Жұмыс барысы: №1. Екі пробиркаға 3 тамшыдан бензол және толуол құю. Екеуіне де екі тамшыдан KMnO4 ерітіндісінен қосып шайқап араластыру. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеулерімен өрнектеу, түсіндіру.
Тағы да екі пробирка алып, оларға екі тамшыдан біріне бензол, екіншісіне толуол құйып, екеуіне де бром суын қосып, шайқап араластыру. Қандай өзгеріс болды? Өзгерістерді реакция теңдеулерімен өрнектеп түсіндіру.
Жұмыс қорытындысын жаса.
№2. Фарфор табақшасының біріне үш тамшы бензол, екіншісіне толуол құйып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, жанып тұрған шырпымен табақшалардағы ароматты көмірсутектерді жағу. Бақылау жасау, өзгерістерді түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыр.