1. Анилин - ароматты амин . Қаныққан аминдердің формулаларын келтір.
2. Келесі өзгерістерді қалай жүзеге асыруға болады:
метан→ ацетилен→ бензол→ нитробензол→ анилин.
3. Аминдердің негіздік қасиет көрсетуі неліктен?
4. Келесі өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз:
.
Қайсысы Зинин реакциясы деп аталады?
Есептер:
№1. Құрамында 2% жанбайтын қоспасы бар көлемі 40 л метиламин жанғанда (қ.ж) қандай көлем азот түзіледі?
Жауабы: 19,6 л.
№ 2. Массасы 632,4 кг анилин алу үшін қандай масса бензол қажет болады, егер реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 85 % болса?
Жауабы: 624 кг.
№ 3. Анилин бояу өндірісінде, фармацевтикалық препараттар, резина өндірісіне көмекші заттар , полимер материалдар алуда қолданылады. Анилинді хлорбензол мен аммиактан алады:
450 г хлорбензолдан қандай масса анилин алуға болады, егер анилиннің массалық үлесінің шығымы 94 % болса?
Жауабы: 349,7 кг.
Достарыңызбен бөлісу: |