Химия және экология


«Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі»



бет5/11
Дата29.01.2018
өлшемі1,52 Mb.
#35741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. «Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі»

2.1. «Мария Кюри-Склодовскаяның радиоактивті элементерді зерттеудегі еңбектері»
1910 жылы Андре Дибермен бірлесе отырып Мария Кюри таза металл күйіндегі радийді алды. Осымен Мария Кюри 12 жыл бұрын бастаған зерттеулер циклін аяқтады. Ол радий химиялық элемент екенін дәделдеді. Ол радиоактивті эманацияны өлшеудің тәлілін ойлап тапты. Ол радийдің таза металл күйі мен таза радий хлоридін алды. Мадам Кюри радиоактивті құлдырауды өлшеуде дәлдікке қол жеткізді. Кюри ханым радиоактивті ядро құлдырауының уақытын үлкен дәлдікпен есептеуге болады деп жорамалдады. Себебі ол уақыт ешқандай сыртқы күштердің әсерінен өзгермейді. 1903 жылдан бастап Кюри радиоакивті сағаты қолданылады.

1910 жылдың соңына қарай көпшіліктің талабымен Мария Кюридің кандидатурасы Француз ғылым академиясының ең жоғары деген лауазымына ұсынылды. Пьер Кюри бұл академияға қайтыс болуына дейін 1 жыл бұрын қабылданды. Француз ғылым академиясының тарихында Мария Кюри дейін әйел ол ұйымның мүшесі болмаған. Сондықтан болар Мария Кюридің кандидатурасы оның жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалға әкелді. Бірнеше айлардан кейін Мария Кюридің кандидатурасы бір ауыздан алынып тасталынды.

Бірнеше айдан кейін Мария Кюриға Швед корольдігінің ғылым академиясы Нобель сыйлығын тағайындады. Ол сыйлық Мари Кюридің «химия ғылымына қосқан үлесі үшін: радий мен полонийдің ашылуы, радийді бөліп алу мен оның қасиеттерін зерттеуі». Мария Кюри тарихта бірінші рет Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Жаңа Нобель сыйлығының иесін айта отыра, Э.В. Дальгрен «Радийді зерттеу, жаңа ғылымның пайда болуына әкелді, радиология. Ол ғылым өз институты мен журналдары бар ғылым».

Бірінші дүниежүзілік соғысқа таман Париж университеті мен Пастеров институты Радий инстиутының ашылуын жариялады. Онда радиоактивті-лікті зерттеді. Мария Кюри «радиоактивтілікті зерттеу мен оның медицинада қолданлу» бөлімінің бас меңгерушісі болып тағайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мария Кюри соғыс дәрігерлерін радиоактивтілікті медицинада қолданысын үйретті. Мысалы, Рентген сәулелері арқылы адам денесіндегі оқ-дәріні табу. Госпитальдерде ол радиологиялық қондырғыларды жасауға, жылжымалы рентген аппарат-тарымен жабдықтауға көмектесті. Ол өз білімін «Радиология және соғыс» атты еңбегінде баяндады.

Соғыстан кейін Мария Кюри Радиология институтына оралды. Өмірінің соңғы жылдары ол студенттердің жұмысын басқарып, радиологияның медицинадағы қолдануына жол ашты. Ол Пьер Кюридің биографиясын жазды. Оның бұл еңбегі 1923 жылы жарыққа шықты. Мария соғыс аяқталғаннан кейін егемендік алған өз отанына келіп тұрды. Ол Польшада зерттеушілерге көмек көрсетті. 1921 жылы Мария қыздарымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Мария зерттеулерін жалғастыруға сыйға берген 1 тонна радийді алды.

Біраз жылдар бойы радиймен жұмыс істеуі Марияның денсаулығына қатты әсер етті. Мария мен Пьер оның денсаулыққа қауіптілігін білген жоқ. Пьер әрқашан өзімен бірге радий хлоридінің пробиркасын ұстап жүріп. Радий ураннан милолион есе радиоактивті деп мақтанатын. Мария өз төсегінің жанында радий тұздарын қойып қоятын. Оған радийдің түнде жарқырауы ұнайтын. Олардың саусақтары күйіп кетті. Олар денсаулық-тарының нашарлауының себебі радий деп ойлап көрген де емес. Қорғасын табыттағы Мария Складовская-Кюридің денесі әлі күнге шейін 360 беккерель/м3 интенсивтілікпен радиоактивтілік шашып тұр.


2.2. «Табиғи ортаның радиоактивті ластанудың себептері мен зардаптары»
Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Елімізде дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ. Бәрімізге белгілі Қазақстан уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар. Еліміздің экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиоактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 255 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталған. Олардың жалпы радиоактивтік күні 57,6 мың км. Сонымен қатар түрлі жағдайларда пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиоактивті заттар өндіретін орын бар. Семей полигонының териториясында 5,8 млн тоннаға жететін радиоактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың км. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталған. Қазақстан территориясында сақталатын радиоактивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің азда болса мөлшері бар. Радиоактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы-жазы жауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға таралып жататыны сөзсіз. Қазақ даласында ерсілі-қарсылы соққан желдер де радиоактивті элементтер бар қалдықтарды ұшырып әкетіп жататыны да сөзсіз. Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар жер саулығына көп қауіп төндіреді. Оны есептеп шығу мүмкін емес. Қазақстан территориясында радиоактивті қалдықтардың картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске аса ма, жоқ болмаса қағаз түрінде қала ма, ол жағын болжап айту қиын. Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына зиян келтіреді. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау мәселесі осы кездегі кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін киімдерді тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалады, адам денелеріне сәулені дарытпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавтар космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес. Адамзат баласы Жер бетінде пайда болған кезден бастар, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарына тұратын халықтар әр мөл-шерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР/радиация қабылдайды.Бұл денсаулыққа қаншама зиян келтіреді.

Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе өнеркесіптерден шығарылған химиялық заттармен қатар, радиоактивті заттардың қалдығынан топырақ-тың ластануы деңгейі Бетпақдала, Балқаш, Мұғалжар, Ертіс, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы аймақтарында шектеулі рауалы мөлшерден жоғары.



Сонымен топырақтың ластануы сол аймақтарда егін шаруашылығы өнімдерімен жеміс-жидек, көкініс түсімін күрт азайтады. Ал алынған өнімдер құрамында ауыр метелдар, нитрит қалдықтары, т.б. улы заттар адам организіміне түсіп, түрлі аурулардың тууына себепші болады. Соңғы жылдары егін шаруашылығында игерілетін жердің көлемі 2 есеге азайды. Осыған байланысты жерді қайта түлету, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде иесіз жердің қараусыз қалатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығын, соның ішінде егін шаруашы-лығын көтеру мақсатымен жерді жеке меншікке беру мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе жақын арада шешімін табары анық.



2.3. «Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий»

Қорғасын және оның токсикалық қоспалары қоршаған ортаның қауіпті ластанушылары болып келеді. Қорғасынның зиянды әсеріне бейімдел-мегендіктен адам, әсіресе балалардың денсаулығына, бұл қосылыстардың әсері күрделі болғандықтан, мына себептерге байланысты мұны зерттеу қажет:



  • Қорғысын адамдардың тұрғылықты жерлеріне кең таралған;

  • Қорғасын қоршаған ортада өте төмен концентрацияда болған жағдай да балалар денсаулығы үшін зиянды әсер етеді;

  • Қорғасыннан адамның жүйке жүйесі зардап шегеді, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың интеллектуалды дамуына кері әсер етеді;

  • Қорғасын және оның қосыластарымен қоршаған ортаның негізгі ластануы көздерінің пайда болу тегі антропогенді, осыған байланысты төмендетуді қоғамның күшімен реттеуге мүмкіндік туғызады.

Қорғасын және оның қосылыстары политропты уларға жатады (ағзаның әр түрлі мүшелеріне және жүйелеріне әсерлейді), негізнен жүйке және жүрек – тамырлары жүйесінің өзгеруін туғызады, соынмен қатар ферментативті реакцияларды, дәрумендер алмасуын бұзады, адамның иммундық – биологиялық белсенділігін төмендетеді.

Қорғасын және оның қосылыстарынан химиялық әрекетке ұшыраған көптеген балаларда субклиникалық көріністер байқалады, олар ауру түрінде білінбейді, бірақ ағза фунцияларына әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесі қорғасынның кішкене доғаларымен де улану балаларда жүру үйлесімділігін (соның ішінде қол – көз үйлесімділігі), естуді, ұйқыны бұзады, дене дамуын баялатады. Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымы басылымдарында қорғасынның ағза үшін химия – биологилық құндылығы жоқ екені туралы бірнеше рет көрсетіледі. Қорғасын және оның ұлы қосылыстарының әсерінен туған аурулар қоғамның жалпы дамуына бұрыс әсерін тигізеді, өйткені жоғары дарынды адамдар саны қысқарып, төмен интеллектуалды қасиеттері бар адамдар көлемі артады.

Мектеп жасына дейінгі балалар қанның құрамындағы қорғасынның 1 мкг/дл-на жоғарылауы баланың интеллектуалды даму коэффициенті 0,25-0,50 балға төмендеуі анықталған. Бұдан басқасы, қорғасыннан уланудың салдары бірнеше жылдан кейін көрінуі мүмкін. Мысалы, қанның құрамында қорғасынның көп мөлшері анықталған 2 жасар балалар тобын тексеру нәтижелері он жылдан кейін олардың жүйке жүйесін жұмысында ауытқулар болатыны дәлелденді. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың қорғасынмен улану мөлшерінің шегі олардың қан құрамын-дағы мөлшері 10 мкг/дл-на тең деп саналады.

Қоршаған ортаның қорғасынмен негізгі ластану көздері өндіріс кәсіпорындарының қалдықтары, этиленген бинзин және құрылыста, ыдыс, ойыншықтар, соынмен біргі басқа да тұрмыстық обьектілерді өндіргенде қолданылатын, құрамында қорғасын бар бояу және әйнектер болып табылады. Басқа көздері де кездеседі – мысалы, аюрведикалық дәрі – дәрмектер, дәстүрлі ұлттық косметикалық бояулар және т.б., бірақ олар әлемнің жеке елдерінде қолданылады.

Ұзақ мерзімді зерттеулер балалардың қорғасынмен улану ең басында орталық жүйке жүйесі әрекетінің бұзылуына әкелетіні мен бала ағзасына ауыз қуысына лас қолдары арқылы түсетін шаңның құрамындағы қорғасын мөлшері арасындағы тікелей себеп-салдар байланысты болатыны дәлел-денді. Балаларда бұрыс әсерлердің пайда болуына бояулардың ұсақ бөлшектері, ластанған топырақтың элементтері және т.с.с. шаңға араласуы жекткілікті. Осының әсерінен ағзада болатын өзгерістердің алдын - алу үшін гегиналық шаралардың мәні өте зор. Себебі, дәрілік терапевтік емдерді қолдану аз нәтижелі, өйткені олар қанның құрамындағы қорғасын деңгейін уақытша төмендетеді, бірақ оны сүйек ұлпаларынан шығара алмайды.

Қазақстан Республикасы үшін қоршаған ортаның қорғасынмен ластану мәселесі ерекше маңызды. Елімізде қорғасын кендерін өңдірумен қатар ірі металлургиялық кәсіпорындар жұмыс істейді (Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, «Южполиметалл» АҚ және т.б.). бірақ қазіргі уақытқа дейін Қазақстан балалар денсаулығына қорғасын әсерін жоюдың біртұтас бағдарламасы жасалмаған.

Бала қанының құрамында қорғасын шоғырлануының 1 мкг/дл-ге жоғарлауы АҚШ-та шамамен 1 200$ бағаланды.

Қазақстанда қоршаған ортаның қорғасын және оның улы қосындылары-мен ластанудың негізгі көздері өндіріс кәсіпорындары, этилденген бензин, құрамында қорғасын бар бояулар болып табылады.


Құрамында қорғасын бар бояулар
Қазақстанның көптеген аймақтарында жеке балалардың қанында қорға-сын деңгейінің жоғарылауы байқалады. Көбінесе бұл:

  • Ойыншықтарды өндіру кезінде (әсіресе Қытай өндірісі) қорғасын бояуларын қолдану;

  • Ғимараттарды және аула бұйымдарын безендіруге кейбір еден сырларын және эмальді (көбінесе қоңыр, сары және жасыл түстерін) қолдану;

  • Ыдыс өндіру кезінде қорғасын әшекейін (негізінен Қытай, Ресей және Қазақстан керамикасы) қолдануға байланысты;

Балалар денсаулығына қорғасынның мұндай әсерін құрылыс материалдардың және тұрмыстық заттардың сапасын бақылау күшейтілсе (ең бірінші, өнімді міндетті сертификаттау кезінде СЭС-тің ролін жоғар-латты, сонымен қатар арнайы жабдықталған лабораториялар құрастыру), жеке гигиенаны сақтау, мектепке дейінгі балалар мекмелері қызметкер-лерінің, медициналық жұмыскерлердің, ата-аналардың арнайы дайынды-ғын жоғалтқан жағдайда алдын алуға болады. 1996-2001 жылдарда Қазақстанда жүрзілген зерттеулер нәтижесінде кепілдемелер шығарылған, олар Павлодар қаласына қолданылды. Нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелер барған балалардың қынындағы қорарғасынның орташа деңгейі екі есе төмендетуге мүмкіндік берді.
Кадмийдің ағзаға әсері
Кадмийдің де ағзаға әсер етуі сынапқа ұқсас, бірақ ол организмде ұзағырақ сақталуының нәтижесінде организмнен кальцийді шығарып алып, ферменттер құрамына цинкті орналастырады. Кадмий темірдің сіңірілуіне әсер етіп, темір тапшылықты анемияның дамуына себеп болады және гемопоэзді бұзып, иммундық жүйенің қызметіне кері әсер етеді [Капитонова Т.М., 1998, Сидоров Н.Ф., 1995]. Ауыр металл тұздарымен (қорғасын мен кадмийдің) тұрақты уланудың иммундық жүйеге әсері туралы зерттеулер көп, бірақ олардың инфекциялық аурулардың ағымына патологиялық әсері бұрын толық зерттелмеген.


  1. «Сутегі»


3.1. «Сутегі -болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі.

Металл гидридтері – автомобиль үшін сутек жанғыш отын»
Сутекті алғаш Г.Кавендиш зерттеп, оны «жанғыш ауа» деп атаған (1766). А.Лавуазье сутектің қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосыпты (1787). «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824).Сутекті алғаш рет мырышпентұз және күкірт қышқылын әрекеттестіру аркылы 1776 жылы Г. Кавендиш алған. Ол оған «жанғыш ауа» деген ат берген, себебі ол жай заттардың арасындағы өте жанғыш газ. Ал 1783 жылы А. Лавуазье мен Ж. Менье суды термиялық айырып, ол оттек және сутек элементтерінен тұратынын анықтаған, казіргі колданылып жүрген атауын (Hydrogenium- су тудырушы) француз ғалымы А. Штон де Морво берген (1787 жылы). Оның орысша да, қазақша да аттары осы мағынаны береді.

Дүние жүзінде жылына шамамен 350*109 тонна сутек өндіріледі. Сутек, аммиак, тұз қышқылы, жасанды сұйық отын алуда, майларды гидрогенезациялауда, металдарды сутек-оттек жалынында кесуде, мұнай фракцияларын гидротазалау мен гидрокрекингісінде, тағыда басқа қолданылады. Атом энергетикасында изотоптары маңызды орын алады. Сутекті экологиялық таза орын ретінде қолданудын болашағы зор ().



Каталог: uploads -> doc -> 0227
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0227 -> Сабақ барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет