Химия кафедрасы орта білім беру ұйымдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын басқару


Аттестация(санаттау)-педагогтың санатын анықтау



бет7/11
Дата16.03.2018
өлшемі1,66 Mb.
#39399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Аттестация(санаттау)-педагогтың санатын анықтау.


Әлеуметтік-психологиялық ахуал-топтағы (ұжымдағы) тұлғаның,әріптестік іс-әрекеттердің өнімді де,жан-жақты дамуына ықпал ететін немесе кесірін тигізетін қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалының жиынтығы.

Бағамдау қалыбы/А.М.Моисеевтің анықтамасында-нормы оценивания/-өзара байланыстағы элементтер:талап,кең көлемді жоспар, қызметтік бағдар және мектептің дамуының абстрактілі/дерексіз/үлгісі.

Бақылау-жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілімділікті бағамдау үрдісі.

Бақылау стандарты-талап ету формасындағы объектіге деген(мектептің бір өзіне немесе оның белгілі бір бөліктеріне деген) нормативтік талап,нәтижесі қарастырылатын объектінің осы талапқа сай келуін тексеріп шығуға мүмкіндік береді.

Басқару әдісі-педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсаттарды,принциптерді, басқару қызметінің мазмұнын жүзеге асырудың амалы.

Басқару құрылымын ұйымдастыру /организационная структура управление/-басқырылатын және басқаратын жүйелердің өзара байланыстылығын қамтамасыз ететін жанама бағыныштылықтағы басшылық буындарының қатаң тәртіппен орналасу жиынтығы.

Басқару принциптері-басқару функциясын жүзеге асырудың негізін түзуші идея.

Басқару стратегиясы-дұрыс және алысты болжауға негізделген басқаруды жоспарлау өнері.

Басқару функциясы-арнайы амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатын басқару іс-әрекетінің нақты түрі.

Басқарудағы әріптестік-нақты шешімдерді атқарушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешімді бірлесе жасап шығу үрдісі.

Басқаруды орталықтандыру-өз кезегінде бір орталықтан басқарылатын жергілікті мекемелердің жоғарыға бағына басқарылуы.

Басқаруды ұйымдастыру формасы-кадрларды іріктеу мен орналастыру және педагоггтар,ата-аналар және оқушылардың іс-әрекетін бір жүйеге келтіру.

Басқарушылық шешім(жоспар, бұйрықтар) қазірде бар басқару ахуалы мен қарастырылатын басқару мақсаты арасындағы байланысты табу үрдісі.

Болжам-мектептің болашағы турасындағы ықтимал нұсқа.

Болжам жасау-ғылыми көріпкелдіктің бір түрі.

Біліктілік (кваликация)-адамның қандайдабір еңбек түрі мен дайындық дәрегейіне жарамдылығының деңгейі.

Бірлесе басқару (коллегиальность в управлении)-нақты шешімді орындаушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешім жасап шығу үрдісі.

Білім беру жүйесі-білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланыстылығының жиынтығы.

Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.

Диагностика –арнайы жобаланған ғылыми әдістердің көмегімен педагогикалық үрдіс,құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау.

Диверсификация ( лат.diversus= түрлінше + facere=жасау)-мыс.білім беру мекемелерін д.//бірмезетте түрлі типтегі оқу орындарының қатар дамуы;қазақша айтсақ,білім беру мекемелерінің түрлінше дамуы.

Жаңа ақпараттық технология –коммуникациялауды жүзеге асыратын ақпараттық сараптау мен өңдеудің өзара берік байланыстағы тәсілдері,амалдары және құралдарының тұтасқан жүйесі.

Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

Жеке басшылық (единоначалие)-өз құзырына жататын мәселені шешуде нақты бір басқару буынына жататын басшының өз бетімен шешім қабылдауы.

Жоспарлау –алға қойылып отырған мақсатқа жасалған педагогикалық сараптаудың нәтижесіне қатысының негізінде шешім қабылдау.

Жүйе -өзара байланыстағы элементтердің білім беру тұтастығын танытуының жиынтығы.

Жүйелік тәсіл-шынайы өмірді зерделеу мен қайта құрулар үшін,сондай-ақ,күрделі жүйелерді басқару жолындағы әдіснамалық бағдар.

Конфликт- екі не одан көп жақтың күресі мен қарама-қайшылығының шұғыл шелнісуі-әр тараптың бір-біріне байлаулы проблеманың шешімін табуға байланысты қатысушылары.

Мектептегі жаңа енгізілім (инновациялық)үрдісі-әр қайсы өз алдына дербес жекеленген инновациялық үрдістерінің бір арнаға тоғысқан жиынтығы.

Мемлекеттік білім беру стандарты-білім берудегі көзделінген толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті ,білімнің,дағды мен машықтардың жиынтығының білім беру үшін тиімді ықшамдалған мазмұны.

Мемлекеттік емес білім беру жүйесі-мемлекттің құзырына қарамайтын оқу орындары.

Менеджмент –адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.

Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.

Орталықсызданған басқару (децентрализация управление)-жоғарыдан басқарылудан төменнен басқарылуға көшуде жергілікті жерге өзін -өзі басқару функциясын беру.

Педагогикалық жүйе-ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту,тәрбиелеу,білім беру мақсатына бағынған құрылымдық,функциялық өзара байланыстардың бөліктері.

Педагогикалық ұжым- адамдардың кәсіби бірлестігі ретінде ұжымның барша сипатына: іс-әрекеттік мақсатының қоғамда алар орнына,басшылықтың болуына,қызмет атқаруының шартты тұрақтылығы мен жалғастығына ие.

Принцип-негіз,жетекші идея.

Ренцензия—қандайдабір ғылыми немесе әдеби туындыға сыни талдау мен бағалау.

Стресс- қалыптасқан жағдайға орай адамның дұрыс мақсатты шешім қабылдауына мүмкіндік бермейтін сезімдік және көңіл ауанындық ахуал.

Стрессор-алабұртушылық жағдайын туғызатын фактор.

Тұлғааралық қатынас- дегеннен ұғынарымыз адамдар арасындағы жеке бастың сезімдік қобалжудың пайда болу сипаты мен өзара әсерінің сыртқа беріліп,әріптестердің бірлесе жұмыс істеуіндегі қарым-қатынастарындағы білінуі.

Ынтымақтастық –адамдармен жұмыс істеуде келісілген орныққан жұмыс жасасуға талпыныс.

Іс-әрекетті ұйымдастыру-алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолындағы адамдар мен амал-тәсілдердің бірігу үрдісі.

Эклектика(гр.eklektikos=іріктеу,екшеу,таңдау) –органикалық емес,іштей сыйыспайтын көзқарастардың,пікірлер мен әдістердің сыртай сыйысымдылығы.

Экспертиза (сараптама)қорытынды шығару мақсатындағы мамандардың (сарапшылардың) мәселені електен өткізуі.

Шығармашылық реферат тақырыптары мен әдістемелік біліктілік жұмыстары

  1. Қазіргі мектепті күрделі педагогикалық жүйе,жаңа енгізілімдер тенденциясы ретінде функцияландыру проблемасы.

  2. Қазіргі мектептегі басқару қызметін жоспарлаудағы жаңашылдық.

  3. Мектеп ұжымының барлық деңгейдегі дамуын басқару жағдайының дәстүрлі және жаңа формалары.

  4. Дәстүрлі және оңдалған нұсқадағы мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны.

  5. Педагогтардың санатын,кәсіби біліктілігін көтерудің: мақсаты,міндеті,ұйымдастыру мәселелері.

  6. Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудағы педагогикалық менеджменттің рөлі.

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС,ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

( ұстаздарды басқару қызметіне көмекші нұсқау)

Мектептің педагогткалық кеңесі

Педагогикалық кеңес дегеніміз-бір сөзбен айтқанда, тұрақты әрекет үстіндегі педагог қызметкерлердің әріптескен өзін-өзі басқару ұйымы. Ол мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы қордаланған мәселелерді қарастыруы үшін өткізіледі. Оның қызметі ҚР «Жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кеңес туралы ережесімен» айқындалған. Сонымен, ҚР үштен жоғары мұғалімі бар жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық кеңес құрылады.

Педагогикалық кеңестің тұрақты құрамына мектеп мүдірі (төраға),оның орынбасарлары,барлық мұғалімдер, тәрбиешілер,сыныптан тыс және мектепішілік жұмысты ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің жалпы мектептік төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің кеңейтілген құрамына талқыланатын мәселенің ауанына орай аралас-құраластықтағы мекемелер мен ұйымдардың өкілдері,ЖОО оқытушылары, жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің мүшелері,балалардың қоғамдық ұйымдарының мүшелері,ата-аналар, оқушылар шақырылады.

Педагогикалық кеңестің төрағасы мектеп мүдірі (кейбір жеке отырыстарда ауыспалы төраға сайлануы да мүмкін) болып табылады. Педагогикалық кеңестің басты мақсаты мен міндеті -мектеп ұжымының күш-жігерін оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыруға жұмылдыру,іс жүзінде педагогика ғылымының жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерін мектеп өмірінде қолдану.

Қазіргі отандық және ТМД елдерінде педагогикалық кеңестің мынандай түрлері айқындалған:



  • оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу жоспарын,бағдарламасын,оқулықтарды, формалар мен әдістерді талқылау және таңдап алу әрі оларды жүзеге асыру жолдары;

  • педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,олардың шығармашылық бастамаларына дем беру,өздерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін тарату жұмыстарын ұйымдастыру;

  • оқушылардың үйірмелерін, студияларын, клубтарын және басқа да бірлестіктерін құрулары туралы; оқушының емтиханға жіберілуі,келесі сыныпқа көшірілуі немесе білім алуы туралы куәлік беру;оқушының мінез-құлқы туралы жылдық бағалау және марапаттаулар мен ескертулер туралы т.б, мәселелерді шешу;

  • оқушылар,ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) пікірін ескере отырып,оқу орнындағы педагогикалық қызметкерлерді санаттауды өткізу;

  • оқу орнында жемісті еңбек етіп жүрген педагог және басқа қызметкерлерді түрлінше марапаттауға ұсыну;

  • тәжірибелік-сынақтық жұмыс түрлерін жүргізу;

  • оқу орнының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтаса жұмыс істеуінің бағыттарын анықтап алу.
Педагогикалық кеңестің функциясы

Оның іс-әрекетіне берілген сараптамалардың түрі мынандай ой түйіндеуге жетелейді, өйткені,қазіргі заманғы педагогикалық кеңес дегеніміз толық функциялы болып табылады. Оның функциялары төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін,атап айтсақ:басқарушылық, әдістемелік,тәлімдік және әлеуметтік-педагогикалық (1.сурет). Біз санамалап келтіргендердің әрқайсының басымдыққа ие болуы педагогикалық ұжым мен оның басшыларының мақсаттық ұстанымына байланысты болып келеді.

Педагогикалық кеңестің басқарушылық (әкімшілік) функциясына төмендегідей:заң шығарушылық, кеңесушілік,диагностикалық, жоспарлы-болжамдық, сараптау-бақылаушылық сияқты түр ерекшеліктері енеді.



Заң шығарушылық :әр қызметкер міндетті түрде орындауға тиіс (мемлекеттік,облыстық бағдарларламалар мен оқу жоспарларын орындауға қатысты білім беру ұйымдарының ұсынған шешімдерін қабылдап,жаппай сауаттылықты/мыс: компьютерлік т.т./, емтиханға жіберуді,басқа жұмысқа ауыстыруды, марапаттауды,педагогикалық қызметкерлерді санаттауды т.б.) талаптар ашық дауысқа салумен қабылданып,ұжымдық бірауыздылықты танытады.

Кеңесушілік:ұсыныстардың жөнге түсуі мен оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы туралы шынайы ақпаратты келеге салу.


Педагогикалық кеңес(функциясы)





Басқарушы

лық





Әдістемелік




Тәлімдік




Әлеуметтік-

педагогикалық





Заң шығарушы




Ақпараттық




Дербестікті

қалыптастыру

шы




Коммунативтік





Кеңесуші





Жинақтаушы

-

сараптық




ұйым

түзуші




Бірік-

тіруші




Жинақтаушы-

диагностикалық




Дамытушы





Мотивация-

лық-мақсатты




Ұйыстырушы




Жоспарлы-

болжамдық






Білім беруші




Дүниетанымдық-

идеологиялық






Қорғаушы





Эксперттік-

бақылаушы







Белсендіруші




Тәрбиені

ұйымдастыру




Түзетуші

1-сурет


Педагогикалық кеңестің функциясы
Қорытынды-диагностикалық: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу; әлеуметтік, психологиялық және дәрігерлік тексерулер.

Жоспарлы-болжамдық:мектептің даму перспективасын талқылау,ұжымның іс-әрекетін жоспарлау,оқу жоспары мен бағдарламаларын таңдау.

Сараптау-бақылаушылық: түрлі тақырыптағы есеп берулерді тыңдау,педагогтар мен басшылардың атқарған жұмыстарының қорытындысын шығару,мектеп жарғысы негізінде мұғалім мен оқушы тарапынан орындалуға тиісті талаптар және ата-анамен жүргізілген жұмыстар турасындағы түйіндеулер.

Түзетуші: әлеуметтік тапсырыс,әлеуметтік жағдай және мемлекеттік саясаттың өзгеруіне байланысты мектептің жұмыс жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу.

Педагогикалық кеңестің әдістемелік функциясындағы ақпараттық,қорытынды-талдамалық, дамытушылық,білім берушілік, белсенділік бағыттарын атап айтуға әбден болады.



Ақпараттық бағыт:оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы мен оның жетілдірілу жолдары туралы,педагогика ғылымдарының жетістігі мен алдыңғы қатарлы озық тәжірибені насихаттау туралы хабарламалар.

Қорытынды-талдамалық бағыт:білім беруде үлкен тиімділікке ие форма,әдіс және амал-тәсілдерге иелік етіп,педагогикалық шеберлікті шыңдау,алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолданып,озық мектептер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибелерін пайдалану.

Білім беруші бағыт:бұл, ең алдымен, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін, педагогикалық шеберліктерін, білімділігін, дағды,машығын түрлі формада берудің жолдары арқылы артырып отыру.

Белсендіруші бағыт:әдістемелік қызметтің:ғылыми-әдістемелік кеңес, педкеңестегі проблемалық топтың,пәндік кафедра мен әдістемелік бірлестіктердің,әдістемелік кабинеттегі педагогикалық ұжымның барша буынындағы және әр мұғалімнің өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша жүргізіп жатқан жұмысындағы күш-жігерлерін белсенділендіру.

Педагогикалық кеңестің тәлімдік функциясы әр мұғалімнің жеке бастық дербестігін, педагогикалық ұжымдағы саналы тәртіптілік пен қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған.



Жеке бастық дербестікті қалыптастыру: әр мұғалімнің тұлғалық ерекшелігінің ашылуына және байығуына көмектесе отырып,оның барлық қырынан ашылып,өзін танытуына жағдай жасау.

Ұжымды тәрбиелеу :педагогикалық кеңестің отырысына дайындық жасау үдірісінде жүзеге асады да,ондағы мәселелерді талқылау мен шешімдерді қабылдауға жәнеде оның жүзеге асырылуына барша ұстаздар қауымы тартылады. Ұжымдық жұмыс мұғалімдердің ішкі тәртіпке деген саналылығына, ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке,кең көлемді іс-әрекет жасай алушылыққа қабілетінің жете алуына тәрбиелейді.

Мотивацияны қалыптастыру дегеніміз: әріптестердің іс-әрекеттеріне бірыңғай талап қоюшылықты жобалауда, дамудағы,оқыту мен тәлім берудегі ортақ көзқарастардың жүйесін жасап шығу.

Әлеуметтік-педагогикалық функциялардың атқарылуы төмендегілерден тұрады:

коммуникациялық,педұжымның ата-аналармен, оқушылармен,басқа мектептердегі педагогикалық ұжымдармен байланысы;

келісімділік және қалыптастырушылық, тәрбиеленуші барша тұлғаларға:мектеп,жанұя, қоғамдық ұйымдардардың тарапынан жұмсалған күш-жігерлері;іс-әрекеттеріндегі жүйелілік, мақсатты байланыстар орната білушілігі;

педагогикалық үрдіске қатысушыларға қатысты (денсаулық сақтауды жұмыс пен оқуда сақтау,тамақтану,әлеуметтік қамтамасыз ету,жұмысқа қабылдау мен шығару т.т. жағдайлардағы) құқықтық нормалардың орындалуы және мұғалімдер ұжымы мен балаларды әлеуметтік жақтан қорғау.

Қазіргі таңда еліміз мектептеріндегі практик-басқарушылар түрлі мінбелерден педагогикалық кеңестің функциялық қызметінің қайта қаралуы мен кеңейтілуін жоғарыдағыларға батыра айтып,батыл күн тәртібіне қойып келеді. Өйткені, олар осы тараптағы жаңа қадамдардың жасалуын қалайды.

Педагогикалық кеңес,мектеп кеңесі және ғылыми-әдістемелік кеңестің функцияларының бөлінуі мен өзара байланысы

Мектеп кеңесі-мектепті басқарудың қоғамдық-мемлекеттік ұйымы.

Педагогикалық кеңес-мектептің педагогикалық қызметкерлерінің өзін-өзі басқаруының әріптестік ұйымы.

Мектептің әдістемелік(ғылыми-әдістемелік) кеңесі-оқу-әдістемелік мәселелерді шешу мен жобалауға қатысты ең кәсіби білікті ұстаздар мен мектеп басшыларынан тұратын әріптестік ұйым.

Бұл кеңестердің әрқайсы-бір-бірімен қоян-қолтық араласа отырып,мәселелерді төтесінен қоятын, әрі оның шешімін табуына құқықты әріптестік жұмыс ұйымы. Осы кеңестердің әрқасысы бірін-бірі алмастырмайды және бір-біріне бағынышты болып келмейтін басқару және өзін-өзі басқару ұйымдары болып табылады. Осылардың ешқайсының ішінде,әсіресе,мектеп кеңесі мектеп басшылығына және басқа да басқару ұйымдарына жатпайды тек қана олармен бірлесіп жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қала мектептерінде «Орта білім беретін мектептің кеңесі туралы ереже», «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық кеңес туралы ережелер» жасалынған онда міндеттер,жұмыс мазмұны,кеңестердің іс жүргізуі мен құрамы айқындалған.

Мектеп кеңесі

Мектеп кеңесі дегеніміз-қоғамдық әріптестік ұйым,оның міндетіне мыналар кіреді:мектептің дамуы мен білім беру үрдісін тиімді жүзеге асыруға көмек беру,қоғам мен мемлекет шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде алға қойып орындалуын міндет етіп отырған маңызды талаптарын жүзеге асыруға септесу. Әкімшіліктің,мұғалімдер қауымының,оқушылар және олардың ата-аналарының дәстүрі,жағдайы, ұстанымы бойынша кеңестің жұмысына түрлі өзгерістердің енгізілуі бек мүмкін. Кейбіреулердің айтуына қарағанда,мектеп кеңесі не толық,не жартылай бұрынан келе жатқан кеңестерді, комитеттерді, комиссияларды ауыстыра алады деп ой түйіп,педагогикалық кеңесті, ата-аналар комитетін,оқушылар комитеттерін(оқком-ды) таратуды ұсынады. Бұндай пікірді мақұлдауға да,құптамауға да болмайды. Өйткені,қазіргі таңда мектептер әр қилы,сондықтан түрлінше нұсқалардың ұсынылуы біздер үшін қалыпты жағдайға айналып отыр.

Біздің көзқарасымыз бойынша,ең ұтымдысы тек сол мектеп кеңесі болып табылады,егер онда жалпы басқару жүйесі табиғи үйлесімдікпен ұштасса. Олардың әдеттегі құрылымы 3 тараптан (бөліктен): педагогикалық,ата-аналар және оқушылардан тұрады.



Педагогикалық бөлік. Оның құрамына педагогикалық кеңес сайлаған мүдірдің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері,ұстаздар тобы енеді. Ол кадр мәселесін, педагогикалық тексеруді ұйымдастыруға көмектеседі,конфликтілік жағдайды шешуді т.т. қарастырады.

Ата-аналар бөлігі. Оның құрамына ата-аналар мен қоғамдық өкілдер кіреді. Олар ата-аналар комитетінің функциясын атқарып,түрлі комиссиялардың құрамына еніп,мектеп басшылығына көмектеседі.

Оқушылар бөлігі. Олар жоғары сыныптарда білім алатын оқушылар мен балалардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен (оқушылар ұжымы сайлаған) құрамынан тұрып,оқкомның функциясын (мектеп кезекшілігі,үйірме ұйымдастыру,еңбек істері,жарыс пен олимпиадалар т.т.) атқарады.

Оқу жылы ішінде осы бөліктер өздерінің ұстанған бағыттары бойынша қызмет атқарады. Мектеп кеңесі толық құрамда мектеп өмірінің елеулі мәселерін шешеді. Ағымдағы жұмыстарды кеңес төрағасы мен оның орынбасарлары басқарады.



Мектеп кеңесі кең құзырлылыққа ие. Атап айтар болсақ:

  • жаңа оқу жылындағы кадр ауыс-түйісі мен оқу-тәрбие жоспарының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын талқылайды;

  • мүдір мен оның орынбасарларының және басқа да мектеп қызметкерлерінің есебін тыңдайды;

  • материалдық базаны бекемдеу, мектепті жөндеуден өткізу, жаңадан жүргізілетін құрлыс жұмыстарының жоспарын қарастырады,әрі бекітеді.

  • Шығыстың жұмсалу кестесін қарастырып,арнайы бөлінген қарыжылардың мақсатты жұмсалуы барысын тексереді;

  • Сыныптан тыс тәрбие берудің іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесіп, мектептің санитарлық жағдайы мен балалардың денсаулығы және өмірін қорғауды тексеруді жүзеге асырады;

  • Қиын және аз қамтылған жанұялардан шыққан балалар мен жетім балалар және дімкәс ауруларға өз көмектерін көрсетеді;

  • Келісімдік негіздегі оқытуды ұйымдастырады;

  • Шаруашылық-есептегі қызмет түрлерін (кооператив,оқу цехы, еңбек бригадасы сияқты оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмысқа тартатын еңбек түрлерін) ұйымдастырады;

  • Қалалық,облыстық мәслихатың қарауына білім беру саласына қатысты мектеп дамуы,кадрлық құрамы және қаржы көздері мен демеушілерді тарту туралы мәселелерді ұсынады.

Әр мектеп өзінің «Мектеп кеңесі туралы ережесін» жасап,онда оның мақсаты, міндеті, құрылымы және кеңес мүшелерінің құқығы мен міндеттері айқындайды. Ереже ұстаздардың, оқушылардың және ата-аналардың жалпы жиналысында (конференциясында) бекітіледі.
Мектептің педагогикалық кеңесі

Мектеп кеңесі педагогикалық кеңесті жоққа шығармайды,әрі оның түрлі қызметіне өз кедергісін тигізбейді. Егер мектепте мектеп кеңесі жұмыс істейтін болса,онда педагогикалық кеңес негізінен білім беру үрдісіндегі өзекті ғылыми-педагогикалық проблемаларды,мектептің даму бағдарламасын қарастырып,мектеп басшылығы мен мұғалімдерінің қызметіне баға беріп,ұйымдастыру мәселелері: оқу жоспары мен бағдарламасын бекіту,мұғалімдердің жүктемесі мен санаттау материалдарын бөлу,оқушылардың ауыс-түйісі мен сыныптан-сыныпқа көшу істерін қарастырып шешеді. Қаланың көпшілік мектептері үшін ең басты міндет болып,педагогикалық кеңестің іс-әрекетін дамытып, оны деморкратия мен жариялықтың көмегімен жүзеге асырады. Осы мақсатта педагогикалық кеңеске дайындалу үшін және онда қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жолында мұғалімдерді,оқушыларды және ата-ааналарды іске тартады. Мектепішілік үрдістердің:сабақ пен басқа оқыту формаларына қатысу,мұғалімдер,оқушылар,ата-аналар арасына сауалдамалар жүргізу,оқушылардың білім сапасының орташа бағамдалуы мен мұғалімдердің сарапқа салған мәселелерді зерделеуге қатысына шағын зерттеулер жүргізіледі.
Мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі

Бір қатар қала мектептерінде әдістемелік немесе ғылыми-әдістемелік(ғылыми қызметкерлерді тартумен ) кеңестер құрылып, даму бағдарламасын ұжымдық негізде жобалаушы «мектептің тұтқасы» болып табылады. Ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамына: мектеп әкімшілігі, каферлар мен әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері,ЖОО қызметкерлері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, мектептің ғылыми жетекшілері енеді.

Мектептің ғылыми кеңесі педагогикалық кеңестерді, жалпы мектептік оқу-тәрбие іс-шараларын, біртұтас әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеуді,алдыңғы қатарлы озық тәжірибені тарату мен зерделеуді,кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйыстыруды, әдістемелік кабинеттерді басқаруды дайындап,жоспарын жасайды.

Мектеп кеңесінің,педагогикалық кеңестің және ғылыми-әдістемелік кеңестің ұйыстыру мен бөлу функциялары төмендегі 1-кестеде беріліп отыр.

1-кесте

Басқару ұйымы

Өзін-өзі басқару

Бірлесе басқару

Мектеп кеңесі


Шаруашылық-экономикалық мәселерді шешу.

Педагогикалық кеңесте оқу жоспарындағы өзгерістер туралы,оқушылардың кәсіби бағдары туралы,жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту туралы ұсыныстарды бекітеді.

Бір жылдық мектеп жұмысының жоспарын бекіту.


Педагогикалық кеңеспен бірлесіп

Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңеспен бірлесіп

Педагогикалық кеңес


Оқу-тәрбие үрдісінің даму жолдарын белгілеу. Мектеп педагогтарының озық тәжірибесін бағалап,алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен педагогика ғылымының жетістіктерін өмір тәжірибесіне енгізу.

Ғылыми-әдістемелік кеңеспен және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп


Ғылыми-әдістемелік кеңес


Кеңес жалпымектептік іс-шараларды жобалап,сынып жетекшілері мен мұғалімдерді жан-жақты диагностикалау қорытындысын қарастыру,педагогикалық апталықтар,сыныптық-қорытынды бақылауларды,білім сайыстары мен байқауларды т.т.өткізуді жоспарлау.

Педагогикалық кеңеспен және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп

Педагогикалық кеңестердің мазмұны

Педагогикалық кеңестердің мазмұндық ерекшеліктері олардың тақырыптарында көрініс тауып,қазіргі педагогиканың негізгі делінетін барша ауқымын қамтиды.

Білім беру үрдісінің проблемалары әдетте,қысқаша тезис түрінде жалпы педагогикалық деңгейдегі қиындықтарды танытады. Нақты бір мектептің жағдайында проблема тақырыпқа айналып,оны талқылаудың ара-жігі айқындалады.



Қазіргі білім беру саласындығы проблемалық түсініктердің мазмұндық жиынтығын мектеп кеңесінде қорытындыланған күйде төмендегідей модульдерге бөліктеуге болады:

А модулі.Оқушылардың білім, дағды, машығы.

  • Білім беру мазмұны:статдарт, бағдарлама,мирасқорлық, пәнаралық байланыстар.

  • Білімді,дағды мен машықты тексерудің формасы мен әдістері.

  • Оқуға үлгере алмаушылықтың ескертілуі мен диагностикасы.

  • Ақыл-ой дамуын аңдау.

В модулі. Білім беру технологиясы.

  • Білім беру үрдісін дербестендіру мен әр тектілендіру.

  • Оқу материалын қайта құрудың негізіндегі технология.

  • Коммуникативтік негіздегі технология.

  • Басқаруды жетілдіру негізіндегі технология.

  • Дамытушы және өз бетімен дамыта оқыту.

  • Ұжымдық негізде оқыту жолдары.

  • Альтернативті оқыту.

  • Орнын толтыра оқыту технологиясы.

С модулі. Сабақ.

  • Қазіргі заман сабағына талап.

  • Дәстүрлі емес сабақ формалары.

  • Сабақтағы оқушы әрекетін белсенділендіру.

  • Дамытта оқыту сабағы.

  • Альтернативтік формада оқыту.

D модулі. Тәлім.

  • Қазіргі жағдайдағы тәлім берудің мақсаты мен мазмұны.

  • Сыныптан тыс жұмыс (қосымша білім беру).

  • Мектеп жағдайында баланы әлеуметтендіру.

  • Мектептің тәлімдік жүйесі.

  • Оқушылардың тәрбие көргендігін бақылап білу.

Е модулі. Сынып жетекшілерінің жұмысы.

  • Тәлімдік жұмыстардың бағдарламасы.

  • Ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ).

  • Мінезі аумалы-төкпелі балалармен жұмыс.

  • Балалардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.

  • Сынып ұжымын қалыптастыру.

F модулі. Мектептің дамуы(басқару).

  • Мектептің дамуының бағдарламасы.

  • Педагогикалық экспермент пен даму режіміндегі мектептің жұмысы.

  • Қазіргі заманғы білім беру технологияларын игеру.

  • Оқу-тәрбие үрдісін ықшамдау.

  • Мектеп өмірін демократияландыру.

G модулі. Шәкірт.

  • Оқушы тұлғасы,түлек үлгісі.

  • Балаларды әлеуметтік қорғау.

  • Педагогикалық жүгенсіздіктен оқушыны қорғау.

  • Шәкірттер денсаулығы.

  • Шәкірттер тұлғасына психо-педагогикалық диагностика.

  • Бейімделу педагогикасы.

Н модулі. Ұстаз.

  • Мұғалім тұлғасы.

  • Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым-қатынастарындағы адамгершілік ізет.

  • Мәжбүрлемей оқыту іліміндегі тұлғалық әдіс.

  • Ұстаздың шығармашылық шеберханасы.

J модулі. Ата-ана(жанұя,социум).

  • Бүгінгі жанұялық тәлімгерлік.

  • Балаларды ақтап шығу мен әлеуметтік қорғау.

  • Мектептің ата-аналармен жұмысы.

  • Мектеп,жанұя және қоғамдағы тәлімдік қажыр-қайрат ынтымақтастығы.

  • Әлеуметтік педагогика мен социумды педагогикаландыру.

F,B,С оқыту үрдісін қамтыса,D мен E-тәрбиені,ал,P-басқаруды,және G,H,J-модульдері осы үрдістердегі субъекті мен объектілердің арасындағы проблемаларды қамтиды.

Күнделікті өмірдегі білім беру үрдісінде осы проблемалардың бәрі өзара әрекеттестікте, қозғалыста болып келіп, өзгеріске түсіп,бірде өзекті болса,енді бірде артқа сырғиды. Осы үрдістерді мектептің әкімшілігі мен әдістемелік қызметі отырыстар, семинарлар, дәрістер, сабаққа қатысулар, мұғалімдермен жеке дара сұхбаттасулардың көмегімен басқарады. Туындаған проблемаларды шешу,басқару мен реттеуінің басты құралы болып, педагогикалық кеңес кіріседі.

Кешенді проблемалардың шешімін табу үшін оның алдын алудың жолы мен құралын айқындап,ұзақ уақыттық рұқсат береді,осылайша білім берудің деңгейі мен нәтижесін басқарады.

Мектептің алдында тұрған нақты тақырып, педагогикалық кеңесте ашылып,күн тәртібіне айналады,оған енетіндері:



  • Осы саладағы озық тәжірибелер, талқыланатын мәселелердің теориялық жағын ашу;

  • Мектеп тәжірибесінің (диагностикалық нәтижесі,анкеталық талдау, сабақтардың мысалы т.т.) ахуалы;

  • Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуге шолу;

  • Қозғалған мәселелер бойынша тапсырма (рекомендация).

Күн тәртібіне қойылып талқыланатын тақырып пен мәселенің түсіндіндірілуі проблемалық,ықшам әм ұғынықты болып келуі шарт.
Педагогикалық кеңестердің мазмұнын жоспарлау

Әр мектептің педагогикалық кеңесінің өзіне тән технологиясы болғандықтан жоспарлаудың үш үлгісінің бар екендігі айқындалады:

  1. Ықшам-модульді технологиялық жоспарлау мектеп үшін ең өзекті әлеуметтік-педагогикалық проблемаларға(бір оқу жылы аясында таяу перспективаларды жүзеге асыруға) бағдар ұсталады. Мектеп айналысып жүрген тақырыптың өзіндік ерекшеліктері ескеріледі. Осы жолда жұрттың назарына педагогикалық кеңестің мазмұнындағы бірді-екілі модуль ғана ілінеді.

  2. Педагогикалық кеңес басқа да басқару құралдарымен бірге стратегия модулінің өзгеруіне байланысты дербес әдістемелік деңгейдегі технологияларды қолданады. Бұндай үлгіні басшылыққа алуда педагогикалық кеңесте орта-перспективалық жоспарлауға бағдар ұстанып,жақын 2-3 жылдың бедеріндегі негізгі проблемалар қарастырылуға алынады.

  3. Мектептегі педагогикалық кеңестің өзі негізгі жүйе түзуші құрылымдық құрал ретінде келіп,мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыра алады. Бұндай үлгі стратегиялық, ұзақ мерезімдік (3-5 жылға) жоспарланып ,диагностикалық негізде алысты болжап,мектеп өміріндегі проблемалар тудыратын барша өзекті мәселерді қамти алушылыққа есептелінген,әрі олардың әр кезеңдегі даму барысын қалт жібермей отырады.

Бірінші модель өзектіліктен туындап,ең алдымен, нақты мектептің әлеуметтік тапсырысын, жоғары тұрған ұйымның бұйрығын ескереді,сонымен бірге,оқу-тәрбие жұмысындағы бүгінгі күннің шынайы проблемаларын есепке алады. Бірақ та педагогикалық кеңестер нақты жағдайдағы толғақты мәселеге ғана жауап беріп,мұрагерлік талаптарға жауап бермегендіктен жүйе түзе алмайды,әрі болжамдық функцияларды атқармайды,сол себепті де, мектеп дамуы үшін аса қолайлы бола қоймайды.

Екінші модуль оған қарағанда көш ілгері,білім берудің үрдісінің дамуын жоспарлы түрде ұйымдастырып,оны ұжымдық негізде зерделеулер, талқылаулар мен қоғамдық байыптауды туғызады.

Оқу жылы педагогикалық кеңестің кезеңдерін анықтайды. Оқу жылының өте жиі қолданыланылатын кезеңі бестік құрамнан тұрады:



  • сараптама-жоспарлаушы педагогикалық кеңес тамыздың аяында жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіліп,өткен жылдың қорытындысына талдау жасалынып,алда тұрған проблемалардың шешілу жолына бағдар ұстанып,жоспар қабылданады;

  • екінші,үшінші,төртінші педагогикалық кеңестер-аралық қорытындылармен тақырыптас;

  • бесінші қорытынды-ұйымдастырушы. Онда оқу жылының қорытындысы,емтиханға жіберу,келесі сыныпқа көшіру және т.б. қарастырылады.

Осындай құрылымы бар педагогикалық кеңес бір оқу жылында тіпті негізгі проблемалардың өзін қамти алмайды. Сол себепті, тақырыпты алыс кезеңге орай жоспарлау қажеттілігі туындайды. Мысалға,екі жылға негізделініп жасалған педагогикалық кеңестің мазмұнының логикалық дамуы төмендегідей болып құрылуы мүмкін:

Бірінші жыл:

  • Мектептің даму бағдарламасы(F модулі,даму бағдарламасын талқылау мен жобалау).

  • Бала тұлғасына деген жаңа көзқарас негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру (A+G).

  • Сынып жетекшілерінің жұмысы(D+E).

Екінші жыл:

  • Қазіргі заман сабағы және мұғалім шеберлігі(C+H).

  • Қазіргі заманғы білім беру технологиясы(B).

  • Мектептегі тәрбие жүйесі,тәрбие берудегі ата-ана рөлі(D+J).

Бірінші қосымшада педагогикалық кеңестің екінші үлгі бойынша жоспарлауының мысалы берілген.

Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі жоспарлаудың үшінші үлгісі онда педагогикалық кеңестің мазмұны мектеп таңдап алған даму бағытын (жүйелік өзгерістің стратегиясын) жүзеге асыру үшін жүйе түзуші фактор болып табылады. Бұл жағдайда педагогикалық кеңестің барлық проблемаларын жүйелі қамти алған кезең бірнеше жыл ішінде қайталанып келгенімен,бәрі бір әрбір айналып соққаны сайын проблеманы бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейде қарастырып отырады. Бір педагогикалық кеңестен екіншісіне дейін аралықта әр тақырып дамып, мұрагершілік рет,ықшамдалу принципі(аз күш жұмсай отырып,жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу) сақталынады.

Бастапқы деңгей проблеманы әрбір модульде қарастыру педагогикалық ұжымның білім беру деңгейіне,олардың біліктілік тәжірибесіне (еңбек өтіліне) жасалған диагностикасы арқылы анықталады.

Біліктілік құрамы туралы диагностиканы ТМД аймағында Я.С. Турбовскийдің әдісі негізінде шарты түрде анықтап жүрміз. Ондағы жалпы сараптау талдамасының нәтижесі мұғалімдердің білімі мен дағды-машығының орта деңгейін анықтауға мүмкіндік береді де,оның негізінде педагогикалық кеңес тақырып таңдауда өзіндік бағдар ұстана алады.Көп көлемді алшақтауда ұжымды 2-3 топқа бөліп тастаған орынды. Сол арқылы жүйелі әдістемелік жұмыс істеп,деңгейлерін бірдейлестіруге болады.



Қосымша

2-кесте

Мазмұндық модульдер мен педагогикалық ұжымдардың біліктілік деңгейінің тақырыптарының педагогикалық кеңсестерде жоспарлануы

деңгейлер
Жиынтық

үлгілер

Деңгейлер

І

ІІ

ІІІ

IV

V


A

БДМ


Стандарттар,

бағдарлама-

лар,

мұрагерлік




БДМ-ны

бақылаудың

формасы мен әдістері


Артта қалушы-

лықтан


сақтандыру

және


диагностика

Жалпы

оқулық


БДМ қалып-

тастыру


Ақыл-ой дамуын бақылап отыру

B

Қазіргі білім

беру технологиясы


Әр тектендіру мен дербестендіру

Оқу материалын

қайта құру

технологиясы


Коммуникат-

ивті негіздегі

технология


Басқаруды

игеруді жетілдіру

технологиясы


Дамыта

оқыту


C

Сабақ


Қазіргі

заманғы


сабаққа

талап


Интеграл

сабақтар


Дәстүрден

тыс үлгідегі

сабақтар


Дамыта оқыту сабақтары

Сабақтан тыс оқыту формалары

D

Тәрбие



Сыныптан тыс жұмыс түрлері

Оқу үрдісіндегі тәрбие

Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны

Мектеп жағдайындағы әлеуметтендіру

Мектептің тәлімдік жүйесі

E

Сынып


жетекшісі

Тәрбие жұмысын жоспарлау

ҰШІ әдіснамасы

Кемістігі бар балалармен жұмыс

Балалардың өзін-өзі басқаруы

Сынып ұжымының қалыптасуы

F

Мектеп дамуы



Даму бағдарламасын жобалау

Қазіргі заманғы білім беру технологияларын игеру

Даму кестесіндегі мектептің жұмысы

Оқу-тәрбие жұмысын ықшамдандыру

үрдісі


Болашақ-

тың


мектебі


G

Бала




Педагогикалық

дөкірліктен

қорғау


Тұлғалық амал

Бала денсаулығы

Бала құқы

Баланы әлеумет-

тендіру


H

Ұстаз


Педагогикалық

әріптестік



Мәжбүрлемей

оқыту


Ұстаз тұлғасы

Авторлық әдістемелер

Педагогик-

алық шеберлік



J

Ата-аналар




Мектептің ата-аналармен жұмясы

Баланы әлеуметтік жағынан қорғау

Жанұялық тәрбие

Тәрбиелеу ісіндегі ынтымақтастық

Әлеуметтік

педагогика



Қосымшада берілген 2-кестеде педұжымды бес бастауыш кезеңде (олардың нөмірленуі жыл бойынша уақыттық кезеңмен басқышталып беріліп отыр) педкеңестің тақырыбы етіп жоспарлаудың нұсқасын беріп отырмыз. Оларға педагогикалық кеңес проблематикасының барлық тоғыз үлгісі (БДМ,білім беру технологиясы,сабақ, тәлім,сынып жетекшісі, даму,бала, ұстаз, ата-ана) түгел еніп отыр.

Педагогикалық кеңестің ілкі жоспарлық ұстанымы ұжымның даярлық деңгейін анықтау болып саналады. Егерде ол төменгі (бірінші) кәсібилік деңгейде тұрса,педагогикалық кеңестің жүйеленуі кестенің бірінші бағаны бойынша:



A1-B1-C1-D1-E1-F1-G1-H1-J1 түрінде келеді.

A1...J1 кезеңінен кейін барып, A2...J2 түрінде келеді т.т. басқа жағдайларда ұжым даярлығы түрлі деңгейде, әр түрлі үлгілердің проблемалық жүйеленуінен тұрар болса,онда мысалға: A3-B2-C1-D1-E1-Е4-F1-G2-H1-J1 түрінде болып келеді. Нақты жағдайға байланысты аталған мұғалімдер диагностикасы кейбір тақырыпты педагогикалық кеңесте талқылау үшін олардың басын қосуы мүмкін немесе керісінше,нақыланып алынған соң, екі немесе бірнеше отырысқа арқау болуы да әбден ықтимал. Біз бұрыннан айтып келе жатқанымыздай,педагогикалық кеңестің жылдық кезеңі өз бойына жылдық ойлану іс-әрекеті мен жаңа жылдық кезеңдегі алғашқы талпынысты (ұйымдастыру-теориялық кіріспені) сіңірген.

Стратегиялық жоспарлаудың басқа нұсқасы(жүйелік өзгеріс)жобалау мен дамудың авторлық үлгісінің ары қарайғы жүзеге асырылуын танытады. Педагогикадағы авторлық үлгі дегеніміз- автордың(ұжымның) білім беру үрдісінде жобалап жасап шыққан төлтума, білім беру тәжірибесінің аталған жағдайдағы,өзіндік жаңа енгізілімі болып табылады.

Авторлық өзіндік ерекшелік-заманауи мектепке тән өзгешелік;оның қалыптасып дұрыс жолға қойылуы педагогикалық кеңестер технологиясында үлкен рөл ойнайды. Технологиялық кезең бұл нұсқада бастапқы педагогикалық кеңестен бастау алып,мектеп даму бағдарламасын жобалауға арналады. Жыл бойынша толысып,стратегиялық жоспарлауды оқу-тәрбие ісінің инновациялық аяда игерілуімен байланыстырылады. Семей қаласындағы біраз мектептерде жылдар бойынша дамуды жоспарлау өзара байланыстағы үш бағытпен айқындалаған:


  1. Бала ынтасына байланысты әр текті оқыту.

  2. Өнермен тәрбиелеу.

  3. Бала туралы әлеуметтік-педагогикалық қызмет.

Қолымызға түскен қаламыздың алдыңғы қатарлы ұстаздарының материалдары негізде авторлық тұжымдар мен тәжірибелердің мектептерімізге еніп келе жатқаны көңілімізді қуантады. Тақырыпты түйіндеу мынандай келелі мәселелерді алға тартады: өте маңыздылық, шешім табу қиыншылығы және оған шынайы қол жеткізуге болатындық.
Педоггикалық кеңестегі жоспарлауларға қойылатын талаптар

Бірінші үлгі(бірінші деңгей) технологиясы аясында мынандай талаптар:белсенділік, практикалық мәнділік,жалпыға ортақ тақырыптар,сонымен бірге,заманауилық пен ғылымилық көрініс табуы керек.

Өзектілік тақырыбы қаралатын педагогикалық кеңестерде психо-педагогикалық диагностикаға сүйенген бала мен мұғалімдер ұжымының ахуалы,ондағы әлеуметтік-саяси,әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескерген әлеуметтік-педагогикалық қалып есепке алынады.

Өзектілік-өзінің мәнісі бойынша- мектептің негізгі проблемаларын қазіргі заманғы деңгейде шеше білу. Мысалы,егерде тап бүгін педагогикалық кеңес талқысына мұғалімдердің өз бетімен білім толықтыру мәселесін төтесіне қоя отыра,қазіргі таңда педагогикалық өмірге еніп жатқан жаңаны айналып өтер болсақ,онда еш нәрсеге тұщынтып қол жеткізе алмаймыз. Сол себепті де, педагогикалық кеңеске ұсынылатын тақырып қашанда заманауи, әрі дер кезінде қойылуы қажет.

Ұжымның белгілі бір бөлігіне ғана тән жеке мәселерді өзеурей отыра педагогикалық кеңесте қарату ақылға сыйымды дүние емес. Бұны баса айтып отырған себебіміз,педагогикалық кеңесте баршаға ортақ, маңызды проблемалар қаралу керек.Жеке бастық тақырыптарды көптің талқысына салып,шала бүлініп жатпай әдістемелік бірлестіктердің отырысында немесе сынып жетекшілерінің семинарларында шеше салуға әбден болады. Мысалға,білім сапасын жоғары деңгейге көтеру туралы мәселені әдістемелік бірлестіктердің қарауына берсек,әбден мезі қылған қайталанушылықтардан бірте-бірте құтыла бастаймыз. Оның есесіне барша пән мұғалімдеріне ортақ бұрындары қарастыруға уақыты түскір жетіңкіремейтін таза педагогикалық мәселелердің шешімін табумен басы бүтін айналыса бастайтын боламыз. Осындай жауыр тақырыптардың бірі-сынып жетекшісінің тоқсан сайын тақылдайтын есебін сынып жетекшілері семинарының еншісіне беріп,таза ұжымдық ой алмасуына мүмкіндік беретін өзекті мәселерді ғана педагогикалық кеңес тақырыбы ретінде белгілеп отырсақ, көп нәрседен ұтар едік. Өйткені, ұжымның пікірі,педагогикалық кеңес шешімі мектеп тыныс-тіршілігін жақсартады сонда,егер ондағы қарастырылатын мәселелер жұртың бәрі үшін өзекті болатын болса,ұжымдық талқыға түсе алады.

Тақырыпты таңдау міндетті түрде ғылымилыққа жауап беруге тиісті. Талқыланатын проблеманың ғылыми-теориялық деңгейі психо-педагогика ғылымының (монографиялар,мерзімдік әдебиеттермен танысу,ғылыми конференцияларға,оқуларға т.б. қатысу) іліми жетістіктерін алдымызға жайып салады. Пікір алмасқан кезде ең пайдалысы әрі педагогикалық,әрі аралас ғылымдардағы: психология,әлеуметтану,физиология ой-пікірлерді пайдаланған тиімді,әйтпесең өзге жұрт сенің не айтып,не қойғаныңды қайдан білсін,түкті түсібей иығын бір қиқаң еткізеді де қояды. Бар болғаны сол. Сонымен мектептің өмір тәжірибесінде ғылыми негіздегі ұсыныс қашанда көптің көңілінен шыға отыра, өз орнын таба алуы шарт.

Жоспарлаудың екінші үлгісі өте жоғары деңгейге ие болып, тақырыптың алысты болжағыштығы /перспективті/ мен жалағастылығын бізден талап етеді.Бір күндік сәнге айналған тақырыптарға жалғастылық пен алысты болжағыштың шапанын кигізіп,бостан-босқа тыраштанудың еш қажеті жоқ.



Перспективалық дегеніміз-бұл үлгінің болашағы «орта перспективалық»(2-3 жылдық) аяны қамтып,осы ауқымда жалғастылықты сақтай отыра дамуға бағыт ұстану. Бұл дегеніңіз:тақырыпты таңдай отырып,оның өткенмен байланысын жойып алмау деген сөз. Осы орайда ұжымда қалыптасқан мол тәжірибеге иек сүйей,ондағы қалыптасқан көзқарас пен пікірді есепке ала отырып,бұрындары қаралған мәселеге жаңа қырынан қайта оралу қажет. Өйткені, бір қатар мәселелер араға уақыт салып,педагогикалық кеңесте қарастырылып отырады. Жоспарлаудың міндеті-осы үрдіске дамытушылық сипат беру.

Тіпті бұдан да жоғары талап қойылатыны- педагогикалық кеңесті мектептің даму негізі ретінде жоспарлау.



Концептуальдылық педагогикалық кеңестерді жоспарлауға қолданылып,мынандай тақырыптарды :философиялық,психологиялық, дидактикалық,әлеуметтік-педагогикалық ұстанымдарды алдымызға тартады. Тақырып мектептің даму концепциясымен қабысуы керек. Педагогикалық кеңес қашанда дискуссияны,пікірлер алуандығын, түрлі концепциялар арасындағы ымырашылдықты ұсынып,оны жоспарлау барысында белгілі бір концептуальдылықтың жібі үзілмей сақталып отыруға тиісті. Ол сонымен бірге мектептің даму бағдарламасына сай келуі де шарт.

Жүйелілік, жүйелік әдіс-педагогикалық кеңесті жоспарлаудың әдіснамалық негізі. Жүйенің әдіснамалық нышандары дегеніміз-құрамының тұмастығы мен объектінің құрылымы; бөліктердің біртұтас болып бірігуінің ақылға сыйымдылығы мен заңдылықтары,объектінің қоршаған ортамен байланысы.

Педагогикалық кеңестердің жүйелік тұтастығы мақсатты бағдармен,мектептің білім беру технологиясының өзара біте қайнасуымен, оқушылар құрамымен, әдіснамалық нормативті базасымен және оқу-әдіснамалық қызметпен қамтамасыз етіледі. Ал,педагогикалық кеңестер мазмұнының ұзақ мерезімдік стратегиялық жоспарлануында педагогиканың классикалық принциптері: мазмұнның ғылымилығы, жүйелілік пен бірізділік,қол жетімділік,саналылық,дербестік ерекшелікті ескеру ,теория мен практиканың байланысы,оқу мен тәрбиенің тұтастығы шынайы қолданылып,енгізіліп отырады. Ең соңында,үшінші нышан мектептің қолда бар нәтижесін ескере отырып,оның әлеуметтік тапсырысы мен социуммен байланысы негізінде танылады.

Педагогикалық кеңесті жоспарлауда негізгі құжат болып, мектептің даму бағдарламасы табылады. Перспективалы жоспарлау кезінде модульдердің мазмұны педагогикалық кеңесте қарастырылып, талқыға түседі де,белгілі бір жүйелілікпен 3-5 жылдың көлемін қамтиды.

Біз жоғарыда санамалап көрсеткен талаптардың баршасының орындалуы мәселелік-бағдарлық талдамаға, диагностикалық мақсатты ұйғарылымға педагогикалық кеңестен кейінгі болып өтетін болжамдау үрдісіне,нәтижелерді тексеру мен олардың келесі түзетіліп отыруына тірек болуды қамтамасыз етеді.



Педоггикалық кеңестің формасы мен әдістері

Әдістері мен формасы бойынша педкеңестердің типологиясы
Әдіс дегеніміз-ақиқатқа қарай жол тартудың амалы. Оқыту және тәлім беру әдістері білім беру мақсатына қол жеткізу үшін іс-әрекеттің тәртіпке келтірілген амалы ретінде қатынасқа түседі. Форма өз кезегінде мазмұның ішкі ұйысуы ретінде,технологиялық кезеңдердің құрылымдық үзіктері ретінде жүйенің бөліктері мен тұрақтанған байланысуларын танытатындығымен ұғындырылады.

Қосымша

Педагогикалық кеңестің(түрі мен формасы)



Даярлану мен өткізу әдістері бойынша



Дәстүрлі емес




Дәстүрлі классикалық

Дәстүрлі тиімділікті


Формасы(дәстүрлі) бойынша



Баяндама талқы




Баяндама жасау




Хабарла-

малар

топтамасы




Проблем-

алық

топ

жұмысы

негізінде




Семинар

-практик-

ум



Формасы(дәстүрлі емес) бойынша



әдістеме

лік күн




ҰШІ

форма-

сында




Диспут

диску-

ссия




Шығарм-

ашылық

есеп




Байқау





фестиваль




Іскер

ойын




Дөңге-

лек

үстел




Педаго-

гикалық

кониси-лум




Тұсау

кесер




Аукцион




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет