Химия 9 класс


Неге аминосірке қышқылынан өзгеше көкшілік амин қышқылдары индикатор бойынша бейтарап (нейтрал) реакция ортасын көрсетпейді? 3



бет37/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

2. Неге аминосірке қышқылынан өзгеше көкшілік амин қышқылдары индикатор бойынша бейтарап (нейтрал) реакция ортасын көрсетпейді?


3. Белоктарды неліктен полимерлерге жатқызады? Өзге полимерден белоктың құрылысы бойынша ұқсастығы мен өзгешелігі неде (полиэтилен, крахмалмен салыстыру)?


4. Адам ағзасында белоктар қандай қызмет атқарады ?


5. Келесі реакция теңдеулерін жаз:
а) α – аминомай қышқылы және калий гидроксиді;
ә) аминосірке және тұз қышқылы.
б) β - аминопропион қышқылы және метанол.


6. Құрамы   болатын амин қышқылының барлық изомерлерінің құрылыс формулаларын құрып, ата.


7. Белок гидролизінде қандай өнімдер түзіледі. Гидролиз сызбасын келтір.


8. Белок денатурациясы деген не? Оның мәні неде? Қандай факторлардан денатурация болады?


9. Алмастырылмайтын қандай амин қышқылдарын білесің? Олардың құрылым формулаларын жаз. Адам ағзасы үшін олардың маңызы неде?


10. Нуклеин қышқылдары деген не? Олардың белоктардан айрмашылығы неде?


Есептер
1. 147,6 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы 96 г анилин алынды. Реакция өнімінің шығымын (%) есепте.
Жауабы: 80%.

2. Массасы 246 г нитробензолды тотықсыздандырып қандай масса анилин алуға болады , егер анилиннің массалық үлесінің шығымы 0,9 болса?


Жауабы: 0,91 немесе 91%.

3. Массасы 150 г аминосірке қышқылы массалық үлесі 30 % , құрамында 30 г болатын ерітіндімен әрекеттескенде қандай масса тұз түзіледі?


Жауабы: 58,2 г.

4. Көміртегі, сутегі, оттегі және азоттың массалық үлесі 32; 6,66; 42,67 және 18,67 % болатын амин қышқылының молекулалық формуласын анықта. Осы амин қышқылының құрылыс формуласын жазып, ата.


Жауабы:  .

5. Көлемі 25 л метиламинді жағуға қандай көлем ауа жұмсалады, егер оның құрамында 4% жанбайтын қоспа болса. Ауаның құрамындағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % құрайды.


Жауабы: 257 л .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет