Есептер:
№ 1. 3,9 г ароматты көмірсутекті жаққанда 13,2 г көміртегі оксиді (ІҮ) және 2,7 г су түзілді . Ароматты көмірсутектің формуласын тап.
Жауабы: .
№ 2. Зат мөлшері 1 моль болатын бензол алу үшін ацетиленнің қандай массасы керек, егер реакция өнімінің шығымы 30% болса?
Жауабы: 260 г.
№ 3. Көлемі 25 л болатын ацетиленнен (қ.ж) массасы 16 г бензол алынды. Бензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?
Жауабы: 55,17.
№ 4. Массасы 78 г бензолды нитрлегенде массасы 105 г нитробензол алынды. Нитробензол шығымының массалық үлесі (%) қандай?
Жауабы : 85,36.
№ 5. Реакцияның әр сатысының шығымы 100% деп есептеп, құрамында қоспаның массалық үлесі 12 % болатын 300 г кальций карбидінен алынған ацетиленнен қандай масса бензол алуға болады? Алынған бензолды циклогексанға айналдыру үшін (қ.ж) қандай көлем сутегі қажет?
Жауабы: 107,25 г ; 92,4 л H2
Достарыңызбен бөлісу: |