Бақылау сұрақтары. 1. Алкендер деп қандай көмірсутектерді атайды?
Алкендердің жалпы формуласы?
Қос байланыс тұрған көміртегі атомдарының электрон бұлтының гибридтенуін түсіндір. Байланыстардың түзілу табиғаты қандай? Байланыс ұзындығы, валенттілік бұрышы, байланыс энергиясы деген ұғымдарға түсінік бер.
Алкендердің гомологтық қатары.
Алкендерге қандай изомерия тән?
Алкендердің номенклатурасы.
Алкендерді зертханада және өндірісте алу жолдары.
Алкендердің химиялық қасиеттерін қандай реакция типтеріне біріктіруге болады? Морковников ережесі.
Алкендердің қолданылуы.
Алкендерге сапалық реакциялар.
Алкиндер деп қандай көмірсутектерді атайды? Жалпы формуласы.
Үш байланыстың химиялық табиғаты, электрон бұлтының гибридтенуі, байланыс ұзындығы, бұрышы, энергиясы?