс қысқышы, балғасы бар әкем отыр.

- Жезде!

Әкем бізге жалт қарады да, жайнап сала берді:

- Әу, батырлар-ау, қайдан жүрсіңдер. Қане, келіңдер бері, — деп құшағын жайды.

Біз енді әкеміздің құшағына ендік.

-Үстерің күйе болады енді. Қойыңдар. Одан да әңгіме айтыңдар. Әжелерің аман ба?

Біз барлық жайды жарыса айтып шықтық. Әкеміз бізді әбден тыңдап алды да:

- Әй, кессе, кессінші сол пәленің мүйізін, әркімді бір сүзіп қағынды ғой өзі де, — деп қолын бір-ақ сермеді.

Онда біз кетеміз, — дедім мен бұртиып.

- Бүгін осында болыңдар. Сен оған өкпелеме, балам. Мәселе көк сиырдың мүйізінде емес, сүтінде.

- Жоқ, біз барып Шаншар атайдың көк сиырдың мүйізін кескенін көреміз, — деді Шәкір.

- Ендеше жақсы. Әжелеріңе сәлем айтыңдар. Сендерге беріп жіберетін дәнеңе де жоқ. Бір түйір дәннің өзін майданға жөнелтіп жатқан тірлік қой біздікі. Көк сиыр аман болса, аш болмассыңдар, әйтеуір.

- Біз кеттік, әке.

- Бара қойыңдар, айналайындар. Әкем күрк-күрк жөтелді.


* * *
Біз келсек, балалардың барлығы ауыл алдыңдағы құйда екен, араластық та кеттік. Шіркін, адамның ойлағаны орындалатын болса! Тіптен, бәрін қойғанда, бір-ақ тілекті айтсаңшы. Менің көкейіме


-27-

осы бір, әттеген-ай, ой күн кешкірген сайын жиі орала берді. Мұндай жағдайда мен Күннің батпауын қалар едім. Көк сиыр өрісте жүре берер еді. Шаншар атай да онда көк сиырдың өрістен қайтпағанын біліп, қауындығынан ауылға келе қоймас еді.

Мен осы ойымды балаларға айтып едім, бәрі іліп әкетті.

- Мынаны қараңдар-ай!

Бұл — Қамау. Мені кішісініп тұрғандағысы.

- «Тауықтың түсіне тары кіреді» деген. Құдайдың Күнін батырмайтын дәмесін қараңдар мынаның!

Бұл - Дүйсен. Кәдімгі таңдайы тақылдаған қу Дүйсен. Өзге өзге, Дүйсенге жер болайын ба, шап ете түстім.

- Күн Құдайдікі ме екен?

- Енді кімдікі?

- Төрт жыл бойы не оқығансың?

- Әй, сол оқуды қойшы!

- Мынаны-ай, ей... Көк ми болмасаң, Рысжан апай талай рет ешқандай Құдайсыз-ақ Жердің Күнді айналып жүретінін, Күннің де, Жердің де шар тәрізді екенін шекеңе шұқып тұрып құймап па еді?!

- Құйған. Өтірік сөз миға кіруші ме еді?

- Саған дауа жоқ екен. Бірақ сенде қай бір ми бар дейсің.

Шынында, Дүйсен — нашар оқушы. Мидың азды-көптігі үлгеріммен өлшенеді. Мұны Дүйсен жақсы біледі, талай естіген сөзі, үндемей қалды. Оның есесіне Қамау жауап берді:

- Әй, сол мұғалімдерді қойшы, аузына келгенін айта береді. Жердің Күнді айналады дегені — өтірік. Ақылды болсаң айтшы, Жер айналса, бүгін есігін өзенге беріп тұрған үйлер ертең неге әрі қарап қалмайды?

Қамаудың мынасы мені есеңгіретіп кеткендей болды. Дүйсеннің жаны кіріп қалды.

- Ал «географ», осыған жауап беріп көрші данышпан болсаң.

Шынында, мен — сыныбымызда аты шыққан географпын. Рысжан апай көктемде: «Картадан Еділ өзенін тауып келіңдер» деп тапсырма берді. Мен картадан Еділді таба алмадым. Сөйттім де, КСРО-дағы барлық өзенді өлшеп шықтым. Апай айтқан Еділ мен Волганың ұзындығы бірдей — 3600 километр болып шықты.

-28-


Ертеңіне бірде-бір бала Еділді таба алмай. бардық мектепке. Рысжан апай тізімнің басынан түсіп, бәрімізге екі қойып келеді.

- Жомартов, Еділді таптың ба?

- Жоқ.

- Отыр. Екі.



- Қалданов, Еділді таптың ба?

- Жоқ.


- Отыр. Екі.

Екі. Бұл — өмірі мен алып көрмеген баға. Шошып кеттім.

- Апай, қоймаңыз екіні!

- Неге? Сен басқалардан артық па едің?

- Жоқ. Картада Еділ жоқ.

- Бар.

- Мен КСРО-дағы барлық өзенді өлшеп шықтым. Ұзыңдығы 3600 километр бір-ақ өзен бар. Ол — Волга.

- Ендеше не қыл дейсің? Еділ дегеніміз сол Волга ғой.

- Қалайша?

- Еділді орысша Волга дейді. Карта орыс тіліңде. Сондықтан Еділ картаға Волга болып жазылған.

- Дұрыс айтасыз, картада Еділ жоқ, Волга бар.


Рысжан апайдың бағаналы бері маған тақақтап, ашуға булығып тұрған жүзі жібіп жүре берді.

Мұғалім де болса, өз ағаттығын аяқ астында мойындады.

- Қалданов, саған бес. Қалғандарыңның екілеріңді сызып тастаймын.

Балалар аң-таң. Үзілісте шүпірлеп, бас салып мені жүргізбей қойған. Сөйткен мен Қамаудың мына сұрағына миым жетпей, жағымды сүйеніп отырып қалдым. Кенет сол қолыма бір маса жабыса кетті. Сілкіп едім, ұшпады. Дәл қолымның үстіндегі қалыма тұмсығы тиер-тимес болып жабысып отыр. Қолымды сілтеймін, ол қалыма қараған күйі отыра береді. Міне, мәселе қайда жатыр!

-Таптым мен!

Балалар аңтарылып қалды.

- Жер айналғанда, өзенге қарап тұрған үй неге кері
қарап қалмайды дейсіңдер ғой. Ол былай: Жер деген үлкен нәрсе. Ол айналғанда оның бетіндегі ешқандай зат өз орнын ауыстырмайды. Төмен қарап ағып жатқан өзен аға



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет