1. Формулалары бойынша келесі заттарды ата:
Қайсысы бір-біріне изомер бола алады?
2. Метанол мен этанолды қандай тәсілдермен алады?
Реакция теңдеулерін жаз.
Біратомды спирттердің молекулярлық массасының өсуінен неге олардың суда ерігіштігі төмендейді?
Келесі қосылыстардың құрлыс формулаларын жаз:
а) 2-метилпропанол – 1; б) 2 метилпентанол – 2;
ә) 2,3 диметилбутанол – 2; в) 2, 3, 4 – үшметилпентанол – 2
Келесі сызба бойынша сәйкес реакция теңдеулерін құрастыр:
А, В, С деген заттардың аттарын ата.
Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін құрастыр:
а) пропанол → пропен; ә) метанол → натрий метилаты;
б) этанол → бромэтан; в) этанол → диэтилэфирі.
Қандай спирттерді біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп атайды? Дәлелді жауап беріңіз.
Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
ЕСЕПТЕР.
№ 1. Метанолды 1:3 қатынасында екі бөлікке бөлді, аз бөлігін оттегінде жағып, 9 г су алынды. Көп бөлігінен қандай масса бромметан алуға болады, егер оның шығымының массалық үлесі 80% құраса?
Жауабы: 57 г.
№ 2. Этанолды дегидратациялап этилен алынды, алыған этилен 400 г 3,2 % -ті бром суын түссіздендірді, реакцияға түскен этанолдың массасын анықтаңыз.
Жауабы: 3,68 г.
№ 3. 44 мл ρ = 0,789 г/мл болатын этанолды жағу үшін (қ.ж.) қандай көлем ауа қажет? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21%.
Жауабы: 241,5 л.
№ 4. Массасы 14,8 г бутанол–2–ні бромсутектің артық мөлшерімен әрекеттестіріп бром туынды алынды, Вюрц реакциясымен 8,55 г 3,4 – диметилгексан алынды. Алынған 3,4 – диметилгексанның шығымының массалық үлесін (%) есептеңіз.
Жауабы: 75%.
№ 5. Массасы 4,6 г натрий массасы 30г этил спиртімен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемін (қ.ж.) есептеңіз.
Жауабы: 2,24 л.
№ 6. Массасы 200 г бензол пропил спиртімен артық мөлшерде әрекеттескенде (қ.ж.) 8,4 л сутегі бөлінді, ертіндідегі спирттің массалық үлесін (%) есепте.
Жауабы: 22,5 %
№ 7. Массасы 35 г пропанол –1 9,2 г натриймен әрекеттескенде қандай массаса натрий пропилаты түзілді?
Жауабы: 32,8 %
№ 8. Спирттегі көміртегі, сутегі және оттегінің массалық үлесі 52,18, 13,04 және 34,78% құрайды. Спирттің формуласын қорытып шығарып, молекулалық массасын есептеңіз.
№ 9. Зат мөлшері 0,5 моль болатын метанолды артық мөлшердегі калий бромиді және күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда массасы 38 г бромметан алынды. Бромметанның массалық үлесінің шығымын (%) есептеңіз.
Жауабы: 80%.
№ 10. Көлемі 560 л этиленді гидротациялап қандай масса этанол алуға болады? Спирт шығымының массалық үлесі 92%.
Жауабы: 1058 г.
Достарыңызбен бөлісу: |