Химия 9 класс



бет10/38
Дата08.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#117871
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Organ-ximia-Tumenbaeva-Zharmuhambetova

Есептер.
1. Қалыпты жағдайда көлемі 61,6 л ацетилен сынап тұзының қатысында гидратацияланып, массасы 72,6 г сірке альдегиді   алынды. Альдегид шығымының массалық үлесін есепте.
Жауабы: 60 % .

2. Құрамында 20 % қоспасы бар массасы 65 г техникалық кальций карбидінен (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?


Жауабы: 18,2 л

3. Көлемі 2600 м3 құрамында 95% метан болатын табиғи газдан (қ.ж) қандай көлем ацетилен алуға болады?


Жауабы : 1235 м3

4. Массасы 208 г ацетиленді толық жағу үшін жұмсалатын оттегінің массасын есепте. Осы масса оттегі қандай масса ауаның құрамында болады? Ауадағы оттегінің массалық үлесі 23 % құрайды.


Жауабы: 640 г О2; 2782,6 г ауада


5. Массасы 1 кг техникалық кальций карбидін сумен әрекеттестіріп 280 л (қ.ж) ацетилен алынды. Кальций карбидінің осы үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін есепте.


Жауабы : 20 %.

6. Ацетиленнің белгілі бір көлемінің массасы 39 г . Осындай көлем пропиннің (қ.ж) массасын есепте.


Жауабы : 60 г.

7. Көлемі 2,5 л болатын этан мен этеннің (қ.ж) қоспасын бром суы арқылы өткізді. Массасы 9,4 г 1,2 - дибромэтан түзілді . Қоспадағы әрбір газдың көлемдік үлесін анықта.


Жауабы: 44,8 %  ; 55, 2%  


8. Көлемі 6 л этан, этен және этин қоспасы 17,4 г күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеседі немесе 28 г бромды қосып алады. Қоспадағы этеннің көлемдік үлесін анықтаңдар.
Жауабы: 37,33 %

9 Келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет