Химия 9 класс



бет36/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

А. Биурет реакциясы.
Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің бір тамшысы мен 4 тамшы күйдіргіш натр ерітіндісін қосып , жақсылап шайқа.

  1. Ерітінді түсі қалай өзгереді?



Ә. Ксантопротеин реакциясы.
Пробиркаға 2 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған концентрлі азот қышқылының бір тамшысын қосып қайнағанша қыздыру.

  1. Түзілген тұнбаның түсі қандай болды?

Пробирканы штативке қойып, оған бір тамшы контрациялы аммиак ерітіндісін қос.

  1. Түс қалай өзгерді?

Бақыланған өзгерістер бойынша қорытында жасаңыз.


Б. Миллон реакциясы.
Пробиркаға 4 тамшы белок ерітіндісін құйып, оған 2 тамшы қорғасынның еритін тұзын  және ерітіндісін қос. Пробирканы жайлап қыздыр. Түс өзгерістерін бақыла. Қорытынды жаса.
Есіңде сақта !
1. Биурет реакциясының көмегімен белоктағы пептидтік байланыстар
  анықталады.

  1. Ксантопротеин реакциясымен құрамында ароматты ядролы қышқылдар

( тирозин, триптофан, фенилаланин) бар белоктар ашылады, ароматты ядро концентрлі азот қышқылынан нитрленеді, аммиак қосқанда құрамында хинонды сақинасы бар нитрон қышқылы түзілуінен қызғылт түс түзіледі.
3. Миллон реакциясының көмегімен құрамында күкірт болатын амин қышқылдары бар белоктар ашылады. Қорғасын ионымен белок құрамындағы күкірт   қара түсті тұнба береді.
3. Нингидринмен реакция.
Пробиркаға 5 тамшы 1%-тік нингидринді қосып қайнатқанда, 2-3 минуттан кейін көк түсті ертінді түзіледі. Бұл α-амин қышқылдарының сапалық реакциясы.
(П.А.Верболович, 200)
Жаттығулар:
1. Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз : метан → А →сірке альдегиді → Б→В →аминосірке қышқылы. Мұндағы А,Б және В заттарын ата.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет