Күрделі есептер
№ 1. Қоспа 6 л метан мен 8 л циклобутаннан тұрады, оны жағу үшін (қ.ж.) қандай көлем ауа қажет. Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 %.
ж. 285,7 л
№ 2. 255,6 г иодометан мен 50 г натрийді қосып қыздырғанда 19,04 л (қ.ж.) этан
алынды. Алынған этанның көлемдік шығымын (%) есепте.
ж. 94,44 %.
№ 3. Массасы 100 грамнан болатын бес парафинді май шамның оттегінде жануынан қандай масса су түзіледі, егер парафиндегі көміртегінің массалық үлесі 80 % болса?
Жауабы: 900 г.
Алкандар тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары
Алкандар деп қандай көмірсутектерді атайды?
Алкандардың жалпы формуласы.
Алкандардың гомологтық қатарын бастайтын көмірсутек? Гомологтық айырма, гомолог деген не?
Алкандардың гомологтық қатарында изомерия қай көмірсутектен басталады? Изомерлер деген не?
Алкан молекулаларында көміртек атомы электрон бұлтының гибридтенуі қандай? Гибридтенген электрон бұлттарының басқа электрон бұлттарымен бүркелуінен қандай химиялық байланыс түзіледі?
Гомологтық қатарда көмірсутектердің физикалық қасиеттері қалай өзгереді?
Алкандар номенклатурасының негізгі ережелері
Алкандарға қандай реакция типтері тән?
Алкандардың табиғатта таралуы
Алкандарды зертхана мен өнеркәсіпте алу жолдары. Вюрц реакциясы.
Алкандарды қолдану.
Алкандарға сапалық реакция
Біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртегі атомдарының алкандар молекуласындағы белсенділігі қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін мысалға келтіріп, түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: |