Есептер.
№ 1 . Көлемі 134,4 л этанды (қ.ж) дегидрлегенде шығымы 85% болатын этен алынды. Алынған этеннен қандай көлем 1,2 -- дихлорэтан (p = 1,24 г/мл) алуға болады?
Жауабы: 407,18 мл.
№ 2. Пропен мен пропан қоспасын гидрлегенде 20 г пропан түзілді. Осындай құрамдағы, осындай массалы қоспаны бромсутекпен әрекеттестіргенде 24,6 г бромтуынды түзілсе, қоспадағы пропеннің массалық үлесі қандай болады?
Жауабы : 42,86 %.
№ 3. Көлемі 0,8 л этан мен этен (қ.ж) массалық үлесі 1,6 % болатын 200 г бром суын түссіздендірді. Әрбір газдың қоспадағы көлемдік үлесін (%) есепте .
Жауабы: 56% ; 44% .
№ 4. Құрамында 6 л этилен және 4 л пропилен болатын газдар қоспасын толық жағу үшін (қ.ж) қандай көлем ауа жұмсалады? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 % құрайды.
Жауабы: 171,43 л.
№ 5. Көлемі 5 л этенді толық жағу үшін (қ,ж) қандай көлем ауа қажет? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21% құрайды.
Жауабы: 71,43.
№ 6 Көлемі 2,24 л пропен (қ.ж) құрамында массалық үлесі 1,6 % болатын бром суының қандай массасын түссіздендіреді?
Жауабы: 1 кг.
№ 7 Массасы 92 г этил спиртін алуға қажетті этиленнің массасын есепте. Спирт шығымының массалық үлесі 80 % құрайды.
Жауабы: 70 г.
№8. Массасы 7 г алкен 16 г бромды қосып алады алкеннің молекулалық формуласын тап.
Жауабы:
№9. Массасы 7 г белгісіз алкен көлемі 2 г метанның (қ.ж) көлемімен бірдей көлем бромсутекті қосып алады. Алкеннің молекулалық формуласын тауып, оның изомерлерінің құрылыс формулаларын жаз.
Жауабы:
№ 10. Келесі сызбаларға реакция теңдеулерін құрастыр:
а) Этен → этен оксиді
ә) этанол → этен
б)
в)
Достарыңызбен бөлісу: |