Іске жақсы дайындала білу-табыстың жарты кепілі.Сабаққа дайындалатын уақыт есебіне уақыт үнемдеу дайындықта орын алатын қателіктерді түзеуге жұмсалады. Сондықтан сабақ пен тәрбие іс-шараларына дайындалуды бірізге түсіру керек.
Біз алдын ала дайындық жасау жүйесі мен пакеттер жүргізуді(папка, кәртішкелер жиыны,конверттер т.т.) ұсынамыз.
Бірінші пакет-бұл нақты материалдардың жинақталуы. Тәжірибелі ұстаздар әрбір тақырыпқа даярлық жасап,оларға арнайы папка мен конверт ашып оны үнемі толықтырып отырады. Қажетті мақаланы оқып алды ма,не оны ксерокстен өткізіп,не жазып алып конвертке сақтайды,не болмаса,бірден өз копьютеріндегі арнайы папкаға енгізеді. Осындай жолдармен материалдар жиналынып сақталынады. Соның нәтижесінде ұзақ жылдар бойы баға жетпес материалдар қазынасы жинақталады да,өз пәні бойынша кез келген тақырыпқа пайдаланылады. Ең пайдалысы қажетті мәліметтермен қала мектептерінің мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы. Олар бірінде жоқты бірінен тауып,біліктілігін арттырар еді.
Екінші пакет-библиография,қажетті әдебиеттердің атауы,авторлары,шыққан жылы,қайдан алуға (жеке,мектеп, әдістемелік, қалалық кітапханалардан) болатындығы турасындағы жүйелілікпен толтырылған жазбалардың әліпбилік тізбесі сақталған конверттер.
Үшінші пакет- тақырыптық жоспарлау мен әдістемелік жобалауды құрастыру,әдістемелік құралдар мен қилы нұсқауларды жинақтау т.б. Мұғалім өзінің шығармашылық шеберханасын құрып,жоғары тиімділікпен еңбек етуіне жағдай жасайтын әдістемелік қор жинақтайды.
Төртінші пакет-сабаққа дайындалу жоспары мен дидактикалық материалдар, карта,перфокарта,қажетті әдістемелік техникалық құралдар мен компьютер үшін құрылған барлық тақырып бойынша бағдарламалық материалдардың жинақталуы. Олар ұстаздың жеке қорында сақталады.
Бесінші пакет-онда тәрбие жұмысы бойынша материалдар:мәдени,патриоттық сабақтар,жорық пен экскурссияларды ұйымдастыру және осы мәселелерге байланысты әдебиеттер,сонымен бірге,тәлім-тәрбие беруге қатысты нақты сауалдарға байланысты газет-журнал қиындысы мен көмекші құралдар сақталады.
Мұғалім өзінің жоспарлаған сабағы мен тәрбие іс-шараларына дайындық жасаған кезде бәрін ескеруге тиісті:өткізілетін уақыт,міндеттері, көмекшілері, безендірілуі,қиындық туа қалғанда олардан қиналмай шыға білудің жолдары т.т.
Іс-шараларының шағын жеке жоспарын жасауды ұйымдастыру кей кезде тығырыққа тірейтін өте қиын сауалдардың шешімін таба алуға көмектеседі.
Жазбаны ақ қағазға түсірген кезде бір жағын ақ күйінде қалтырып отыру,кейін сол жерге ескертпелер мен түзетулерді енгізіп отыруға ыңғайлы екенін үнемі есте ұстаған дұрыс.
Ең басты фактор-мұғалімнің өз еңбегін өздігінен реттей алуы. Белгіленген ереже шеңберінен шықпай,өз ісін уақытысында тап-тұйнақтай етіп орындай білу керек,соған үйреніп,қатып пысу керек.Баламен жеке әңгімеде 3-5 сағат босқа уақыт жоғалту бар да,3-5 минуттың ішінде бәрін орнына келтіріп,істі шұғыл шеше білу бар. Міне,осындай уақытты үнемді жұмсап,жемісті еңбек ете білуге әрбір ұстаз жетісуі керек. Бұл турасында қызығушылық танытқандар ТМД аймағында шыққан «Искусство преподавания» деген П.И.Пидкасистый мен М.Л.Портновтардың тамаша еңбегін оқу барысында өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады. Бүгіндері қаламыздағы ең өзекті мәселелердің бірі-басшылық тарапынан ұзтаздардың қызметіне баға беру. Ендігі жерде осы тақырып бойынша сөз қозғайтын боламыз.
Педагогикалық қызметті қалай бағалауға болады?
Әлбетте, педагогикалық қызметті біліктілікпен бағалау қиынның-қиыны екені еш дау тудырмайды. Сонымен бірге оқу мекемесінде және одан тыс орындарда «қоғамдық пікір» орын алып,нақты ұстаз турасында не «жақсы», не «жаман» деген ой өрбітеді. Осы «пікірлерді» сол ұстаздың қызметіне берілген бағалаудың сапасы деп көзді жұмып,бірден қабылдай салуға қабылдай салуға әсте болмайды. Мұғалім біліктілігі туралы формализмге ұрынған сандық көрсеткіштерге де,еш иек сүйеуге болмайды.
Ұстаздардың педагогикалық қызметін бағалаудағы көп жылдық тәжірибе мынандай ой түйгізеді,бұл бағалау кешенді(түрлі ақпарат көздері бойынша),бірақ үзікті(қызметінің сапасын бағалайтын кейбір жалпы баллдардың болмауы) болмауы керек.
Қазір бұл жөнінде жалпы қалыптасқан ереже бар,ол үшін:арнайы сараптаушылар осы қызметпен айналысып, педагогикалық қызметті бағалауда ең алдымен оқытушының шығармашылық әлеуетінің даму мен жетілуін, адами-имандылық салауатын байыптап,тек осыдан кейін ғана барып,оның өз санатына лайықты екендігі жайында өз шешімдерін шығарады.
Педагогикалық қызметтің сапасы турасындағы студенттер мен оқушылар пікірі өте маңызды.Әдетте олардан не турасында сұрайды? Бәрі бұрынғы сарынмен:Сіз,ұстаз ретінде, ақпаратты(ол неліктен қызықты,неге керек,қаншалықты жаңа,онымен жұмыс істеу ыңғайлы ма,басты несін атап көрсетер едіңіз...т.т.)ұсынасыз ,Сіз, оқушылардың(аудиториядан тыс жердегі пәнмен өз бетімен белсенді айналысу,дәріс үстіндегі белсенділік т.т.) танымдық белсенділігін қалай ұйымдастырасыз түрінде,сонымен бірге,оқыушылар Сізге сабақ үстінде сыйластықпен қарай ма?-деген сынды болып келеді.
Тіптен жақсысы оқушы мен студенттерге ұстаздың жеке басы туралы емес,сол сабақтағы оқытушы мен шәкірт арасындағы қарым-қатынасты қарастыру. Қазір оқу орындарында түрлі сауалнамалар жүргізіліп жүр. Ең жақсысы олармен осы тақырыпта арнайы даярлықтан өткен адамдардың айналысуы,олар өздері алған ақпаратты дұрыс сақтап,тиімді қолдана білер еді. Бірақ бұндай ұсынықтылық қала мектептерінің бәрінде бірдей сақтала бермейді. Сондықтан бізден бітіріп,қала ЖОО оқып жүрген студенттер арасында жылына бір рет сауалнама жүргізуді өзімізден басқа ешкім қолға алмайды. Бұл арада үнемі есте ұстайтынымыз,оларды шағын топтың арасында жүргізбеу(ондай жолмен алынған сауалнамада нәтиже не асырылып,не төмендетіліп көрсетіледі) және сауал анонимділікпен жүргізілуі шарт. Дау мынадан туындап отыр,өзінің мұғалімі туралы студенттер дұрыс баға бере ала ма? Білім беру қызметін тұтынушылардың пікірімен үнемі есептесіп отыру керек. Мысалы, АҚШ-та студенттер өз бетімен сауалнама жүргізе алады. Оның нәтижесімен оқу орны әкімшілігі және төменгі курс студенттері құлағдар болып,өздеріне қай ұстаздың керек екеніне таңдау жасай алады.
Біз өзіміздің СМПИ математика және математиканы оқыту каферасымен бірлесе жүргізген зерттеулерімізде тек түрлі ұстаздардың шеберлік деңгейлерінің түрлілігімен ғана емес,оларда орын алған проблемалар мен қызмет аяларында түзетуді қажет ететін жайттарды да анықтадық.
Кейбірде осы проблемалар өте күрделі болып келеді. Ең өкініштісі сол осының бар екендігі 10-20 жыл іс-тәжірибесі бар мұғалімдерден аңғарылса,бұл жағдайда оған көз жұмып,отыра беруге болмайды.
Студенттер мен оқушылардың біздердегі педагогикалық қызметтің сапасы туралы пікірі,әрине,қашанда объективті емес,кейде ондай мұғалімдермен жұмыс істеуде «сабақ үстінде басқа іспен айналысады», «жұмыс істегісі келмейді» деген сияқты пікірлер қосанжарласып жүреді. Сондықтан біздің сауалнамаларымыз егер ондай проблемалар болса соларды табуға септеседі. Егер студенттер мен оқушылар пікірін байыптағанда олар аңғарылмаса,онда басқа ақпарат көздерін іздеу керек. Сол арқылы оқушылардың мұғалімге деген «бәрі қанағаттанған» ситуациядағы пікірлерінің дұрыс еместігі де танылады.
Ондай бастау көз білім сапасы болып табылады. Әлбетте бір сабақтың тексерілуі еш нәтиже бермегенімен бірнеше сабақ топтамасы көп нәрсені аңғартады.
Бізде және шетелдерде өте жиі оқытушылардың қызметін бағалау үшін өздік бағам(self-understanding) қолданылады. Өздік бағам өзінен өзі ештеңке көрсетпейді:мен өз мүмкіндігімді,қолымнан келетінін, неден қиналатынымды ескеріп барып өз бағамды өзім беремін.Бірақ басқа дерек көздері мен ақпарат мәліметтерінің басы құралып барып, оқытушының пайымдау деңгейі мен өз қызметінің сапасы мен құрылымына деген түсінігі айқындалады. Түйсінбеу,проблеманың болмауы,төмен деңгейде берілген өздік бағамдау оқытушының қызметіндегі өздік стилін танып білуге септеспейді.
Соңғы нәтиже-ең қиыны. Онда ешқандай өлшемге көнбейтін бағамдау мен өлшем жасалған кезде танылмаған анықталмаған қасиет ол болып өткен соң анықталуы мүмкін. Солай бола тұрса да,педагогикалық қызметті дұрыс бағалауға жуық келетін параметрлерді тауып,жаттанды болған «біздің студенттер мен оқушылар жақсы оқып жатыр» деген жел сөзден құтыла алар едік.
Оқытудың барлық бөлігіндегі оқытушылар пайдаланған бақылаушы материалдардың талдануы, осы материалдардың сапасы туралы көңіл толмайтын пікірге бастап алып келеді:біз өте-жиі кездесетін, нақты,арнайы нәрселердің ауанынан шыға алмай қаламыз. Егер дайындықтың сапасын тексеру қандай қиын болса,оның болмауы бәрімізге сезілініп тұрады. Бұл- әкімшілікке,ұстаздарға көтерілген дабыл. Оны дер кезінде аңғару керек-ақ.
Әдістемелік қамтамасыз ету,оның сапасы-педагогикалық қызмет туралы ақпарат көздерінің бірі.Сапаны бағалай отыра,өзінің әдістемелік ұстанымыңмен жұмыс істеуге тура келеді. Осы жолда ұстаз өзінің білім беру ғұмырында пәндік курсының мазмұнын жаңартып, жаңғыртып отырады. Сонымен бірге оқушылар орындайтын тапсырма түрлеріне де үнемі назар аудару керек.
Егер сөз мектеп,гимназия,лицейде білім алушылар турасында болса,онда мұғалім туралы ата-аналар пікірі ескеріледі. Олардың пікірін білуде әдетте жалпы сипаттағы(нені қалайтыны туралы,білім беру деңгейіне қанағаттануы туралы,баласының мұғалімдер мен оқушы арасындағы конфликтілері туралы) ауызша сауалдар қойылады.
Оқытушылардың қызметін бағалау үшін олардың бұрынғы студенттері мен оқушыларының пікірлері сұраларды.Бұл-орасан зор еңбекті қажет еткенімен,басшылыққа қатысты қажетті ақпараттар легімен қамтамасыз етілудің өзіндік бір түрі болып табылады.. Осындай уақыт өткізіле бағалау-өте жиі асыра бағалануды білдіреді. Осыны үнемі кәперде ұстап отыру керек.
Әкімшіліктің пікірлерін назардан еш тыс қалдыруға болмайды. Кейбір ұстаздар әкімшіліктің көп уақытын алып, ол туғызған конфликтілер сабақтардың өтпей қалуына әкеп соғады.
Оғаш жайт,шебер ұстаздар да, біздің бақылауымызша,проблемалардан ада емес,ол проблема көбіне әкімшілік тарапынан туындап отырады. Осыларды қорыта келе,айтарымыз біз сөз еткен мәселелер Г.Б.Скоктың «Как проанализировать собственную педагогическую деятельность» кітабында жан-жақты ашылып жазылған.
Қарама-қайшылық формуласы немесе ұжымдағы текетіресті қалай шешу керек
Қазіргі педагогикада ұжымда орын алған конфликтінің басшылар тарапынан шешілуінің екі жолы мен екі амалы бар. Біз әуелі конфликтің шешілу жолдарын атап көрсетелік:
а)конфликтті шешілгенімен араға уақыт салып,жаңа қырынан,жаңа мүшелер тартып қайыра туындып отырады;
ә) кейін қайыра туындай қалған кезінде орын алған жағдайға бақылау мен басқару қоюға болады.
Бұл үшін біз конфликтінің «қатаң» және «жұмсақ» шешімін табу амалының бір-бірінен несімен өзгешеленетінін айыра білуіміз керек?
Екеуі бір-бірімен несімен ерекшеленетіні,яғни, «қатаңның» «жұмсақтан» несімен өзгешеленетініне тоқталалық:
а) қолданылу жағдайына байланысты;
ә) оны қолданып,шешетін басшылардың міндетіне қарай;
б) жағдайдың шешілуінің басшылық пен ұжым үшін нәтижесі мен салдарына қарай.
Қандай ситуация мен жағдайда «қатаң» амал текетіресті (инцидентті) тоқтатудың құралы бола алады? Ол барлық жағдайда қолданылады. Егер:
1.Текетірес өзінің даму сатысындағы кезекті кезеңге өтуге бағыт ұстанғанда. Мысалы: қарапайым ғана басталған жайт өзінің өрістеу барысында қатысушылар арасындағы бірін-бірі кінәраттасуға ұлысатын болса.
2. Басшылар қолданған «жұмсақ» тәсіл өз нәтижесін бермеген шақта. Мысалы,егер мектеп басшысы дер кезінде дәл және нақты түрде талқыға салынатын әлдебір проблеманы араға уақыт салып барып қарауға ешкімді көндіре алмаса. Немесе қысқарта айтқанда, «қатаң» әдісті қолдану басшы өзі жіберіп алған қателігін «жұмсақ» тәсілмен түзетуі мүмкін болмай қалғанда «қатаң» тәсілге жүгінеді.
Сонымен «қатаң» тәсіл текетірестің тоқтамы болатын соңғы мүмкіндік деп кесіп айтуға болмайды.Бұл арада еш таңдау түрі қалмайды,қателік жіберуге ешкімнің қақы жоқ. Сондықтан, бұл тәсілді амал құрыған шақта, соңғы мүмкіндік ретінде қолдану керек.
Сонымен,барлық жағдайда, жағдай қолдан шығып кетіп,ырық бермей кеткен шақта текетіреске нүкте қою үшін «қатаң» амал қолданылады.
Біздің бұлайша айтып отырған себебіміз, «жұмсақ» амал дау енді-енді өршіп келе жатқан кезде қолданылса,ол ырық бермей кеткен кезде «қатаң» амалға жүгінеміз.
«Жұмсақ» амалдың міндеті мүлдем бөлек. Өйткені,ол дауды кідірте тұру үшін емес,оған басқарылуға болатындай етіп,оны бақылауға алуға мүмкіндік береді. Сол себепті де,ол-мүлдем бөлек міндет. «Қатаңға» керегі оны кідірте тұру емес,қайыра бас көтермейтіндей етіп,біржол түбірімен жою.
Оның мәні неде? Көз алдымызға елестетіп көрейікші,топтық бас қосу барысында текетірес туындасын делік. Одан кейін осы қақтығыс өзінің бастапқы мазадануына ие болып,екіге жарылған бітіспес дауға ұлассын.
Басшы бұндай жағдайда не істеуге тиіс?
Туындаған жағдайдың өзі оның араласуын талап етіп тұр. Ол өз тарапынан дауды екі жақтың бірінің жыртысын жыртпай ара ағайындық қызмет атқара отырып тоқтатуы керек. Нәтижесінде «жапа шеккендер» болмауы шарт. Өйтпесе,көңілі қалған жақтың көсемі кейін келе,жеңіске жеткен жақтың серкесімен күш біріктіріп, басшының өзіне қарсы шығады. Себебі,текетірес деген-аяр жау. Оның аяқ астынан шығып өршіп кетуі оп-оңай. Оны өте қатал басып тастаған жағдайда кешегі қарсыластар бір-бірімен ауыз жаласып,әп-сәтте одақтастарға айналып шыға келеді. Текетірес белгілі бір ұстанымға қатысты шыққандықтан,әр жақтың көсемі өз пікіріннің дұрыстығын дәлелдеуге барын салады. Осы ұстаным оларды басқарушылар үшін күрес құралы,егер басшы оларды қолындағы осы «көзірлерінен» айырса,олар амалсыз орынсыз қызыл кеңірдек болуларын тоқтатады. Осы арқылы А тобының көсемі мен Б тобының көсеміне қатар кедергі келтіріп,өзі айтқан бітімге келуге көндіре алады. Өйткені екі жақтың көсемдері өздерінің жеңіске жетер жолындағы басты кедергі мектеп мүдірі деп санайды. Басшы кедергі өзі емес басшы жақтың ұстанымы деп екі жақты бірдей сендіре алса,текетірестен кейінгі психологиялық ұстаным төмендегідей болып келеді:
1.Басшының көзқарасы бойынша, «қатаң» амалмен дауды шешу екі көсемніңде жанжалды жалғастыруға деген аптығын басады.Басшы бұндай қадамға әдейі барып отыр.
2. Көсемдердің көзқарасы бойынша, жағдай бұдан мүлде бөлек. Текетірестің «қатаң» амалмен басылуы екі көсемнің жеңіске жетуге деген ұмтылысына нүкте қойып,олардың өздерін ұжымның белгілі бір бөлігі не тікелей ,не жанама қолдап отырған жағдайда өз ұстанымдарының не айқын,не астырын дұрыстығын дәлелдеуіне кедергі келтіріп отыр.
Тап осы арада екі көсемнің біріге тізе қосуына объективті психологиялық негіз қалыптасады. Осы арада олар үшін жеңіске жетулеріне кедергі келтіріп отырған жанға қарсы бірлесе шабуылдаудың мүмкіндігі туындайды.
Басшыға қарсы біріге бас көтеру қайтіп,қалайша өтеді?
1.Кейде,өте сирек кездессе де,топ жетекшілері(көсемдер) алдын ала өзара келісіп алып,мектеп мүдіріне бірлесе өре түрегеледі. Көсемдердің өзара ауыз жаласып бірлесе әрекет етуін «оппозицияның ымыраласуы» деп атайды. Кейбір авторлар оны «қастандық» деп те атап жүрген жайы бар. Олардың бұлайша атауы шындықтан алшақ жатқан жоқ.
2.Өте жиі көсемдердер алдын ала келісіп алмай-ақ,бірлесе әрекет етеді. Мысалы,топпен бас қосу өтіп жатқанда көсемдердің бірі басшыға тіке шабуылдайды да,екініш көсем бірден оны жақтап шыға келеді.Бұл нұсқа «жағдайға байланысты оппозиция» деп аталады.
Басшылардың жадынан шығармауға тиісті нәрсе,бұл екі жағдайда өзін қолданушыларға өте жиі жеңіс әкеледі. Сондықтан біз «қатаң» амалдың кей кезде бастықты тағынан тайдырар шеттетуші тетікке айналып кетуін жоққа шығармаймыз.
Бұндай «шеттетуші тетік» «қатаң» амалды қолданғаннан кейін орын алуы да мүмкін, орын алмауы да мүмкін. Бірақ та, текетіресті шешуде «жұмсақ» амал қолданылған жағдайда ол еш орын алмайды. Сондықтан,оны міндетті түрде орын алуға тиісті құбылыс деп еш санауға болмайды.
«Қастандық» пен «Шеттетуші тетіктен» қашып құтылудың жалғыз жолы ғана бар. Ол мынадан тұрады,текетіресті «қатаң» амалмен тоқтатпау жолы. Біздің сізге,мектеп мүдіріне, арнап жазған жолдарымызды мұқият оқи отырып,мектеп өміріндегі текетіресті басталмай жатып аңғарып,тез шеше білсеңіз осы кітапты бекер қолға алып оқып шықпағаныңызды сездіреді. Істің мәнісін біле әрекет ету-демек,өз әрекетіңнің қандай нәтиже беретінін білу деген сөз.
Енді бізге қалғаны осы бөлімде айтқан ойларымыздың түйінін шығару ғана.
Сонымен,конфликтінің дамуын мектеп мүдірі тоқтата ала ма,егер де ол инцидент деңгейіне ойысып кетсе? Әлбетте. Егер ол істің мәнісінің тереңіне бойлап,қара қылды қақ жарып,ұжымының көңілінен шыға білсе. Егер де ол текетіресті жоюға тырыспаса немесе инцидентті тоқтатуға шамасы жетпей, конфликтіге түсуші жақтың бірінің жетегінде кетсе,онда текетірес бірінші жағдайдағыдай өрбиді.
Бұл дегеніңіз,кері кетушіліктің кесірінен екі жақ бір шешімге келе алмай зорға басылады. Бірақ ешкім жеңіп шықпайды. Неге? Себебі текетірестің осылайша шешілуі нәтижесінен ешкім ұтпайды,қайта оған қатысушылардың барлығы жеңіліс табады. Сондықтан бірінші тәртіп негізінде текетірес нәтижесі төмендегідей болып келеді:
а) конфликті шешусіз қоздаған қоламта күйінде қалады;
ә) өзінің тақырыбы мен қатысушылары бар жаңа конфликтілік жағдай туындайды. Текетірес қанша ұзаққа созылады,сол уақыт аралығында жаңа конфликтілік ахуалдар туындап отырады. Олар өзіне жаңа мүшелер тартып,ұжым өмірі бітпейтін даулардан тұратын дозаққа айналады.
Сонымен,шындығында барлық текетірес бірінші жолмен дамығанда,ешкімге жеңіс әкелмейді. Тіпті текетірес барысында өз позициясы қорғап шығып, онысын басқаларға таңған жақта еш нәрсе ұтпайды.Егер басшы текетірес кең өріс алып,өршіп кетпей тұрғанында баса білуге бар күш-жігерін жұмсаса тіптен жақсы.
Бұл арада мүдір көзсіз қадамдар жасаудан немесе енжарлықпен «қайда бар дейсіңге?» салынбауы керек-ақ. Бұндай жағдайда күш қолдану мүлдем тиімсіз,ол жағдайды мүлде ушықтырады. Басшы бұндай жағдайда сауаттылық пен сардабалдық таныта конфликтінің даму тетігіне психологиялық талдау жасауға иек арта білуі қажет.
Қалай және қандай жолмен және қандай қажырмен мүдір текетіресті өзіне тиімді тоқтата алады және оны бірінші жолмен дамитын ұжым үшін қолайсыз даму мүмкіндігінен айыра алады?
Ол мұны алдын орап істейтін бір ғана жағдаймен тоқтата алады. Ол: өз басының осы конфликтіге араласпауы,конфликті текетіреске ұласпай тұрып, мүдір қарсыласушы жақтардың біріне енетін болса,ол өзін текетіресті бейбіт шеше білу құқығынан айырып,оның есесіне онсызда шатқаяқтап тұрған жағдайды одан әрмен қиындата түседі. Егерде ол конфликтіге араласпаған болса,онда текетіресті тоқтата отырып,оның дамуын екінші арнаға түседі.
Екінші жол бірінші текетірестің дамуына қарағанда өзінен өзі басыла салмайды,мүлде жойылады. Текетіресті тоқтату жолында мүдір не «қатаң», не «жұмсақ» амалдардың біріне жүгінеді. Қандай амалдың тиімді екені? Жағдайға байланысты болып келеді. «Жұмсақ» амалды қолданып,инцидентті тоқтатқанымен конфликті тоқтамайтынын басшы жақсы ұғынуы керек. Ол тек бастапқы кезеңіне қайта оралады. Басшы бұл арада өзіне белгілі стратегиясы бойынша конфликтіні түбегейлі шешуге мүмкіндік ала алады. Оның үстіне, «жұмсақ» амалмен текетіресті тоқтатуда оны орынды қолдана білсе,басшыға жеңісті психологиялық позицияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басшы мынандай жағдайда қалады:
а)ол конфликтіні шешу үшін уақыт ұтады. Осы өзіне тиселі мерзімді қалайша пайдалану басшының еркіндегі дүние;
ә) ол екі топтыңда көсемінің алдына өз ұстанымдарын өзінің алдына келіп баяндап беруінің қажеттілігін қояды. Ендігі жерде басшы олардың артынан жүгіріп олардың кімдер екенін анықтаймын деп әлекке түспейді. Олар мүдірге өз аяқтарымен келіп, кім екендіктерін танытады. Ал,басшының қол жеткізген осы артықшылығын өз пайдасына асыра білуі өзіне байланысты. Дәлірек айтар болсақ,көсемдермен тиімді жұмыс істеу стратегиясын қалай игергендігіне қатысты.
Осылайша,тіпті текетірес үстінде болсын,тіпті ол аяқ астынан туындайтын болсын,басшының қолында психологиялық құрал бар. Ол оны орынымен қолдана отырып,жеңіп шығады,өз мүмкіндігін кемітпейді, қайта арттырады. Басшы осы арқылы конфликтіні шешудің қосымша мүмкіндігіне қол жеткізе алады.
Егер мына жағдайда егер басшы:
а)конфликтіге тартылатын болса;
ә)инцидент барысында бір жақты не тікелей,не жанама қостаса;
б) егер инцидентті «жұмсақ» амалмен тоқтата алмаса, «қатаң» амалмен тоқтатуға күш сала алады.
Бұл жағдайда, инцидентті тоқтатудың қолда бар бірден бір жолы-«қатаң» амал болып табылады.
«Қатаң» амалды дұрыс қолдану-текетіресті тоқтатуда төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:
1.Текетірестің өрбуін барша кері салдарлар туғызатын бірінші жолмен дамуына жол бермеу;
2.Жағдайды қайыра қалпына келтіріп,оны басқарылатын ету.
Сонымен, «қатаң» амалды қолдану нәтижесінде текетіресті тоқтату, бәрі бір конфликтіні тоқтатып түбегейлі жоя алмайды. Ол тек шектеліп,бастықтың не тақырыппен,не көсемдермен жұмыс істеудің стратегиясы арқылы шешімін табуға мүмкіндік береді.
Басшы «қатаң» амалды қолдану арқылы текетіресті тоқтатқанда мынаны жадынан шығармауы керек,ол осы әрекетімен өз қолымен,өз ісімен көсемдердің бірігуіне,яғни, «қастандық» немесе «жағдайға байланысты оппозицияға» объективтік психологиялық алғышарт жасайды. Бұл дегеніңіз,сайып келгенде, аталған жағдайдың ең ауыр салдары болып табылады.
Оның не орын алатын,не орын алмайтынын әрбір нақты жағдайға байланысты тамыршыдай тап басып айту өте қиын. Сондықтан,біздің ұсынарымыз «қатаң» амалды тек шетін жағдайда ғана,басқа жол қалмағанда ғана қолданған ләзім.
Кейбір басшылар «қатаң» амалды қолданып текетіресті шешудің мүмкін болатын кері салдары бар екенін біле тұра немесе еш көңіл аудармай одан қашады не болмаса,текетіреске араласпауға тырысады,тіпті болмаған жағдайда мәселенің байыбын одан сайын қиындатып,күш қолданып, шешуге барын салады. Бірақта,барлық жағдайда қалыптасқан жағдай одан қай кезде басқарушылық шешім мен басқарушылық әрекетті талап еткенде оның таңдауы,ең құрығанда,мәселенің байыбына барып қабыландануы керек. Кез келген жағдайда егер мүдір шын мәнісінде жағдайды тиімді басқарғысы келсе,өзім білемділікке салынуға құқы жоқ,өзінің қалауымен емес,жағдайдың аңысымен әрекет етуге тиісті. Ол конфликтіні басқарудың объективті психологиялық заңдылығына сүйенбей еш тірлік ете алмайды,тіпті өзінің мінез-құлық ауанына да қарамай,ол ең ізгі ниетті негізде болса да.
Бұл арада ең игі ниеттің өзі жаулық көрінуі де мүмкін.
Қолды қалтаға салып қарап тұру мен дөкір әрекеттер отқа май құя түскені болмаса,еш жақсылық әкелмейді. Екі жағдайда да текетірес бірінші жол бойынша өрбіп,өрістейді. Бұндай жағдайда келеңсіз салдарлардан қашып құтыла алмаймыз. Егер басшы «жұмсақ» немесе тіптен «қатаң» амалды қолданса да кесірлі салдардың сақталып қалу мүмкіндігі еш жойылмайды.
Осылайша басшыға екі оттың( енжарлық пен қатаңдықтың) бірін таңдау дегеніміз-екі жеңілістің (қашып құтылмайтын және мүмкін болатын) біріне бейіл таныту. Бұл жағдайда сіз өз қолайыңызға жаққанына тоқталу таңдауын жасайсыз.
Текетірес отандық педагогика ғылымында аз сөз етіліп келеді. Қазіргі үш-төрт тілді еркін меңгерген басшылар үшін оқып шығып,ғибрат алатын еңбек Н.Н.Вересовтың «Формула противостояния или как устранит в колликтиве» деген кітабы.
Достарыңызбен бөлісу: |