Негіздерді алу
Тәжірибе 5. Пробиркаға 2-3 мл алюминий хлориді ерітіндісін құйыңыз, оның үстіне натрий гидроксидінің 1-2 мл ерітіндісін қосыңыз. Қандай зат тұнбаға түседі? Тұнбаны екі пробиркаға бөліп, бірінші пробиркаға сондай көлем NaOH, екіншісіне де сондай көлем H2SO4 құйыңыз. Екі пробиркадағы тұнбалардың еріп кететіндігіне назар аударыңыз. Реакциялардың теңдеуін жазыңыз.
Тәжірибе 6. Пробиркаға шпательдің ұшымен магний оксидінің ұнтағын салып, үстіне 2 мл су құйыңыз. Пробиркадағы заттарды араластырыңыз. Пайда болған ерітіндінің үстіне 1 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |