Химия 9 класс


Майларды гидрлеудің мәні неде? Реакция теңдеулерін жазып, осы процестің қайда қолданылатындығын көрсетініз. 3



бет29/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

2. Майларды гидрлеудің мәні неде? Реакция теңдеулерін жазып, осы процестің қайда қолданылатындығын көрсетініз.


3. а) Құмырсқа қышқылының пропил эфирі гидролизінің ;
ә) метилбутаноат синтезінің;
б) натрий гидроксидінің қатысында қүрамында пальмитин қышқылы болатын май гидролизінің реакция теңдеулерін жаз.


4. Қатты және сұйық майлардың құрамында қандай айырмашылық болатынын көрсет. Олардың қайсысы жеңіл тотығады? Неге?


5. Сабындар деген не? Сұйық және қатты сабындардың құрамындағы өзгешелікті көрсет. Олардың қайсысының жуғыштық қасиеті күштірек? Неге?


6. Майлар гидролизінің қандай түрлерін білесіз? Олардың айырмашылықтары неде?


7. Кермек суда сабынның жуғыштық мүмкіндігі төмендейді? Жауапты реакция теңдеулерімен дәлелде.



  1. Күрделі эфирлердің қолданылу аймақтарын ата. Олар табиғатта қайда кездеседі?




  1. Сабын дайындауда қандай қышқылдардың қандай тұздары қолданылады?




  1. Майлар қайда қолданылады? Олар табиғатта қайда кездеседі?



Есептер:
1. Массасы 221 г болатын майдың (үшолеат) сілтілік гидролизінде түзілетін глицериннің массасын есепте
Жауабы: 23 г

2 Массасы 90 г сірке қышқылы метанолмен әрекеттескендә 100г күрделі эфир түзілді. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есептеңіз


Жауабы: 90 %

3. Реакция өнімнің шығымы 85% -ті құрайтын болса, 37,4 г этилацетат алу үшін қандай масса таза этил спирті қажет?


Жауабы: 23 г.

4. Реакция өнімнің шығымы 80 % -ті құрайтын болса, массасы 29,6 г сіркеметил эфирін алу үшін қышқыл мен спиртің қандай массасы қажет?


Жауабы: 30 г; 16 г.

5. 23 г құмырсқа қышқылының метил спиртімен әрекеттесуінде 24 г күрделі эфир алынды. Эфирдің шығымының массалық үлесін (%) есепте.


Жауабы: 80 %.

6. 4,8 г метанол мен 7,2 г сірке қышқылының әрекеттесуінен 7,4 г күрделі эфир алынды. Эфир шығымының массалық үлесін (%) есепте.


Жауабы: 0,833 немесе 83,3 %.

7. Құрамында (массасы бойынша) көміртегі 54,4 %, оттегі 36,4 % және сутегі 9,1 % болатын күрделі эфирдің молекулалық формуласын тап. Оның буының сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 44. Осы молекулалық формулаға сәйкес келетін барлық күрделі эфирлердің құрылыс формулаларын жаз.


Жауабы:

8. Массасы 5 кг ( үшолеатты) майды қатты майға айналдыру үшін (қ.ж.) қандай көлем сутегі жұмсалады, егер сутегінің көлемдік үлесінің өнеркәсіптік шығыны 8% құрайтын болса?


Жауабы: 413,15 л.


Көмірсулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет