Химия лаб раб


Химиялық лабораторияда өртке қарсы жасалатын алғашқы көмек



бет3/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc

2. Химиялық лабораторияда өртке қарсы жасалатын алғашқы көмек

  1. Жеңіл балқитын, жанғыш ұшқыш химиялық реактивтермен жұмыс жасаған кезде өртке қарсы ережелерді міндетті түрде сақтау қажет.

  2. Лабораторияның кіретін және шығатын есіктері барлық уақытта бос болуы қажет.

  3. Сығылған газ жиналған балондар арнаулы тіреуішке қамытпен бекітіліп, белгілі бір жерде сақталады.

  4. Химиялық реактивтер жиналған складта отпен ашық түрде жұмыс жасауға болмайды.

  5. Егер өртке қауіпті зат сақталған бутылка немесе шыны ыдыс сынып қалса, онда сынықтарды жинамас бұрын ағып жатқан сұйықтың үстін топырақпен көму керек. Содан соң шыны сынықтарын сақтықпен жинап, сұйық сіңген топырақты ағаш күрекпен күреп тастау керек.

  6. Мұнай өнімдерімен ластанған киіммен пештің, ашық түрде жанып тұрған оттың қасына баруға болмайды.

  7. Зертханада өрт болған жағдайда оны тез арада еш қорықпай, үрейленбей электр қондырғыларын электр көздерінен, газдан ажыратады және барлық ауа келетін жерлерді есік, терезелерді ауа келмейтіндей етіп бітейді. Содан соң өрт сөндіргіш немесе құм және от алмайтын зат сіңірілген арнайы маталарды қолданады.

  8. Мұнай өнімдерінен шыққан өртті сөндіру үшін оған су құюға болмайды. Себебі олар суда ерімейді, оның бетінде жылжи жайылып, өрт көлемін ұлғайтады.

  9. Егер қайнап тұрған ерітінді стол немесе еденге төгілсе, оның үстіне құм себу керек. Лабораторияда өрт сөндіруші заттар ыңғайлы, оңай жерде тұру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет