Химия 9 класс



бет21/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

Көпатомды спирттер


Жаттығулар.

  1. Көпатомды спирттердің біратомды спирттерден қандай айырмашылығы бар: а) құрлысында; ә) химиялық қасиеттерінде?

  2. Молекула құрамында үш көміртегі атомы болатын көп атомды спирттердің формуласын құрастыр. Оларды ата.

  3. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

метан → ацетилен → 1,2 – дихлорэтан → этандиол – 1,2.

  1. Этанолдан этандиол алуға болатын реакциялардың теңдеулерін құрастыр.

  2. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

этанол → этилен → этиленгликоль → натрий этиленгликоляты.

  1. Глицерин келесі заттардың қайсысымен әрекеттеседі: йод, сутегі, натрий, азот қышқылы? Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жаз.



ЕСЕПТЕР:
1. Массасы 45,4 г глицеринтринитрат (үшнитроглицерин) алу үшін қандай көлем 90% - ті (р = 1,483г/мл) азот қышқылы қажет?
Жауабы: 28,32 мл.

2. Этиленгликольді екі бөлікке 1:3 бөлді. Аз бөлігін артық мөлшердегі азот қышқылы мен өңдегенде 76 г күрделі эфир түзілді. Этиленгликольдің көп бөлігіне 59,80 г натрий қосқанда қандай көлем сутегі бөлінеді?


Жауабы: 29,12 л.

3. Көпатомды спирттердің бірі төменгі температурада қататын сұйықтар – антифриздер дайындауға қолданылады (қысқы уақытта автомильдер двигательдерінде пайдаланылады). Элементтердің массалық үлестері осы спирт молекуласында С – 38,7%, Н – 9,7 %, О – 51,6 % құрайды. Спирт буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 31. Спирттің құрлыс формуласын жазып, атаңыз.


Жауабы: этиленгликоль

4. 1 моль глицерин мен 30 г натрий әрекеттескенде қандай көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді?


Жауабы: 14,6 л.

5. Массалық үлесі 80% (р = 1,45 г/мл) азот қышқылының қандай көлемі массасы 22,70 г глицериннің үшнитратын алу үшін жұмсалады?


Жауабы: 16,3 мл.

6. Массасы 250 г этилен оксиді мен 90 г судан қандай масса этандиол – 1,2 алынады?


Жауабы: 310 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет