4. Глюкоза мен сахарозаның қолданылатын жерлері?
5. Келесі реакция теңдеулерін жазыңыз : а) глюкозаның спирттік ашуы; ә) сахарозаның гидролизі; б) глюкозаның тотықсыздануы. Барлық реакциялардың өнімдерін ата.
6. Қайсысы гидролизденеді: а) глюкоза; ә) фруктоза; б) рибоза; в) сахароза? Неге?
7. Глюкозаның α- және β – формалары бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
8. Рибоза тотықсызданғанда рибит спиртін береді, ал тотыққанда – рибондық қышқыл түзеді. Осы реакциялардың теңдеулерін жаз.
9. Крахмал →Х→у→ сірке қышқылы өзгерістерін жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз. Мұндағы Х және у заттарының атауын нұсқа.
10. Гликоген деген не? Ол құрылысы бойынша крахмалдан несімен ерекшеленеді? Адам ағзасында қандай роль атқарады?
Есептер.
№ 1. Құрамында 5 % қоспасы бар 300 г глюкозаның ашуында қандай масса сүт қышқылы түзіледі?
Жауабы: 285 г.
№ 2. 1 кг глюкозаны тотықсыздандырғанда алты атомды спирт сорбиттің қандай массасын алуға болады? Оның массалық үлесінің шығымы 80 % - ті құрайды.
Жауабы: 808,89 г.
№ 3. Құрамында 4 % қоспасы бар 250 г глюкозаның спирттік ашуында (қ.ж) қандай көлем көмірқышқыл газы түзіледі?
Жауабы: 59,73 л.
№ 4. Глюкозаны спирттік ашытып 230 г. этил спирті алынды. Қандай көлем (қ.ж) көміртегінің (IV) оксиді бөлінеді?
Жауабы: 112 л.
№ 5. Сахарозаны гидролиздегенде түзілген глюкозадан 27 г сүт қышқылы алынды, сүт қышқылды ашу 50% шығыммен жүрді. Қандай масса сахароза гидролизденді?
Жауабы: 102,6 г.
№ 6. Картоп түйнегіндегі крахмалдың орташа алғандағы массалық үлесі 24 %. Ауданы 15 га жерде өсірілген картоптың 1 га -нан жиналатын өнім 285 ц құраса, одан қандай масса глюкоза алуға болады? Глюкозаның массалық үлесінің шығымы 90%.
Жауабы: 102,6 т.
№ 7. Массасы 200 кг ағаш ұнтағынан қандай масса этил спиртін алуға болады? Ұнтақтағы целлюлоза 55 %. Өндірістегі әр реакцияның өнімінің массалық үлесінің шығымы 60%-ті құрайды.
Жауабы: 22,5 кг.
№ 8. Фотосинтез процесінде глюкозаның түзілуін келесі реакция теңдеуімен өрнектеуге болады:
.
Жер бетінің әр квадрат сантиметрі минутына жуық шамамен 2 Дж Күн энергиясын алады. 10 жапырақта массасы 0,9 г глюкоза түзілу үшін қанша уақыт қажет болады, егер әр жапырақтың ауданы 10 см2 болса? Ал өсімдік Күн энергиясының тек қана 10 % -ін пайдаланады?
Жауабы: 11 сағат 13 минут.
№ 9. Медицинада глюкозаның ерітінді түрінде әр түрлі концентрациясы қоректік зат көзі, ағзадан улы заттарды шығару және залалсыздандыру үшін қолданылады. Массалық үлесі 5% глюкоза ерітіндісінің қандай массасында оның 120 г ерітіп, глюкозаның массалық үлесі 8 % болатын ерітінді дайындауға болатынын есепте.
Жауабы: 3680 г.
№ 10. Целлюлозаның белгілі бір мөлшерін 1:2 қатынасында бөліктерге бөлді. Аз бөлігін гидролизге ұшыратып 72 г глюкоза алынды. Көп бөлігінен қандай масса целлюлозаның үшацетатын алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 78 % -ті құраса?
Жауабы: 179,71 г.
Аминдер.
Жұмыстардың мақсаты: Эксперимент арқылы аминдердің қасиеттерін зерттеу.
Жабдықтар: анилин, дистилденген су, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, күйдіргіш натр ерітіндісі, хлорлы ізбес, калий дихроматы, күкірт қышқылы концентрленген, қаныққан бром суы, пробиркалар, штатив, пипеткалар.
№ 1. Анилиннің тұздарын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |