Химия 9 класс


Пробиркаға 2 тамшы анилин және 3 мл дистилденген су құйып, жақсылап шайқап араластырып, лайлы эмульсия алу



бет33/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova
жаратылыстану, 6-СРС Технология решения физ задач, 6-СРС Технология решения физ задач, 6-СРС Технология решения физ задач

Пробиркаға 2 тамшы анилин және 3 мл дистилденген су құйып, жақсылап шайқап араластырып, лайлы эмульсия алу.


Алынған эмульсияның 3 тамшысын жеке пробиркаға құйып, оған бір тамшы тұз қышқылын қосу. Алынған қоспаны алғашқымен салыстыру. Өзгеріс болды ма ?
1. Лайлану неге жойылды? Реакция теңдеуін құр.
Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы күкірт қышқылын қос.
2. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жаз. Алынған анилин тұзы қалай аталады?
3 . Алынған тұз қышқылды анилин мен анилин гидросульфатының ерігіштігі туралы не айтасыз?
Қорытынды жаса.

2 . Тұздарынан анилинді бөліп алу.


Анилин эмульсиясына тұз қышқылын қосып, алынған тұзына ерітінді лайланғанша тамшылатып күйдіргіш натр ерітіндісін қосу.

  1. Ерітінді неге лайланды?

  2. Реакция теңдеуін құр.

3. Анилиннің тотығуы.
Анилинге сапалық реакция – хлорлы ізбеспен  тотықтыру.
Пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған бір тамшы хлорлы ізбес ерітіндісін қосу .
1. Ерітінді түсі қалай өзгерді?
Егер түсі дұрыс көрінбесе, онда ерітіндіні 5-10 тамшы дистилденген сумен сұйылту. Анилиннің хлорлы ізбеспен реакциясын сапалық реакция деп қарастырады. Келесі пробиркаға 3 тамшы анилин эмульсиясын құйып, оған осындай мөлшерде калий дихроматы мен концентрлі күкірт қышқылын қосу . Ерітінді бастапқыда жасыл түске, кейіннен қара түске өзгереді.
2. Ерітінді түсінің осындай реттілікпен өзгеруі немен түсіндіріледі?
Қорытынды жаса. Тотығу реакциясының теңдеуін құр.

4. Хлорлы сутекті анилиннің бромдануы.


Пробиркаға анилин эмульсиясын құйып, оған тұз қышқылы ерітіндісін қосу . Лай жойылып, хлорлы сутекті анилин түзіледі, оған бром суының қаныққан ерітіндісін қосу.
1. Бром суын қосқанда не байқалды?
2. Анилинді бромдау реакциясының теңдеуін жаз.


Жаттығулар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет