Химия кафедрасы орта білім беру ұйымдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын басқару


Мұғалімнің жеке еңбегін ұйымдастыру



бет10/11
Дата16.03.2018
өлшемі1,66 Mb.
#39399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мұғалімнің жеке еңбегін ұйымдастыру

Мұғалімнің еңбегі жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Өйткені оқытылатын пәндер күрделенгендіктен, сабаққа дайындалу мен ғылымның жаңа жетістіктерін зерделеуге көп уақытын жұмсайды. Оның үстіне сыныптан тыс балалармен тәрбие жұмыстарының да жүктемесіне кететін, жұмсалатын уақыт азаймай отыр.

Оның үстіне қоғамдық жұмыстармен айналысу және ата-аналар мен қоғамға бала тәрибесінде қол ұшын созады.

Ағымыздан жарылып,адалын айтар болсақ,мұғалім еңбегін ұйымдастыру сияқты бірде бір еңбек түрі тап осындай нақтылықты талап етпейді. Біз бұны былайша түсіндірер едік:жұмыс уақытындағы мұғалім еңбегінің (сабақтар,тәрбие іс-шаралары) шешуші дәрежеде оның жұмыстан тыс уақытта(сабаққа дайындалу,дәптер тексеру,қосымша сабақ өткізу,тәрбие берудің міндеттерін шешуде) қалайша бел шешпей еңбектене білгеніне байланысты болып келеді. Басқалар еңбегінің зейнетін көріп,жұмыстары біткен соң,алаңсыз тынықса, ұстаздар қауымының еңбектенуі еш тынбайды.

Мұғалім мектептегі өзінің бірінші жұмыс күнінен бастап,міндетті түрде өзінің тиімді еңбек әдісіне,уақыт пен күш-қайратын орынды жұмсай білуге үйренуі шарт. Егер ол осыны дұрыс жолға қоя білмесе,істеген еңбегі желге ұшады. Орынсыз еш нәрсені жоспарламай бәріне үлгерем деп жанталасуда жеке басы мен жанұясы арасындағы алшақтыққа ұрындырып, ақыр соңында денсаулығын құртып,жүйкесін тоздырады.

Міне,осылардың бәрін ретке келтіре білген жан ғана өз еңбегінің жемісін көреді.

Бұған бірден бастығу керек.


Еңбектің уақыттық бөлінісі мен гигиеналық тәртібі

Уақыттың заңмен белгілген көлемі бәрімізге белгілі:8 сағаттық еңбек,оның үстіне жолға т.т.8 сағат кетсін десек,ұйқы мен дем алуға қалатыны бар-жоғы 8 сағат уақыт болып шығады. Ал,ұстазда осының бәрі араласып кеткен. Сондықтан,оны шынайы ретке келтірудің жолы мынандай:

1.Мектептегі жұмыс уақыты:

  • оқу сабақтары;

  • тәрбиелеу іс-шаралары;

  • отырыс,жиналыстар;

  • кабинеттегі жұмыс(нұсқаулар мен материалдар).

2. Мектептен тыс жұмыс уақыты:

  • сабаққа дайындалу;

  • дәптер тексеру;

  • ата-аналарды аралау;

  • қоғамдық жұмыстар(мектептегі және одан тысқары).

3. Бос уақыт:

  • көлік,жол;

  • үй шаруасы;

  • спорт пен мәдени-рухани қажеттіліктер;

  • демалыс пен ұйқы.

Мұғалім істің шынайы мәнісін ескере отырып,оған жуықтата бейімдей өзінің ақылға сыйымды байыпты жұмыс уақыты кестесін құрады.

Мысалы:

Дүйсенбі:

  • сабақтар-4 сағат;

  • тәрбие шаралары-1 сағат;

  • үйірмелер,кабинеттегі жұмыс-1 сағат;

жиыны 6 сағат.

Сыныптан тыс:

  • сабақтарға дайындалу-3 сағат;

  • дәптер тексеру-2 сағат;

  • қоғамдық жұмыс-1 сағат;

барлығы 6 сағат.

Сейсенбі:

  • сабақтар--3 сағат;

  • тәрбие шаралары-жоқ;

  • отырыс-1 сағат,

жиыны 4 сағат.

Сыныптан тыс:

  • сабақтарға дайындалу-2 сағат;

  • дәптер тексеру-2 сағат;

  • ата-анамен жұмыс-2 сағат;

барлығы 6 сағат т.т.

Бұдан көріп отырғанымыздай, мұғалімнің жұмыс күні қым-қуат тынымсыз тірлікке толы екендігі. Бұл арада біз мұғалімге қолайлы жағдайды алып отырмыз. Шындық өмірде 4-5 сабақ,одан соң,ұзаққа созылатын жиналыстар,аяқ астынан туындайтын қағаз бастылық,ұжым ішінде туындайтын конфликтілер т.т. орын алып жатады.

Жұмыс кестесін бір аптаға орайластыра құру уақытты өнімді де,тиімді пайдалануға септеседі. Уақыт ағымына қарай өзгеріс енізіп,уақыт жағынан алдағы орын алып қалатын жағдайға орай бірінші күні болатын іс-шараны алтыншы күнге немесе керісінше ауыстырып отыру үшін бәрін алдын ала жоспарлап алудың мұғалімдер үшін тиімді екенін аңғартады.

Мұғалім ақыл-ой еңбегінің физиологиялық және гигиеналық заңдылықтарын өзінің бес саусағындай білуге міндетті. Күшене жұмыс істеу өте қауіпті,оның үстіне мұғалімнің жұмысы өте жоғарғы сезім толқынысы мен жүйкеге салмақ түсірер қауырт жағдаяттарға толы. Міне,осыған байланысты,ол өзін күн сайын шамадан тыс жұмыс істеуге итермелеп отырады. Өзі сабақ үстінде,ұжым арасында көңілі толмаған іске ашу шақырмай,байыппен өзін-өзі ұстай білуі қажет-ақ. Таңертең тұрғанда гимнастикалық жаттығулар жасап,аз-кем жаяу серуендесе, мұғалімнің өз жанын көзінің қарашығындай күткені болып табылады. Дәргердің кеңесін алуға уақыт таба білу,кәсіпке байланысты орын алатын көптеген аурулардың алдын алғызады.

Жұмыс үстелінде (үйде,жұмыста) отырғанды әрбір 40-50 минут сайын 3-5 минуттық бой сергіту қимылдарын жасап,аяқ-қолы мен белін және мойнын жазып алса,ал компьютер алдында отырғанда мониторға ұзақ тесіле қарамай 10-15 минут сайын назарын басқа жаққа аударып,2-3 минуттай әрі-бері жүріп тұруы керек. Сабақтан соң,қайтатын жолы қауіпсіз,әрі таяу болса,кісіге лық толған қоғамдық көлікте сығылыспай жаяу серуендей отыра үйге қайтқан ләзім. Көңіл сергітудің табылмас тағы бір жолы әріптестермен қалжың айтысып,арқа-жарқа бір жасап қалу,иә,орнын тауып,ретімен,жөнімен қалжыңдаса білгенге не жетсін.

Сабаққа дайындалу үрдісін өзіңді жалықтырмайтындай етіп түрлендіріп отыру керек:оқу-жазу(тапсырма орындау,дәптер тексеру т.т.).

Ұйықтар алдында бой сергітіп,біраз далаға жүріп қайту керек.

Тамақтану-мұғалім денсаулығының кепілі. Сондықтан,мұғалімнің өз рационындағы тұтынатын тағамдарының нәрлілігі мен құнарлылығы 3000 ккалл. аспауы шарт. Дәруменге толы азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор.

Түстен кейін тамаққа сылқия тойып алып сабаққа бару мен бар қайратты жұмсап еңбек еткен организмге зиянды.Өйткені,қан айналысы қалыпты болмай, адамның ойлау қабілеті төмендейді.

Мұғалім сияқты еңбек адамы үшін салауатты дем алу(серуен,балық аулау,жүзу,туризм),мәдени көңіл көтеру(театр,кино,қызықты кездесулер, үйірмелер) еңбек демалысы мен демалыс күндері өте қажет.

Гигиена ережелерін сақтау,күн тәртібі кестесін байыпты құру денсаулықты нығайтып,еңбек өнімділігін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет