Бақылау сұрақтары:
Жүйе дегеніміз не? Жүйе түрлерін атаңыздар және оның мәнін ашыңыздар.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық бөліктеріне сипаттама беріп, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіздер.
Педагогикалық үрдістің тұтастығы неден тұрады?
Педагогикалық үрдістің динамикалығын (қозғалысын) қалай түсінесіздер? Оның дамуының қозғаушы күші неде?
2- дәріс
Басқару ұғымы және педагогикалық менеджмент
Жоспар:
Педагогикалық жүйені басқару дегеніміз - әлеуметтік басқарудың түр ерекшелігі.
Педагогикалық жүйені басқарудың функциялары.
Басқарудың негізгі принциптері.
Педагогикалық менеджмент. Принциптері. Функциясы. Әдістері. Талаптары. Жағдайлары.Шарттары.
Ұғымдар: басқару, әлеуметтік басқару, педагогикалық жүйелерді басқару, басқару мақсаты, басқару міндеті, басқару функциялары, басқару принциптері, менеджмент.
1.Қазіргі заманғы педагогика ғылымы басқару ғылымы позициясы тұрғысынан алғанда педагогикалық үрдістің тұтастығын ой елегінен өткізуге талпынуда. Басқару дегеніміз – жүйенің өмірлік заңдылықтары мен өзара қызметтестік әрекеттестігінен туындаған объективті шарттастықтағы құбылыс. Сонымен, басқару дегеніміз не?
Соңғы жылдары ТМД көлемінде шыққан энциклопедиялық сөздіктерге көз жіберсек төмендегідей анықтамаға жолығамыз: «Басқару – функция ретінде түрлі қоғамдық құбылыстардың ұйымдасқан жүйесі, ол белгілі бір құрылымның сақталуын қызмет тәртібін қамтамасыз етіп, олардың мақсаты мен бағдарламасын жүзеге асырады». Объекті табиғатының неге тәуелділігін төмендегідей саралаймыз:
а) биологиялық;
ә) техникалық;
б) әлеуметтік басқару түрлері.
Педагогикалық жүйені басқару - әлеуметтік басқарудың бір түрі. Әлеуметтік қоғамды басқарудың өзіне тән ерекшеліктеріне көңіл аударалық.
Әлеуметтік басқару қашанда адамдармен тығыз байланысты, әрі қоғамдық заңдылықтар негізінде жүзеге асады. Ол, әлбетте, техникалық, биологиялық жүйелермен, табиғат үрдістерін басқарумен қилы сипатта байланыста болып, көбінесе олармен кіндіктес болып келгенімен, ешқашан оларға етене сіңісіп кетпейді, олардың заңдылықтарын өзінің ыңғайына бейімдеп еш ауыстырмайды, қайта қашанда өз мәнін сақтап қалып отырады. Қоғамдағы арнайы саланы басқаруда адамдар белгілі бір ұйымдастыру нормалары, тетіктері т.б. көмегімен өздерінің қатынастарын, мінездерін және қызметтерін түрлі деңгейде басқарады. Бұл арада субъектілік ,әрі объектілік басқарылуда адамдар өзінің бүкіл мүддесіне сай белсенді, мақсат қоя білуші және өзінің қажетін, қызығушылығын, мұраты мен жігерін танытады. Әлеуметтік басқару: бағыттаушы, ұйымдастырушы, реттеуші, әсер етуші қоғамдық үрдістерден тұрады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мынаны атап айта аламыз. Қоғамды басқару өз бойынан мынаны танытады: қоғамдағы өзіндік жетекші топтың тіршіліктің белгілі бір саласында еңбектенетін жеке адамдарға мақсатты, ұйымдастырушылық, реттеушілік әсері.
Басқару стихиялы болып келіп, бейберекет тұрпатта өтетін, кездейсоқ туындап, ақырында өзара шарпысқан шексіз мүдделер текетірестігі сипатында жиылып келгенде, сансыз пікір алалығы негізінде шындыққа бір табан жақын келіп, бәрін қанағаттандыратын әлдебір нәтижелікке қолдарын жеткізетін қоғамдық өздік реттеушілігімен ерекшеленіп тұрады.
Педагогикалық жүйелерді басқару (әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде) өз алдына оның объективті заңдылықтарын тануға негізделген мақсатты түрде бағытталған, түсіністіктегі тұтасқан педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әрекеттестігін танытады.
2. Басқарудың негізгі мақсаты: күштерді, құралдарды, уақытты адам ресурстары үшін қол жеткізетін ықтималды нәтижелерді тиімді де, толыққанды ұтымды пайдалану болып табылады.
Осы мақсаттардан келіп, басқарудың міндеттері туындайды. Ол кең көлемде шешімін тауып, мақсатқа қол жеткізудің технологиясын бізге айқындап береді. Мұндағы міндет дегеніміз – жұмыс немесе жұмыстың бір бөлігі (операция, іс-әрекет), ал ол алдын ала келісілген мерзімде, алдын ала белгіленген тәсіл арқылы орындалады.
Кез келген басқарушылық қызмет белгілі бір аяқталған циклді білдіретін бір ізге түскен мынандай функциялардан тұрады:
а) анализ (талдау);
ә) мақсатты ұйғарылым мен жоспарлау;
б) ұйымдастырушылық қызмет;
в) бақылау мен реттеу;
Педагогикалық жүйені басқару функцияларына сипаттама бере кетелік.Ресей ғалымы Ю.А.Конаржевский жасап шығарған педагогикалық анализдің функциясын түсінуде біз оның басқару қызметінде ерекше жағдайға ие екендігін айқын аңғарамыз. Өйткені, басқару циклі анализден бастау алып,үнемі сонымен аяқталып отырады. Педагогикалық анализдің басты мәнісі – педагогикалық үрдістің даму тенденциясы мен жағдайын зерттеуде, сондай-ақ осы негізде басқару жүйесін тәртіпке келтіруді ұсынатын келесі талдау жасалынған кезде оның нәтижелерін объективті бағалаудан тұрады. Анализ зерттелетін нысандағы бөліктердің бөлініп шығу, ондағы әрбір бөліктің орны мен рөлін, бөліктердің тұтасуын, олардың арасындағы байланыстың орнауын ұсынады. Аталған функцияны жүзеге асырмай, басқару қызметінің мақсаты мен міндетін дәл анықтау, нақты шешімдер қабылдауға, қызметті басқарудағы тиімділік т.т.қол жеткізу мүлде мүмкін емес. Педагогикалық анализ аналитикалық ойлаудың негізінде қалыптасқан тұлғалардың интеллектуалдық әлеуеттілігін қатаң талап етеді . Өзінің мазмұнына қарай анализ мынадай түрлерге бөлінеді:
Параметрлік;
Тақырыптық;
Қорытындылық;
Параметрлік анализ педагогикалық үрдіс нәтижелерінен өту барысындағы себептер мен заңдылықтардың орын алған бұзылынушылықтарының да анықталуының күнделікті алынып отырған ақпарын зерттеуден тұрады. Аталған анализдің нысанасы болып: жеке сабақ, не тәрбие ісі, оқушылардың ағымдағы үлгерімі немесе мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы да болуы да әбден мүмкін. Параметрлік анализ негізінде қабылданған шешімдер кезек күттірмей анықталған,белгіленген сәтте шұғыл орындалуға тиіс.
Тақырыптық анализ педагогикалық үрдістің нәтижесі мен өрістеуі барысындағы ең тұрақты, әрі ең жиі қайталанушы бағыныңқылықты тенденцияларды зерттеуге бағытталады. Ол тұтас педагогикалық үрдістегі жеке бөліктердің өзіндік бой көрсетулерінің басты-басты деген ерекшеліктерін тауып, олардың арасында орын алатын өзара әрекеттестіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық анализдің нысанасы: сабақтар жүйесі, сыныптан тыс жұмыстар т.б. бола алады. Тақырыптық анализдің мәліметтері өз кезегінде қорытындылық анализдің технологиясын анықтайды. Қорытындылық анализ ең көп көлемді уақыттық кеңістік пен мазмұндық аяны қамтиды. Ол өз бойына оқу тоқсаны мен жыл соңындағы педагогикалық қызметтің негізгі нәтижелерін байыптауды сіңірген. Қорытынды анализ дегеніміз-келесі басқару циклдары функциясын жүзеге асырудың негізгі базасы болып табылады;
ә)Мақсат кез-келген жүйенің жүйе құрушы бөлігі болып табылғандықтан, мақсатты ұсыну мен жобалау-өз кезегінде басқару қызметінің бөлінбес функциясы болып табылады. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы мақсатты ұсыну ерекшелігі мыналардан тұрады: мақсаттар иерархиясының сатылануын түзгендегі жалпы мақсат түптеп келгенде, оқушылардың жас ерекшелігі және индивидуальдық- психологиялық ерекшелігіне қатысты болып келеді.Жоспарлау дегеніміз – алға қойылған мақсат пен педагогикалық анализдің нәтижелері арасындағы қатынас негізінде байыпты шешім қабылдау. Осы қабылданған шешім не перспективалы, не ағымдығы шұғыл міндеттерді шешуге есептелініп қабылдануы да әбден мүмкін. Мақсатты ойлау мен жоспарлау дегеніміз – дамудың қажетті жағдайы және педагогикалық жүйенің динамикалық үзіліссіз қозғалысы болып табылады;
б) Қызметті ұйымдастыру өз кезегінде қабылданған шешімдерді орындауға бағытталған. Бұл функцияға енетіні: алдын ала орындаушылар мен көмекші орындаушыларды екшеп алып, орындаушылардың реалды мүмкіндігі мен жағдайына сай алда тұрған қызметтің формасы мен әдістемесін таңдап алу.Қызметті ұйымдастыру дегеніміз – алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін адамдар мен рухани-материалдық құралдардың басын қосып біріктіретін процесс. Басшының ұйымдастырушылық қызметінің құрылымында басты орын алатыны алда тұрған шаруаның мотивациясы болып табылады.. Мотивацияның астарынан біздің түсінетініміз, тұлғалық мақсат пен ұйымдастырушылық мақсатқа қол жеткізу үшін басшының өз бойындағы іскерлікті оятып, және басқа қызмет түріндегі процеске қозғау салу. Мотивацияны қалыптастырудағы кері байланыс: жеке істердің нәтижелері мен өту барысын бағалауда үлкен мәнге ие болады.
в) Басқару циклінің функциялары мен оны бақылау өзара тығыз байланысты болып келеді. Бақылау өзінің жалпы түрінде жоспарланғаны мен қол жеткізілген нәтижелерінің арасында өзара орын алатын арақатынастарының процесін білдіреді.Бақылау процесінде мынанадай сауалдарға жауап аламыз: нені үйрендік? Келесі жолы нені басқаша істеу керек? Қабылданған шешімге бақылау қандай әсер етті? Бақылаудың әсері тиімді немесе тиімсіз болды ма? Жаңа мақсатты жобалауда қандай қорытындылар шығару керек?
Бақылау істің жай – күйіне объективті бағалау мен педагогикалық қызметке жан бітіру үшін төмендегідей талаптардың орындалуы қажет:
Жүйелілік – бақылау үнемі түрлі әдістер мен формаларды қолдану арқылы жүзеге асуға тиісті:
Объектілік(нысандық)-тексеру мемлекеттік стандарттың талабына сай өткізілуге тиісті:
Іскерлік, яғни бақылау нәтижелері позитивті(тиімді) өзгерістер және қателіктерді жоюға жұмылдырылуға тиіс;
Бақылаушының(тексерушінің)-іс мәнісін жете білушілігі.
Бақылау барысында алынған ақпарат өз кезегінде педагогикалық анализдің өзегіне (нысанасына) айналады.
3 Басқару басқада қызмет түрлері сияқты бірқатар принциптерді сақтауға негізделеді. Басқарудың принциптері дегеніміз-басқару функцияларын жүзеге асырудағы негізгі идея. Бір сөзбен айтқанда, приниптер-басқару заңдылықтарының нақты сезілуі мен көрініс табуы болып табылады.
Енді педагогикалық жүйелердің негізгі принциптерін қарастыралық:
Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру мен гумандандыру.
Аталған принципті жүзеге асыру тек жетекшілердің ғана емес,сонымен бірге мұғалімдер,шәкірттер,ата-аналардың белсенділігі мен бастамашылығының дамуын ұстанады. Басқаруға қатысудың бір формасы-басқарушылық шешімдерін әріптестікпен қабылдау. Бұл тек сол жағдайда ғана мүмкін,егер басқару ақпараты ашық және қол жеткізілімді болса. Осы мақсатта жалпы мектеп алдына ұсынылатыны үнемі әкімшілік есеп беріп,мұғалім мен шәкірттерге мектеп тұрмысындағы сауалдарды талқылауға мүмкіндік жасап отыру. Басқарудағы демократиялық нышандарды дамыту өзімен бірге байқаулық сайлауды өткізіп,педагогикалық кадрларды іріктеуде келісім шарт жүйесін енгізуге септеседі.
Қазақ қоғамында гуманитарлық құндылықтар үлкен беделге ие болып келеді. Бұл өз көрінісін педагогикалық жүйелерді басқарудан,әрі оның гумандалуынан табады,сол себепті,басқарушылық өз орнын әріптестікке,бірлесе шығармашылықпен айналысуға,субъектілер(тұлғалар) арасындағы қатынасқа ысырылып жол береді.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
Бұл принципті жүзеге асыру бір жақты басқаруды жоққа шығарып,басқарудың барша функциясында өзара әрекетестік пен өзара байланысты ұсынады.
Тап осылайша,педагогикалық процесті тұтасқан бір тұтас құбылыс деп ұғынсақ,оның жүйелілік табиғаты оны тиімді басқару үшін шынайы жағдай жасайды.
Орталықтану мен орталықсызданудың қолайлы үйлесімділігі.
Орталықтану мен орталықсыздықты басқарудағы туындаған проблеманы шешу басқарушылық шешім қабылдағанда қолайлы өкілеттікті бөліп беруден тұрады. Бір жағынан, орталықсызданудан бас тарту төменгі дәрежедегі басшылардың,мұғалімдер мен оқушылардың бастамашылығын кідіртеді. Осы жайт басқару функциясының қосарлануы мен уақыт жоғалтуға тіке бастап алып келеді. Сонымен,бір мезетте орталықтануды жоққа шығару басшының рөлін төмендетіп,педагогикалық жүйені функцияландыруда орынсыз үзілістердің орын алуына әкеп соғады.
Дара басшылықтың мәні белгілі бір деңгейдегі басшылық жасаушы өз міндетіне жататын мәселе жөнінде өз бетінше,өз алдына дербес шешім қабылдау құқығын пайдалана алуынан тұрады.
Әріптестік(коллегальдық) нақты шешімдерді орындаушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық тұрпаттағы шешімдерді жасап шығуды ұсынады.
Әріптестік педагогикалық жүйені басқарудағы субъектизм мен авторитаризмді жеңіп шығуға көмектеседі. Сонымен бірге әріптестік берілген іске ұжым мүшелерінің жеке жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Басқарудағы дара басшылық тәртіп пен тәртіп сақтауды қамтамасыз еткенде,ол орынды болады сол жағдайда,егер шұғыл қабылданған шешімге бастық өз басымен жауап беретін болса. Әріптестік ұжымға стратегиялық әрекетті анықтауда ұсынылады.
Дара басшылық пен әріптестік арасындағы дұрыс жолға қойылған қарым-қатынасты сақтау көп жағдайда басқарудың тиімділігі мен өтімділігіне байланысты.
Аталған принципті сақтау басқару жүйесін құруды заман талабына сай жаңаша басқарудың ғылыми мәліметтеріне сүйене отыра негіздеуден тұрады. Ғылыми басқару субъектизммен еш қабыспайды. Сол себепті,әрбір басшы педагогикалық жүйенің,қоғамның дамуындағы оның объективті тенденциялары мен заңдылықтарын тәжірибеде дұрыс қолдану мен зерттей алуға,сонымен бірге, болашақтағы нәтижелерді жорамалдау мен объективті қалыптасқан жағдайды есепке ала отыра шешім қабылдай алуға тиіс.
Сондықтан басқарудағы ғылыми негізделген принциптерді жүзеге асыру қоршаған орта мен басқарылатын педагогикалық жүйенің жағдайы туралы біршама дерлік шынайы және толық ақпаратты анықтайды.
4 «Менеджмент» ұғымы бірнеше анықтамаға (ағылшындық, немістік,америкалық) ие; егер осылардың англо-сакстыққа жатпайтын ортаңғысынан бастайтын болсақ,онда ол «осылайша адамдарды басқару және осындай құралдарды қолдану арқылы алға қойылған мақсатты адамгершілік,экономикалық және тиімді жолмен орындауға мүмкіндік береді» деген немістік анықтама ақылға қонымды. Педагогикалық менеджмент өзіндік ерекшелікке ие,себебі ол оқыту мен тәрбиелеу саласындағы адамның шығармашылық қызметіне байланысты. Бұдан шығатыны сол-педагогикалық менеджмент дегеніміз-өзіндік сатылануы: басшы,педагогикалық ұжым,білім алушылар ұжымы бар ғылыми ұйымдастырылған басқару,сондықтан осылайша басқару түрлі модульдер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Тұтасқан (интегральды) модельде (үлгіде),оның бірінші деңгейі-педагогикалық ұжым әрекетін басқару болса,екіншісі-білім алушылардың әрекетін бақылау болып табылады. Бірақ басқару Л.Фишман айтқан модельден өзге әр текті(дифференциялды) екі деңгейлік сипатқа: педагогтың әрекетін және шәкірттің әрекетін басқаруға ие болуы да мүмкін. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық үрдістің басты құндылығы ретінде оқушының тұлғалық және әр педагогтың шығармашылық дамуы танылады,сондықтан екінші модельді базалық басқару деп санағанымыз өте орынды.
Қажетті түрде атап өтілетіні,кез келген шынайы ғылыми басқару өзі негізге алынатын принциптерінсіз әсте мүмкін емес. ТМД-лық зерттеуші В.П.Симонов педагогикалық менеджменттің төмендегідей принциптерін бөліп көрсетеді:
Мақсатты ойлаушылық басқарудың кез келген буынындағы менеджердің барша әрекетіндегі жоспарлаудың,ұйымдастыру және бақылаудың негізі;
Мақсатты бағытталған басқару(перспективті, әлеуметтік маңыздылық және реалды жағдайды есепке ала отыра мақсат қоя білу дағдысы);
Ұжымдастық(кооперациялық) және басқарушылылық еңбек бөлінісі,яғни,ұжымдық шығармашылық пен ақыл-ойға арқа сүйеу;
Функциялық амал-орындаушылар функциясын үнемі жаңғарту,анықтау және нақтылау;
Ауқымдылық(комплекстік)-бұл мақсат пен міндетті айқындау емес,сонымен бірге қабылданған шешімдердің орнындалуын ұйымдастыру,мерезімдік бақылау,қызмет келісімділігі;
Педагогикалық менеджменттің барлық деңгейдегі басқаруда жүйелі түрде өзіндік жетілдірілуі.
В.П.Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджменттің функциясы дегеніміз- «ақпарат пен менеджмент субъектісі(тұлғасы) арасындағы іс-әрекеттің ерекше түрі». Ақпарат- басқару үшін ең қажет нәрсе,сонымен бірге:барша менеджменттік қызметтің өзіндік өнімі болып табылады. Осы орайда,төмендегідей функцияларды бөліп көрсетуге болады:
шешім қабылдау(жарлық,бұйрық,ұсыныс,жоспар және т.т.);
қабылданған шешімдерді орындауды ұйымдастыру(материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ету,келісім,орындаушының тұлғалық қажетінің есебі);
алдын ала,ағымдағы және қорытынды бақылау(нәтиженің есебі,талдау мен тиімділікті бағалау).
Педагогикалық менеджментте барша функция ауқымды сипат пен аяқталған циклге ие болып келеді.
Педагогикалық менеджменттің әдістері-алға қойылған мақсатқа жеткізудің және оның негізгі функцияларын жүзеге асыру тәсілі ретінде қарастырылады.
Мұндай әдістер 4 топқа бөлінеді:
Педагогикалық жобалауды жасауға экономикалық жағдай жасау әдістері(жұмыстың саны мен сапасына,санат,атақ үшін төлем т.т. қатысты);
Ұйымдастыра-бөлу немесе әкімшілік әдістері(орындаушылар қызметінің тәртібін белгілеу/регламентация/,тапсырма,жарлық,бұйрық және т.б.).
Психо-педагогикалық әсер ету әдістері(кеңестер, өтініштер, тілектер,алғыстар және т.б.).
Сонымен, осы негізде қадап айтарымыз, әкімшілік тарапынан шығарылып, кез келген басқару деңгейінде қабылданған шешім белгілі бір талаптарға сай келуі керек. Атап айтсақ:
Мақсатты бағытқа ие болу;
Нақтылана негізделген болып келіп,әрі нақты тұрақ-жайының болуы:кім?қашан?қай уақытта;
Аталған шешім жалпы басқару жүйесінің шешімімен ымыралас болуы керек;
Қабылданған шешім ықтималды жұмсалатын күш,құрал және уақытқа үйлесуі тиіс;
Шешім өзекті,заманалық,қысқа,әрі нақты бағаланған болуға тиісті.
Педагогикалық менеджменттегі мақсат пен міндетке табысты қол жеткізу үшін білім беру мекемесінің басшыларының төмендегідей жағдайларды жолға қоюы қажет:
Мекеме басшыларының кәсібилік пен адамзаттық ортақ құндылыққа бағыт ұстануы;
Ұжымдағы жанға жайлы моральдық-психологиялық ахуал,қарым-қатынас стилінің берік орнығуы.
Қызметтің уақыттық және кеңістіктік сипаты,сонымен бірге,материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, гигиеналық,эстетикалық жағдай.
Сонымен, педагогикалық менеджмент дегеніміз-ғылымның белгілі бір қатпары,ол үшін білім беру жүйесіндегі барша мамандықты игеру қажет,тек осы жағдайда ғана барлық деңгейдегі басқару қабілетті де,қауқарлы және кәсіби бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |