Химия кафедрасы орта білім беру ұйымдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын басқару


Мектепішілік бақылаудағы жаңа енгізілімдер



бет9/11
Дата16.03.2018
өлшемі1,66 Mb.
#39399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектепішілік бақылаудағы жаңа енгізілімдер

Еңбегіміздің бұл бөлігінде қала мектептерінде басшылық тарапынан кең қолдау тауып,күнделікті мектеп тыныс-тіршілігіне еніп жатқан жаңа енгізілімдер жайында сөз қозғамақпыз. Қала білім беру басшылығындағылардың міндеті жаңа жағдай алдымызға кескестеп тартып отырған мектепішілік бақылау жүйесін өңіріміз мектептерінде қателікке ұрынбай орнықтыру болып табылады.

Біз жоғарыда сөз етіп кеткеніміздей, мектептің біртұтас табиғи қалыптасқан жүйе ретінде өзіндегі тоқтаусыз өтіп жатқан үрдістердегі келісушілікті кедергіге ұшыратпай қамтамасыз ете білуі қала мектептеріндегі білім көкжиегін кеңейтеді. Осы міндетті шешу жолында ұсынылатыны мектеп жоспарларының орындалуы мен даярлау үрдістеріне өзгерістер енгізіп,педагогикалық іздністерге даңғыл жол ашады.

Шешімін табуға тиісті міндеттердің сан алуандығы оларды бақылап тексерушілердің іс-әрекеттеріне қол байлаушылық жасуда. Бұл-мектеп өмірінің шындығы. Өйткені,кеңестік қазақ мектебінің мүдірі мен қазіргі ҚР мектептерінің мүдірлерінің қызмет атқару стилі екі бөлек дүние.Бұрынғы мүдірлердің көбі уақытын өлтіре алмай кабинеттерінде қалғып-мүлгіп отырса,ал қазір барлығымыз бір күнде 30 сағат болса, бәріне үлгерер едік деген заманға жеттік. Сондықтан, басшыларға ҒТТ(ғылыми техникалық төңкеріс) көмек қолын созуда. Осындай құтқарушы құралдардың бірі-басшының электронды қойын дәптері. Оның ТМД кеңістігіндегі мектеп басшыларына таптырмас осы бір көмекші құралдың әдістемесін жасап күнделікті өмірге енгізген Карелиялық мектеп мүдірі Алексей Захарович Андрейко болды. Оның жаңашылдығы мынада:мектеп өміріндегі дамудың мүдір назарынан тыс қалмайтындығы.

Мүдірге көмекші екінші бір жаңашылдық РБА(Ресей білім академиясының) әдіскері С.Г.Зайцевтың «электрондық хатшы» идеясы.

Оларды пайдалануда төмендегідей бағдарламалар қолданылып жүр:

1) Microsoft ® фирмасының Windows ®95(орыс нұсқасындағы) пакетіндегі Schedule+For Windows 95tm бағдарламасы;

2) Lotus ® Development фирмасының Lotus Troha tm пакетіндегі орыс нұсқасы Rus 1.0 одан жоғары Lotus Organizer/tm бағдарламасы.

Бұларды біз жайдан жай ауызға алып отырғанымыз жоқ,жоғарыда келтірген бағдарламалар негізінде мектеп басшылығы көп нәрсеге қол жеткізе алады.Ресейдің Армавир қаласының №1 мектебінде ОҮЫБ(оқу үрдісін ықтимал басқару) өмірге еніп, оқушының қолына орнатылған элқон(электронды қондырғы) арқылы мұғалім оның не дұрыс,не бұрыс жауап бергенін аңғарады. Ал,оқушы алдындағы таблодағы жүгіртпе жолдан: «Жарайсың!», «Дұрыс емес,қайыра ойлан!» деген сияқты сөздерді оқи алады.

Біздің ойымызша,СМПИ математика және математиканы оқыту кафедрасының оқытушыларымен тізе қоса отырып,қазақ және орыс тілдерінде отандық «электронды хатшы» мен ОҮЫБ-ларды қала мектептеріне кіргізу-ЖОО мен білім беру мекемелері арасындағы тығыз байланыс орнатудың алтын көпірі болып табылады.

Құжаттама

Шартты түрде басшылыққа қатысы жоқ,бірақ оқу-тәрбие үрдісін жолға қоюда маңызы зор құжаттар бар. Олар төмендегідей:

1.Сынып журналы

Сынып журналы- маңызды мемлекеттік құжат. Ол оқушының оқудағы іс-әрекетін жан-жақты ашып көрсетеді. Заңға сай журнал мектепте 5 жылға дейін сақталып,одан соң мемлекеттік архивке өткізіледі.Әрбір сынып журналында оның қалай жүргізілетіні туралы нұсқаулық беріледі.Тәжірибе көрсетіп отырғандай,онда мән бар,Оқмең журналдың қалай толтырылуы туралы отырысты мектеп мұғалімдерімен бас қосқан отырыста сөз етеді. Одан кейін әрбір мұғалім онымен танысқаны туралы нұсқауға қолын қояды.

Мектеп мүдірі мен Оқмеңнің сынып журналдарын тексеруі төмендегідей бақылау мақсатын білдіреді:



  • «журналдардың толтырылу жағдайы; баға қоры»;

  • «сынып журналдарының І тоқсан соңындағы жағдайы»;

  • «сынып журналдары бойынша 9 бен 11 сыныптарда оқитын түлектердің сабаққа қатысу жағдайы»;

  • «журналдардың толтырылуы бойынша сынып жетекшілерінің жұмыс деңгейін аңғару; пән мұғалімдерінің баға қорын анықтау»;

  • «мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және олардың тәжірибелік бөліктерін,тоқсан бойына қойылған бағаның шынайылығын тексеру»;

  • «пән мұғалімдерінің журналды дұрыс,әрі дер кезінде толтыруын,нашар және үлгерімі төмен оқушылардан сұрауының жағдайын тексеру»;

  • «оқу жүктемесіндегі айлық көрсеткішіне сай пән мұғалімдерінің журналдағы жазбаларының сәйкестігі».

Осылайша,нақты мектеп журналдарды тексеруде алдына осындай тыңғылықты мақсат қояды.

Мекеме басшыларының мыналарға басты назар аударғаны жөн. Ол:жураналдарды тексерудің қажеттілігі мен дұрыстығын ондағы жазбалардың оқу жүктемесіне сай келетіндігін анықтау мақсатында жүргізгені орынды деп санаймыз. Оны оқу жылында төрт рет жүргізген дұрыс. Себебі тоқсан соңында жүргізілген тексерулер байқалған кемшіліктерді дер кезінде түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Кейін жоғары жақтан келген тексеру бетімізге бадырайтып баспай,кеткен қателіктерді өзіміздің оңап отырғанымыз ләзім.



Егерде журнал тексеру жөніндегі ойымызды түйіндейтін болсақ,жұрт келесіне мынадай ой салғымыз келеді. Қайыра тексеру кезінде кейбір әріптестеріміз тарапынан журнал толтыру жөнінде бұрынғы қателіктері қайыра орын алатын болса,онда «ескерту» түрінде тәртіптік ауызша сөгіс беріп, ҚР еңбек кодекісіне сай сол оқу жылы ішінде моральдық және материалдық марапаттауға ұсынбау керек. Сонда көбіне ұсақ-түйек болып көрінетін құжат толтырудағы бадырайған қателіктер мектеп өмірінен біржола өшеді.

2.Пән бойынша оқушының жұмыс дәптері

Дәптер дегеніміз-ҒТТ дәуірінде ғылым мен техника қанша өркендеп кетсе де,оқушы білім алуының міндетті белгісі болып бәрі бір қала береді. Бұндайда оқушы дәптерді пайдаланбайтын оқу пәні мүлдем ауызға түспейді.Осыны жақсы түсіне отырып,олардың дәптер толтыруын белгілі бір дәрежеде тексеріп отыруды жолға қоймай,пән бойынша білім алуға ғана қол жеткізбейміз,сонымен бірге қарапайым түрдегі сауатты жазуға да жетісеміз. Өйткені,осы үшін,яғни,пән мұғалімдерінің оқушы дәптерін тексеруіне мемлекетіміз арнайы ақы төлеп отыр. Жүргізілген сараптаулардың көрсеткеніндей, дәптермен жұмысты мектеп әкімшілігі қадағалап отырады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары мектепте ана тілі саналатын пәнді мұғалім өзі оқытатын сыныптар бойынша І жарты жылдық бойы күн сайын тексеріп отыратын жарлық шыққан еді. Бұның ар жағында кеңес үкіметінің баланың сауатты болуына деген игі мүддесі жатыр. Қазір екінің бірі біле бермейтін осы бұйрықтың күшін ешкім жойған жоқ. Қайта оқу-тәрбие жұмысына байланысты ескі жарлықтарды ҚР қайыра басып жатқан не «Мектеп» баспасын,не «Ата мұра» баспасын көрмедік. Ондай тамаша педагогикалық мұралар ескіге күл шашқан кезімізде қолды болып,жоғалып кеткендері жас ұстаздардың өз білімін көтеріп,өткеннен өнеге алуы кезінде табылмайтын жәдігерге айналып отырғаны бүгіндері өкінішті-ақ! Жаңа мен ескінің арасынан сара жол салар болсақ,осы бағытта мектеп әкімшілігі төмендегідей тексеру жүргізеді:

  • мұғалімнің дәптер тексеру нормасын орындауы;

  • оқушылардың үй тапсырмасын орындауы;

  • жазба жұмыстарының дұрыс дайындалуы;

  • орфографиялық ережелердің сақталуы;

  • қатемен жұмыс жасаудың болуы(болмауы);

  • бақылау жұмыстарына арналған дәптерді жүргізуінің дұрыстығы және олардың оқу жылы бойы сақталуы;

  • бастауыш сыныптағы дәптердегі жазбалардың дұрыстығы;

  • үй және сынып жұмыстары көлемінің сай келуі.

Сонымен ойымызды қорыта келе айтарымыз,оқушы дәптерін тексеру барысында мектеп әкімшілігі мыналарды анықтап нақтылай алады:

  • сынып жұмысының көлемі;

  • үй тапсырмасының көлемі;

  • сабақ пен үй жұмысына берілген тапсырмаларда әр қилылық орын алған ба;

  • үйге дербес және шығармашылық тапсырмалар беріле ме;

  • дәптер тексеру жиілігі;

  • қатемен жұмыс жүргізудің болуы мен сапасы;

  • ұлттық біртұтас орфографиялық ережелердің сақталынуы;

  • дәптермен жұмыс істеудегі құныттылық;

  • дәптер мен жұмысты орындау этикеті мен эстетикасы.

Әкімшілік өз тарапынан жүргізген тексерулер барысында тапсырманы мүлде аз беретін және шамадан тыс беретін пән мұғалімдерін анықтап оларға әдістемелік ақыл-кеңес бере алады. Көбіне,біз,мектеп басшылығы,осындай өте қажетті істерді бірінші орынға қоймай, «иә,қатырып жатырмыз» деген мұғалімдердің бір ауыз сөзіне сеніп,білімнің бастау көзіне апаратын дәптер тексеруді екінші кезекке ысырып жүргеніміз жасырын емес.

3.Оқушы күнделгі

Күнделік-мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты үзбей жалғап тұратын құжат. Қазіргі күнделік формасы ескіргенімен ол ата-ана үшін өз баласының сабағын күн сайын,апта сайын,тоқсан сайын қадағалап тұратын жалғыз мүмкіндік. Нарық заңына орай баласының мектепте не істеп жүргенін нақты біліп отыратын ата-ана азайып барады. Сол себепті,күнделіктің құжат ретіндегі рөлі арта түспесе,еш кеміген жоқ. Соған байланысты қаламыздың мектептерінде сынып жетекшілерінің өз қарауындағы оқушыларының күнделіктерімен жұмыс істеу төмендегідей тәртіппен міндеттелген:

  • ата-ана мен оқушының сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер турасында хабары болуы;

  • сабақ кестесі мен үй тапсырмаларының жазбасы;

  • оқушының тәртібіне жасалған ескерту мен ата-аналарға арналған хабарламалардың болуы;

  • оқушы білімінің ағымдағы есебі;

  • оқушы білімінің қорытынды есебі;

  • сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру жиілігі мен сапасы;

  • оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;

  • толтыру мәдениеті;

  • безендіру эстетикасы.


4.Оқушылардың бас жұмысы

Оқушының бас жұмысы-белгілі бір бекітілген үлгідегі номенклатуралық құжат. Оған сауалнамалық мәліметтермен бірге,оқушының жыл бойғы оқу үлгерімі енеді. Оқушының бас жұмысы оның оқу жолын бастаған 1-ші сыныбынан бастап,мектеп қабырғасынан кететін 11-ші сыныпқа дейінгі оқушылық өмір жолында өз иесінің айырылмас серігі болады. «Жеке бас жұмысы» ереже бойынша ол бітіріп кеткеннен кейін үш жыл бойы өзі оқыған мектебінде сақталады.

Бас жұмысты тексерудің ең қолайлы кезі маусым айы,өйткені оқу жылы ішінде баланың басқа мектепке ауысуы,сынып жетекшісінің басқа жерге жұмысқа кетуі мүмкін.

Атап айтар жайт, «Бас жұмысы»-оқушының өзіндік визит кәрткешкесі. Тап осы «Бас жұмысы» арқылы бала оқып жүрген мектептің қандай екенін сөз етуге болады.

5.Оқушыларды тізімдеу кітабы

«Оқушыларды тізімдеу кітабы» шын мәнісінде өте қарапайым. Оған:мектептің құрылғаннан бергі келіп,кетіп оқыған барша оқушы жазылады. Жыл сайын мектепті бітіргендер мен одан кеткендер белгіленіп отырады. Егерде аты-жөні бойынша тап аталған сәтте білім алып жатқандарды санайтын болсақ,оқушылардың ақиқат саны ондағы жазылған цифрға сәйкес келуі керек.



  1. 9 және 11-ші сыныптарды бітіргені туралы кәмілеттік куәлік беру кітабы


9 және 11-ші сыныптарды бітіргені туралы кәмілеттік куәлік беру кітабы-қатаң есеп берілетін номенклатуралық құжат.Әрбір мектеп тиісті орындарға өздерінде оқып,куәлік алуға тиіс оқушылардың санына сай куәлік бланкісіне тапсырыс беріп отырады.

8.Оқушылар туралы бұйрық кітабы

Қаланың көптеген мектептерінің басшылардың әрқайсының жекелеген «Оқушылар туралы бұйрық кітабы» бар. Онда төмендегідей жазбалар болға тиісті. Мысалы:



  • № бәленбайыншы мектеп мынандай қала ауданындағы;

  • әскери мектепке,қазақ-түрік лицейіне т.т. кетті;

  • х фирмасына жұмысқа тұрды;

  • қаладан мүлде басқа жаққа көшіп кетті.

Бұл жазбалар жасы он беске дейінгі оқушыларға қатысты жүргізіліп отырады. Онда «қайда кеткені белгісіз» деген жазба мүлде болмауы керек. Кеткендердің мекен-жайы анық болуы шарт.

8.Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшасы

Еңбек кітапшасы-қызметкердің басты құжаты. Сол арқылы оның еңбек өтілі мен зейнетақысы анықталады. Сонымен бірге жұмыскердің қызмет атқару барысында алған барша алғысы мен марапатталуы жазылады, арнайы «Еңбек кітапшасын толтыру нұсқауында» оған түсірілетін барша жазба түрлері айтылған.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет