Химия және химиялық технология факультеті



бет20/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org

4. Химиялық қасиеттері.
Қаныққан көмірсутектермен (алкандармен) салыстырғанда алкендер өте активті. Оларға қосылу, тотығу, полимерлену реакциялары тән. Оның себебі –бір қос байланыстың болуы. Қос байланыстың π – байланысы әлсіз болғандықтан, жеңіл үзіледі де, сол жерімен жоғарыда аталған реакцияларға түседі.
Қосылу реакциялары:
  1. Галогендерді қосып алу:



Cl2 – ең жеңіл, ал J2 ең қиын қосылады.


  1. Н2 – ті қосып алу (гидрлеу):




  1. Галогенсутекті қосып алу:


СН2 = СН2 + НСl → СН3 – СН2Сl


хлорэтан
НJ – ең жеңіл, ал НСl ең қиын қосылады.
Этиленнен басқа алкендерге галогенсутектер Марковников ережесі бойынша қосылады.
Асимметриялық қаныққан көмірсутектерге галогенсутектер қосылғанда сутек сутегісі көп көміртек атомына, ал галоген сутегісі аз көміртек атомына қосылады. Мысалы:
СН2 = СН – СН3 + НСl → СН3 – СН – СН3
|
Cl
Бұл құбылыстың себебі:

Хараш эфектісі


Н2О қосып алу:

этил спирті




Тотығу реакциялары.
KМnO4 ерітіндісімен, сілті немесе бейтарап ортада әрекеттестіріп, түссіздендіреді.

этиленгликоль (екі атомды спирт)


Бұл тотығу әдісі – Вагнер әдісі деп аталады.

Полимерлену реакциялары.
Полимерлену кіші молекулалардың үлкен молекулаларға бірігуін айтады. Полимердің құрамында әдетте мыңдаған, миллиондаған кіші молекулалар болады:
СН2 = СН2 + СН2 = СН2 → – СН2 – СН2 – + – СН2 – СН2 – →
→ – СН2 – СН2 –СН2 – СН2
Схема түрінде:
n СН2 = СН2 → (– СН2 – СН2 –)n
полиэтилен, политен
Техникада, тұрмыста, м. м. 6000-12000 қолданылады.
nСН2 = СН – СН3 → (– СН2 – СН – )n
|
СН3
полипропилен
5. Маңызды өкілдері. Қолданылуы.
Этилен – түссіз, әлсіз сүйкімді исі бар газ. Полиэтилен, спирттер, ПВХ алынады. Сонымен қатар теплицаларда қолданылады.
2СН2 = СН2 + S2Сl2 → СН2 – S – СН2 + S
| |
СН2Сl СН2Сl
иприт –уландырғыш газ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет