Химия кафедрасы орта білім беру ұйымдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын басқару



бет8/11
Дата16.03.2018
өлшемі1,66 Mb.
#39399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қатысушыларының құрамына қарай



Тұрақты





Кеңейтіл-

ген




Біріккен




Шамалы

Оқу-тәрбие үрдісіндегі рөлі мен орнына қарай




Тактикал-

ық,

стратегия-

лық




Бастап-

қы, ғымда-

ғы,қорыт-

ынды,жұмыс




Тоқсан-

дық,

жарты

жылдық,

жылдық




Кезектен

тыс




Тексеру,

бақылау

т.б.қоры-

тындысы

бйынша

2-сурет. Педагогикалық кеңестердің типологиясы

Педагогикалық кеңестің көмегімен мектеп дамуын басқарудың технологиясы ұжымға әсер ету нәтижесін айқындайтын түрлі әдістері және формаларымен ерекшеленеді. Осындағы әдіс пен форма дегеніміз-мұғалімдер,оқушылар және ата-ананың жоғарғы белсенділігін қамтамасыз ететін ұйымдасқан тетік. Педагогикалық кеңесте қолданылатын технологиялардың әдістері мен формалары және білім беру үрдісінде қолданылып жүрген әдістері мен формалары арасында тығыз ұқсастық бар. Осылайша,педкеңестің жұмысында,сондай-ақ, оқыту үрдісінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

а) сұхбаттық әдістер (дәріс ,әңгіме,түсіндіру ,дискуссия,сұхбат, кітаппен жұмыс);

ә) көрнекілік әдістер (салынған көрнекілік,фото-,кино-,телематериалдар, компьютерлік құралдар);

б) амалиятық әдістер(мұғалімдердің іс-әрекеті,қилы жағдайлардағы үлгілер,оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің іс-әрекеттік тәжірибесін бақылау).

Бұлардан басқа түсіндірмелі-иллюстративтік,тиімді-өнімді проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық әдістердің түрі бар екенін естен еш шығарағанымыз жөн. Педагогикалық кеңестердің өткізілу,яғни,жүргізілу формасы біршама түрде оқыту формасымен қабысады. Педогогикалық кеңес дәстүрлі жағдайда ең алдымен көпшілік жиын және іскерлік бас қосу болып табылады.

Алдыңғы қатарлы қала мектептерінде педагогикалық кеңестердің түрлі форма мен әдістерінің қолданылуы қилы технологиялық нұсқада қалыптасып отыр(2-сурет). Осының негізінде педагогикалық кеңестерді үш топқа бөлуге болады:


  • Дәстүрлі(авторитарлық,догмалық);

  • Заманауи тиімділік(жаңарған,қайыра құрылған) не ана,не мына жағынан педагогикалық кеңестердің жаңғыртылуы;

  • Дәстүрлі емес(альтернативті) альтернативті білім беру технологияларына сай келетін.

Дәстүрлі педагогикалық кеңестер басым көпшілік жағдайда сөздік(сұхбаттық) әдістерді көбірек қолданушылығымен,дәстүрлі мазмұндық сипатымен, басшылықтың қарауындағыларымен авторитарлық стильде жұмыс істеуімен ерекшеленді. Осы педагогикалық кеңестерге қатысушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен формаларында ең алдымен,мынандай технологиялар бөлініп шығады: талқылау баяндамасы,мәселелік баяндамалары және маман шақыру арқылы оқылатын баяндамалар негізіндегі дәстүрлі (классикалық) әдістер.

Осымен қатар кеңес отырысында негізгі баяндама жасалмайтын болса,онда оны бір тақырып аясына топтасқан хабарламалар топтамасы алмастырады.

Дәстүрлі педагогикалық кеңестің қазіогі замандық тиімділікті формасы-педагогикалық кеңестің семинар-практикумы болып табылады. Бұл семинар мұғалім біліктілігін арттырудың топтық сабағы ретінде өткізіледі.Ол өткізілердің алдында әңгімеленуге арналған сауалдар күні бұрын жұрт назарына ілініп,құлағдар етілінеді.Педагогикалық кеңес барысында сұхбаттасушылар емін-еркін қатысулары үшін оған қатысуға дайындық алдын ала зерделеуді-оқуды,конспектілеуді талап етеді. Шешендер өте-мөте даярлықпен келуі шарт,өйткені,егер көтерілген мәселе жаңа болып,пікір таластар мен сауалдар туа қалса,жауап беруге қашанда дайын тұруға тиіс.

Осыдан кейін барып,қандайдабір мәселе мен проблемаға арналған тәжірибелік сабақ курсы өтеді.Дәстүрлі сөздік-логикалық педагогикалық кеңес өз қызметіне мұғалімдердің іс-әрекетін тиімділендірудің формасын ұйымдастыратын: ашық сабақ немесе іс-шараларды;сабақ үлгілерін көрсету мен іс-шараларды;бейнематериалдарды қолдануды; оқушылардың іс-әрекетіндегі білім беру үрдісінің нәтижелерін көрсетуді енгізеді.

Соңғы он-он бес жылдың ішінде кең қолданысқа ие болған дәстүрлі емес педагогикалық кеңестер арасынан мыналарды бөліп атауға болады:ұжымдық шығармашылық жұмыс формасындағы іскерлік ойындар, «дөңгелек үстел»,диспут,дискуссия, конференция,педагогикалық консилиум, шығармашылық есеп,тұсау кесер,байқау, аукцион, фестиваль т.т.

Педагогикалық кеңес-іскерлік ойын-қатысушыларына белгілі бір рөл бөлініп берілген білім беру формасы болып табылады. Іскерлік ойындар адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды шешіп және талдай алуға,оның зерделенуіне тек қана дұрыс шешім қабылдау ғана емес,сонымен бірге адамның мінез-құлығы да ат салысатындығына:дауыс әуезесі,дыбыс ырғағы,бет-жүз өзгерісіне де үйренеді.Осындай іскер ойынның бірі-«Ой атойлату».

Педагогикалық кеңестегі ҰШІ (ұжымдық шығармашылық іс) формасы белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін барша мұғалімдерге белсенділікпен ынтымақтаса жұмыс істеуді ұсынады. ҰШІ іздемпаздық белсенділігі мен теориялық және практикалық проблемалардың түйінін шешу жолында жаңашылдықты таныту үшін қолданылады. Осындай лайықты формалар болып:



  • ұжымның барша мүшесінің күш-қайрат біріктіруін талап етуші мақсатты бәрінің бір кісідей түйсінуі;

  • еңбек бөлінісі;іс-әрекет үрдісінде ұжым мүшелері арасында өзара түсіністік қарым-қатынасы орнайды;

  • ұжым мүшелерін бақылауды жарым-жартылай жүзеге асыру;

  • тақырыпқа ынтықтыратын ілкі алғышарт- әріптестердің іскерлік араласуы болып табылады.

Педагогикалық кеңес-диспут,дискуссия. Диспут (ғылыми пікір талас) дегеніміз-белгілі бір проблеманың шешімін табуда ғылыми ақиқатқа қол жеткізу үшін түрлінше пікір ала-құлалығын тоғыстыратын әріптестік формасы. Педагогикалық кеңес-дискуссия ұжымның мұғалімдеріне(немесе бір бөлігі) әлдебір сауал төңірегінде өзінің ішкі пікірін білдіріп,басқалардың ой-пікірімен танысуын ұсына алады. Педагогикалық кеңес-диспуттың қатысушылары бір-біріне қарама-қарсы алақотан отырады,өйткені бұлай отырудың мәнісі әр тарап өз ойын тықпалап,қарсыластарына дау айтуына қолайлы болып келгендіктен.Әр тарап пікірлер тоғысынан бәрінің көңілен шығатын тоқтамды пікір өмірге келеді. Дискурссияның түр ерекшелігі болып «дөңгелек үстел», «пәлсапалық үстел» т.т.формалар жатады.

Педагогикалық кеңес-консилиум белгілі бір сыныппен жұмыс істейтін педагогтардың жұмысын үйлестіріп,белең алған қиындықтың себебін анықтай отыра,оның шешімін табудың жолын іздестіру үшін өткізіледі. Педагогикалық кеңес-консилиум ұстаздар қауымы үшін оқушылар туралы білімді жан-жақты,өте объективті етіп,шәкірттерге деген дербес әдістерінің тәжірибесімен алмасуларына жәрдем етеді.

Педагогикалық кеңес-шығармашылық есеп беруде жеке мұғалім немесе кафедра (әдістемелік бірлестік) алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтап,олардың ішіндегі оқыту мен тәлім беруді жетілдіру жолындағы тиімділігі жоғарыларын іріктеп алады. Соның негізінде жеке мұғалімнің іс-тәжірибесі баршаның ортақ қазынасына айналады. Осындай педагогикалық кеңес түрі-мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтерудің маңызды амал-тәсілдерінің бірі болып табылады.

Педагогикалық кеңес-тұсау кесер(презентация) жаңа бағдарламаларды,оқулықтарды,оқу кабинеттерін, белгілі бір проблема турасындағы жаңа тәжірибелермен ресми таныстыру үшін өткізіледі. Тұсау кесердің мақсаты-жиналған ұстаздар қауымын әлденеге көңіл аудартып,жаңа бастамалармен таныстыру,оған қоғамдық баға беру болып табылады.

Педагогикалық кеңес-байқау өз алдына педагогикалық ұжымдағы шеберлік байқауларының қортындысы мен қатысушылар арасындағы ең үздіктерін таңдау мақсатын қояды. Ол үшін алдын ала байқау өткізудің ережелері мен жағдайлары жобаланып,қорытынды шығару жолдары ойластырылады.

Педагогикалық кеңес-конференция мектеп мұғалімдерінің белсенді қатысуымен қойылған тақырыпты жан-жақты терең білгірлікпен аша білулері үшін қойылады. Ұстаздардың өз тәжірибелерімен шығармашылық алмасуы-педагогикалық кеңес-конференцияның мәнісі болып табылады.

Педагогикалық кеңес-аукцион ұстаздар тарапынан ұсынылған белгілі мәселелерге қатысты көптеген идеяларды (әдіснама, әдістемелік амалдарды) қарастырады. Мұғалімдер олардың ішіндегі өмірге икемді,назар аударуға тұрарлық, шынайыларын «сатып алады». Кейде педагогикалық кеңес-аукцион «жобаны қорғау» түрінде өткізіліп, ұстаздардың бастамасы мен шығармашылық ізденістері марапатталып отырады. Қатысушыларды бір-бірін көріп отыру үшін «үшбұрыш» түрінде орналасқан үстел басына отырғызылады. Бұндай отырғызылу басшылардың(әділ қазылардың) іс-әрекетін қатысушылардың айқын танып-білуіне септеседі.

Педагогикалық кеңес-фестиваль жетістіктерді кең көлемді қоғамдық негізде таныту үшін мерекелік салтанатты сипатта форма,әдіс,амал-тәсілдер және оқыту құралдарын түрлі көркемдік безендіру жағдайында өткізіледі.

Педагогикалық кеңес өзінің қатысушылар құрамы жағынан тұрақты(оған барлық педагогикалық ұжым қатысады),кеңейтілген(оқушы,ата-аналардың т.б. қатысуымен), біріккен басқа педагогикалық ұжыммен бірлесіп және шағын(шектеулі адамдардың қатысуымен) болып келеді.

Педагогикалық кеңестің тұрақты құрамы «Жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кеңес туралы ережемен» бекітілген және оның құрамына бүкіл педагогикалық ұжым кіреді.

Кеңейтілген педагогикалық кеңеске шефтік көмек көрсетуші ұйымдар,ЖОО оқытушылары, ата-аналар комитеттінің мүшелері,балалардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері,ата-аналар мен оқушылар шақырылады.

Біріккен педагогикалық кеңес-басқа ұжыммен бірлесіп жалпы проблемаларды шешіп, жұмыстың мақсатын,мазмұнын, әдістері мен формаларын талқылайды. Талқыланатын мәселелердің ауанына қарай педагогикалық кеңес басқа мектеп ұжыммен немесе кәсіптік білім беру колледжімен бірлесе өткізілуі мүмкін.

Шағын(шектеулі) педагогикалық кеңес бір ғана мәселені көтеріп,оған тек қатысы бар мұғалімдерді ғана шақырады. Мысалы:бастауыш сыныпты бітірту отырысына сол сыныптардың жетекшілері мен 5-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер т.б. қатысады.

Оқу-тәрбие жұмысының рөлі мен орнына қатысты педагогикалық кеңес: тактикалық, стратегиялық,бастапқы,ағымдағы,қорытынды,жарты жылдық, жылдық;кезектен тыс,байқаулар мен тексеру қорытындысы бойынша және т.б.

Тактикалық педагогикалық кеңес мектептің ағымдағы міндетін айқындап шешеді,әрі оның іс-әрекетін сараптап,мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді қарастырып,білім сапасына,жеке пәндердің оқытылу,адамгершілік тәрбие,мәдениет деңгейі жағдайларына талдау жасайды;психо-педагогика ғылымының жетістіктерімен таныстырып, педагогикалық ұжымда оларды қолдануды қарастырады.

Стратегиялық педагогикалық кеңес мектеп қызметіне деген жалпыға ортақ көзқарасты қалыптастыру үшін өткізіледі. Соған қатысты ұжым мүшелерінің пікірін біледі,ұсыныстарын ескере отырып,ортақ арнаға түсіреді. Оның жұмысының нәтижесі-бірнеше жылға есептелінген перспективалық бағдарламаның жұмыс істеуі.

Бастапқы(қалыптастырушы) педагогикалық кеңес ұжымның өзіндік ұстанымдарын өз беттерімен қалыптастыру үшін шақырылып, бағыттар мен бағдарларды,мектептің өз бет-бейнесін белгілеп,оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-шараларға түрткі болады.

Ағымдағы(жұмыс) педагогикалық кеңес оқу жылының белгілі бір кезеңіндегі оқыту деңгейінің,тәрбие үрдісі жағдайына талдау жасайды. Тоқсандық- мектептің сол тоқсанда атқарған істеріне есеп беруге арналады. Жарты жылдық болса-тек осы аралықта істелінген жұмыстарға байланысты оқу жылы ортасында өткізіліп отырады.

Қорытынды педагогикалық кеңес өз алдына ағымдағы және дамушы проблемаларды анықтап,әрі белгілеу мақсатын қояды. Туындаушы қиындықты дер кезінде тауып,саралай талдау арқылы табысқа жету жолында алға қарай кедергісіз жылжу үшін бұл педагогикалық кеңес түрі қажет-ақ.

Оқытудың жекелеген нәтижелерінің қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңес. ТМД педагогика ғылымының білгірі В.И.Шевардин жасаған оқытудың жекелеген нәтижелері негізінде мектеп жұмысын бағалау әдістемесі біздің қала мектептеріне қолдануға ыңғайлы. Онда түлектердің болашақтағы мектептен кейінгі өмірлеріне берілетін не ана,не мына ықтимал нәтижелеріне педагогикалық үрдістегі пайымдау мен талдаулар жасалынады.

Біз атап көрсеткен педагогикалық кеңестердің барлығы өзара логикалық байланыста болып келіп,бірінен-бірі өрбіп шығып,бір-бірін толықтырып отырады,әрі келесі отырыстардың перспективасын айқындап береді.

Педагогикалық кеңестердің формасы,оларды өткізу Г.К.Сепевконың пайымдауынша,оның мазмұнымен, мақсатымен,қатысушылар құрамымен сондай-ақ,педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің формасымен айқындалады. Мектепте қалыптасқан шынайы технологиядан қол үзген педагогикалық кеңестердің әдістемесі мен мазмұнын көзге елестету мүлде мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет